Аймақтар • 06 Мамыр, 2020
Бүгінде COVID-19-дың салдарынан көптеген ірі кәсіпорынның қызметі тоқтап, оның өнім өндіру көлемі кеміп кетті. Алайда бұл жағдайдың еліміздің ірі өнеркәсіптік орталығы – Ақтөбеге қатысы жоғын сеніммен айта аламыз. Өйткені облыстағы барлық кәсіпорын мен зауыт санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, жұмыс қарқынын төмендетпеді.
Қоғам • 06 Мамыр, 2020
Ақтөбе қаласында бұдан екі жыл бұрын «Анаға тағзым» атты арнайы орталық құрылып, сәні мен сәулеті келіскен сыңғырлаған су жаңа ғимаратқа орналасты.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Фермаларда кадрдың қадірі артып тұр
Кеңестік кезеңде арнаулы және жоғары оқу орындарын бітірген ауылшаруашылық мамандары салалық құрылымдарға жолдама бойынша жіберілетін. Сондықтан да социалистік жүйе бойынша құрылған совхоздар мен колхоздар зоотехник-селекционер, ветеринар, агроном, инженер-механик секілді мамандардан аса бір зәрулік көре қоймайтын.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2020
65 тәулікке жоспарланған жоба 54 тәулікте аяқталды
Елдегі төтенше жағдай езінде «КазХром» мекемесінің мамандары қысқа мерзімде №4 балқыту цехының №43 пешіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп шықты. Бұл жағымды жәйт ферро хром өндіру ісінде жоғары көрсеткіштерге жетуге ықпал етпек. Маңызды жобаны алғашқыда Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мердігер компанияларға жүктеу белгіленген екен. Алайда Covid-19 пандемиясына байланысты мердігер компания жұмысты бастай алмайтындығын мәлімдеген.
Қоғам • 04 Мамыр, 2020
Адам зейнет жасына жақындаған кезде өткен өмір жолына бір бұрылып қарап, ұмытылмас оқиғаларды тағы бір ой елегінен өткізуге көңілі ауып тұрады екен.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2020
Біз қандай қиын кезеңде де қиналғанға қол ұшын соза білген, сүрінгенді демеген, жылағанды жұбатқан халықпыз. Елге де, ерге де үлкен сын болып, GOVID-19-дың бет қаратпас дүлей дауылы соғып тұрған сәтте ата-бабаларымыздан ауысқан осы қасиетіміз бүгінгі қоғам мүшелеріне де сіңісті болғанына көзіміз жетіп отыр. Осы орайда төтенше жағдай кезінде халықтың осал топтарын қолдау мемлекеттің басты міндеті деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі ел-жұрттың сенімін күшейтті.
Тарих • 01 Мамыр, 2020
Тарихта Екінші дүниежүзілік соғыс деп аталған кезеңнен кейін өмір сүріп, еңбек еткен КСРО тұрғындары арасында бір-бірімен хат жазысып, амандық-саулықтарын хат жолдау арқылы жеткізу кең үрдіс алғаны белгілі. Ал төрт жылға созылған шайқастар арасында қан майданның ортасынан жауынгерлердің елге жолдаған хаттары үш бұрышты болғанын бүгінде екінің бірі біле бермеуі де мүмкін.
Қоғам • 30 Сәуір, 2020
Балабақшалар саны көбейді, сапасы ше?
Қазіргі кезде еліміздің қалаларында да, ауылдарында да балабақшалардың саны көбейгені, соның нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбие-білім беру нысандарымен қамтылу көрсеткіші 90-95, тіпті кейбір жекелеген өңірлерде 100 пайызға дейін жеткені үлкен жетістік ретінде айтылып жүр.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
О.Оразалин «Қазхром» ТҰК» № 4 балқыту цехындағы пешті қыздыру рәсімін бастап берді
29 сәуір, сәрсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе ферроқорытпа зауытында болып, балқыту цехындағы пешті қыздыру рәсімін бастап берді. Айтып өтейік, елдегі ТЖ кезінде «Қазхром» мамандары қысқа мерзімде № 4 балқыту цехының №43 пешіне жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп шықты. Бұл феррохром өндіруде көңіл қуантарлық көрсеткіштерге жетуге сеп болмақ.
Қазақстан • 29 Сәуір, 2020
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуымен, жергілікті маңызы бар жолдардың құрылыс барысымен танысты.