Қоғам • 11 Маусым, 2020
Тұрақты тілдік ахуал қалыптасты
Өткен жылы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы өз мәресіне жеткені мәлім. Бұл бағытта Ақтөбе аймағында да сан қырлы жүйелі жұмыстар жүргізілді. Соған сәйкес қазіргі күні өңірде тұрақты тілдік ахуал қалыптасып отыр. Жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша облыстағы мемлекеттік тілді әр түрлі деңгейде меңгерген ересек тұрғындар үлесі 94 пайызға жетіп, бағдарлама қабылданған 2011 жылмен салыстырғанда 13 пайызға өсті. Бұл облыс тұрғындарының жылдан-жылға тілдік біліктерінің артуының дәлелі.
Экология • 11 Маусым, 2020
Жаңа кодекс – экологиялық қауіпсіздік кепілі
Қазіргі таңда экологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің бөлінбес бөлшегі. 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған ел Конституциясының 31-бабында «Мемлекет адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы жағдай туғызатын қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді» деп тайға таңба басқандай айқын көрсетілген.
Аймақтар • 08 Маусым, 2020
Мұның алдындағы жылдарда Ақтөбе қаласында жергілікті атқарушы билік өкілдері тарапынан: Биылғы көктемде пәленбай мың түп тал егілді деген сыңайдағы баяғы кеңестік кезеңдегі секілді лепірме сөздер мен ұрандар жиі естілетін. Әйтсе де кейін сол ағаштардың жәй-күйі қандай болғандығы жөніндегі ақпараттар мүлдем айтылмайтын. Балапанды күзде санайтыны секілді отырғызылған көшеттердің саны қурап қалмай, бой жазып өскен ағаштардың санымен өлшенсе, әлдеқайда әділетті болар ма еді?
Аймақтар • 08 Маусым, 2020
Шәмші ауылы жылдан жылға көркейіп келеді
Берекесі мен бірлігі жарасқан Шәмші ауылында болып па едіңіз? Оның еселі еңбекке жұмған жұдырықтай жұмылған еңбекқор тұрғындарын көріп пе едіңіз? Оған аяқ басқан адамдардың бірі ретінде айтарымыз – мұнда бірлік пен тату тәтті тірлік және бұл топырақты мекен еткендердің бір-біріне деген құрметі мен сыйластығы бар. Өзара ынтымақ қалыптасқан жерде ырыс та, табыс та мол болмақ. Шәмші ауылы міне, осындай табысы тасыған рухы жоғары, еңсесі биік ауылдардың қатарынан ойып тұрып орын алады десек шындықтан алшақ кетпейміз.
Аймақтар • 03 Маусым, 2020
Ақтөбеде мектеп түлектеріне Қ.Жұбанов атындағы білім гранты табысталды
Ақтөбеде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға онлайн режимде сертификат тапсыру рәсімі өтті, оған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков, Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева, Ақтөбе колледждерінің директорлары және мектеп түлектері қатысты.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2020
Тұтастай елімізде covid-19 індеті шарықтау шегіне жеткенімен, кейбір өңірлерде карантин тәртібінің сақталуы және блок-бекеттердің алынбауы –адамдардың дала төскейіне шығып, көкірек-сарайларын ашуына кедергі келтірді. Солай бола тұрса да өткен мамыр айының аяғында арнайы рұқсат қағазбен Самара-Шымкент халықаралық тас жолы арқылы Ақтөбеден Оралға дейін автокөлікпен жүріп өтудің сәті түсті.
Қоғам • 28 Мамыр, 2020
Жұмыс орнын көп ашқан әкім қызметінде қалады
Елімізде бұдан 11 жыл бұрын, яғни 2009 жылдары болған қаржылық дағдарыс кезінде ең алғаш рет қабылданған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы оң нәтиже бергенін іс басында жүрген азаматтар жиі айтып жүр.
Руханият • 27 Мамыр, 2020
Шәмші ғұмырының беймәлім беттері
2017 жылдың қаңтар айында қызмет бабы бойынша Оралдан Ақтөбеге ауысып келгенімде бұл өңірде есімі ел есінде жатталып қалған қайталанбас композитор Шәмші Қалдаяқовқа деген құрметінің ерекше екенін байқадым. Әсіресе ақтөбеліктердің ұлы өнер иесіне деген қошеметін сөзбен емес, тиянақты тындырылған іспен шегелеп тастағаны тәнті етпей қоймады.
Экология • 27 Мамыр, 2020
Ақтөбе секілді жыл сайын өсіп-өркендеп келе жатқан қаланың бір кемшін тұсы бар. Бұл тал-теректердің аздығы, барының өзі көкке бой созып өсе алмауы. Ағаш – қаланың өкпесі, оның тынысын кеңейтетін ағзасы. Салыстырмалы түрде қарастырғанда Ақтөбе қаласының экологиялық жағдайы төмен десек шындықтан алшақ кетпейміз.
Қоғам • 26 Мамыр, 2020
Экологиялық қауіпсіздік кепілі - жаңа кодекс
Қазіргі таңда экологиялық қауіпсіздік тұтастай ұлттық қауіпсіздіктің басты бір бөлінбес бөлшегі болып табылады. Осы орайда 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында «Мемлекет адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы жағдай туғызатын қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді» деп тайға таңба басқандай айқын көрсетілген.