Қоғам • 27 Сәуір, 2020
Жазасын өтеушілерде де жүрек болады
Сотталған, жазасын түзеу мекемелерінде өтеп жүрген жандардың адами қадір-қасиетіне қоғамның өзге мүшелері тарапынан күмән келтіріліп қалатын жәйттер өмірде ұшырасып тұрады. Расында да солай ма? Бұл тым бір жақты тұжырым секілді. Бұған Қылмыстық атқару жүйесі департаментінен алынған ақпарат айқын айғақ бола алады. Яғни, Ақтөбедегі КА-168/1 еңбекпен түзеу мекемесінде жазасын өтеуші өзінің жалақысын мүгедек балаларға беру жөнінде шешім алған.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Ақтөбедегі су қоры тапшылығы реттеледі
Өткен қыс айларында Ақтөбе аймағында қар аз түсті. Әрі өткен күз айларында жаңбыр да аз жауды. Соның салдарынан топырақ қабаттарына тоң да жиылмады.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Ауыл шаруашылығы көліктері «сергек» базасына енгізілді
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтанса, сәуірдің 20-нан кейін аудандарда көктемгі егіс басталып, қаладағы ірі сауда орындары, кәсіпорындар, базарлар біртіндеп ашыла береді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай тікелей эфирде хабарлады.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2020
«Батырлар тек соғыста ғана танылады» деген бекер... Батырлық – тек атойлап атқа мініп, жауға шабу емес. Бейбіт заманда да ерліктің білекте емес, жүректе екенін өмірде орын алған оқыс оқиғаларда қара басын қатерге тігіп, адамды ажал аузынан арашалап қалған қаһармандар дәлелдеп жүр. Бейбіт заманда да небір ерлік жасалады. Өмір мен өлім қатар келген қас-қағым сәтте әрбір адамның бойында болатын қорқынышты жеңіп, жанкешті әрекеттерге барған талай ержүрек азамат бар қазақта. Олардың ерлігі – елге мұра, ұрпаққа – үлгі...
Руханият • 23 Сәуір, 2020
Қаржы мен жан шуағын қатар сыйлады
Жыл ішіндегі айлардың сұлтаны атанған қасиетті Рамазан айы қарсаңында Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің жамағаты сауабы мол іс-шараға ұйытқы бола білді. Сөйтіп «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы аясында 99 мүгедек балаға қомақты қоржындар таратылды. Азық-түліктің 22 түрі салынған сыйлықтың жалпы сомасы 2 000 000 теңгені құрайды.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2020
Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру онлайн-режимде өтуде
Еліміздегі төтенше жағдай кезеңінің енгізілгенін ескере отырып, Мемлекеттік басқару академиясының филиалы онлайн-оқыту режиміне көшті.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2020
Еліміздің өндірістік орталықтарының бірі Ақтөбеде шағын және орташа бизнес субъектілерінің облыс экономикасының дамуына қосқан үлесі 22-23 пайыз төңірегінде. Бұл өндірісі дамыған өңір үшін төмен көрсеткіш емес.
Экономика • 20 Сәуір, 2020
Ел экономикасындағы локомотивтің бірі
Соңғы жылдары Ақтөбе облысының даму қарқыны тұрақты түрде сақталып, экономикалық өсім 5 пайыздық көрсеткішті құрап келеді. Қандай мәселенің де артықшылығы мен олқылығы салыстырмалы түрде айқындалады. Осы тұрғыдан 5 пайыздық экономикалық өсім дегеніміз – республикалық орташа деңгейден жоғары, ал ел өңірлері арасында алдыңғы қатарлы көрсеткіш. Яғни, облысқа келген сапары кезінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ақтөбе – ел экономикасын алға тарта алатын локомотивтің бірінің рөлін атқара алады» деген сөзі тектен-тек айтылмағанына көз жеткізе түсеміз.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2020
Мұнай мен газ секілді стратегиялық шикізат көздерін игеруден түсетін табыс тұрақты емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Бұл ретте Тұңғыш Президент –Елбасы Н.Ә.Назарбаев белгілеп берген қос бағдарламалық бағыттың өміршеңдігі әлемдік рынокта мұнай бағасы құлдырап кеткен қазіргі күрделі кезеңде айқын көрінуде. Яғни мұның біріншісі елімізде индустриялық-инновациялық даму бағытын өркендету болса, екіншісі шағын және орташа бизнестің ірге көтеруіне жол ашу екендігі айтпаса да түсінікті.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2020
Егіс салудың оңтайлы тактикасы белгіленді
Ақтөбе аймағында көктемгі егіс жұмыстары таяу күндерде басталады деп күтілуде. биыл өңірде 788 мың гектар алқапта егістік егіледі деп белгіленген. Бұл еліміздің батыс бөлігіндегі облыстар арасындағы ең көлемдісі екенін айтқанымыз жөн.