Темір ҚҰСАЙЫН
Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
423 материал табылды

Аймақтар • 08 Шілде, 2020

Қаулы орындалуымен құнды

Ақтөбе облысында қатаң шектеу және карантиндік шаралар енгізілді. Қаулыға облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева қол қойды. Мұндай құжат биыл көктемнің алғашқы айында да қабылданғаны белгілі. Дегенмен КВИ-дің таралуын болдырмау жөніндегі алғашқы қаулымен салыстыра қарағанда соңғысының салмағы әжептәуір ауыр, жауапкершілігі барынша жоғары.

Қаржы • 07 Шілде, 2020

Тиімсіз жұмсалған қаражат көлемі көп

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы әр жыл сайын бюджеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде бюджет қаражаттарының пайдаланылуына жүйелі тексерулер жүргізіп келеді. Осы тұрғыда өткен жылы аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы сомасы 253 миллиард 206 миллион тенге құраған. Аталған аралықта анықталған бұзушылықтардың көлемі 24 миллиард 594 миллион тенгеден асып түседі. Мұның ішінде қаржылық операциялардың бұзылу көріністері көзге бірден бой ұрады. Сонымен бірге бюджет қаражаттарын тиімсіз түрде жоспарлау мен пайдалануға жол берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 06 Шілде, 2020

Қаулы орындалуымен құнды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде эпидемиялық жағдайды тұрақтандыру жөнінде атқарушы органдардың алдына қойған талаптарын орынау үшін Ақтөбе обылсы аумағында қатаң шектеу және карантиндік шаралар енгізілді. Бұл жөніндегі қаулыға Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева қол қойған. Мұндай құжат биылғы 2020 жылдың көктемінің алғашқы айында да қабылданғаны белгілі. Дегенмен КВИ-дың таралуын болдырмау жөніндегі алғашқы қаулымен салыстыра қарағанда соңғысының салмағы мен жүгі әжептәуір ауыр, жауапкершілігі барынша жоғары екенін айтуға тиіспіз.

Аймақтар • 05 Шілде, 2020

Дорбаласа дәрі тапшылығы жойылмайды

Еліміздің барлық өңірлерінде коронавирус инфекциясына қоса пневмония дертіне шалдыққандар қатары астрономиялық сипатта күрт өсуі, осы дерт бойынша адам өлімінің жиі тіркелуі тұрғындар тарапынан дәрі-дәрмектерге деген бұрын-соңды болып көрмеген жойқын сұранысты туғызды. Инфекционист дәрігер-мамандар кви мен пневмонияның түп-төркіні бір екенін, екеуі де қос өкпеден алып жығатынын мәлімдеп отыр. Осындай себептерден орын алатын антибиотиктер мен препараттар тапшылығы Ақтөбе өңірінде де байқалады. Фармацевтика саласы мамандары мен жетекшілерінің мәлімдеуіне қарағанда індеттен сақтану мен қорғануға қажетті дәрі-дәрмектеруақытында жеткізілуде. Әрі бірден қабылданып, дәріханалар сөрелеріне шығарылып, дереу сатылуда. Әйтсе де оның бәрі қас пен көздің арасында тез өтіп, кетуде дейді олар, - деп жазады Egemen.kz

Оқиға • 03 Шілде, 2020

Нәзира

Біз сонау жетпісінші жылдардың екінші жартысында Қазақ мемлекеттік универ­ситетінің журналистика факультетіне оқуға түскен кезде алғашқы танысқан пәннің бірі «Журналистикаға кіріспе» деп аталатын. Оны қазақ журналистика теория­сының негізін қалау­шылардың бірі, тіпті бірі емес-ау, бірегейі, профессор Тауман Амандосов жүргізді.

Коронавирус • 01 Шілде, 2020

Дәрігерге жүктеме көбейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткізген коронавирус індетінің таралуына қарсы арнайы кеңесте өңірлердегі ауруханаларда науқастар жататын орынға, медицина қызметкерлеріне және дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарға тапшылық айқын сезіліп отырғаны қатаң сынға алынды.

Аймақтар • 30 Маусым, 2020

Коммуналдық меншік қақпақыл қылуды көтермейді

Бүгінгі күні коммуналдық меншікті есепке алу және оны тиімді түрде басқару ісі жергілікті атқарушы орындардан үлкен жауапкершілік пен шынайы жанашырлықты талап етеді. Өйткені бұл мәселе қақпақыл қылуды көтермейді. Осы істің бұған дейінгі жай-күйіне Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы тарапынан аудиторлық тексерулер жасалған кезде бірқатар былық-шылықтардың беті ашылды, - деп жазады Egemen.kz

Қоғам • 26 Маусым, 2020

70 млн-нан астам теңге желге ұшты

Мұның алдындағы жылдарда Ақтөбе қаласында жергілікті атқарушы билік өкілдері тарапынан: биылғы көктемде пәленбай мың түп тал егілді деген сыңайдағы баяғы кеңестік кезеңдегі секілді мәліметтер жиі естілетін. Әйтсе де кейін сол ағаштардың жай күйі қандай болғаны жөніндегі ақпараттар мүлдем айтылмайтын. Балапанды күзде санайтыны секілді отырғызылған көшеттердің саны қурап қалмай, бой жазып өскен ағаштардың санымен өлшенсе, әлдеқайда әділетті болар ма еді?

Экология • 19 Маусым, 2020

Өзендер арнасы қашан кеңейтіледі?

2017 жылдың көктемінде Ақтөбе қаласының іргесін су басып, жүздеген тұрғынның бас­панасы тұруға жарамсыз болып қалды. Кейіннен бұл оқиғаға қала төңірегіндегі өзен арналарының тарылып, бітеліп қалғаны және өңірдегі Ақтөбе мен Қарғалы секілді ірі суқойманы жабдықтау ісінде кәсіби тұрғыдан нақты гидроинженерлік шешімдер қабылданбағаны себеп болғаны анықталды.

Саясат • 18 Маусым, 2020

Түп-төркінінде елдік мүдде тұр

Төрткүл дүниені түгелдей дерлік жайлаған COVID-19 індеті қанша жерден алқымнан алғанымен әлемдік және елдік даму үдерісіндегі жаңғыруларға тұсау сала алмайтыны белгілі болып отыр. Қазіргі күнге дейін оның алдыңғы қатарында әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы өрелі өзгерістер тұрған болса, соңғы уақытта бұған қоса саяси-қоғамдық сипаттағы бетбұрыстар да көзге айқын көрінуде.