Руханият • 23 Сәуір, 2020

Қаржы мен жан шуағын қатар сыйлады

162 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жыл ішіндегі айлардың сұлтаны атанған қасиетті Рамазан айы қарсаңында Ақтөбе облыстық мәслихатының депутат­тары мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің жама­ғаты сауабы мол іс-шараға ұйытқы бола білді. Сөйтіп «Біз бір­геміз!» қайырымдылық акциясы аясында 99 мүгедек балаға қомақты қоржындар таратылды. Азық-түліктің 22 түрі са­лынған сыйлықтың жалпы сомасы 2 000 000 теңгені құрайды.

Қаржы мен жан шуағын қатар сыйлады

Осы арқылы облыстық мәс­лихат депутаттары мүгедек балаларды қорғай білуді дәстүрге айналдырып келеді десе де болады. Өйткені олар бұған дейін де бірнеше рет қайырымдылық шарасын өткізуге бастамашы болған-ды. Ал бұл жолы олар көңілдері орта жеткіншектерге көмектесу үшін әрқайсысы 200 мың теңгеден қаражат жинапты.

– Ата-бабаларымыз Рамазан айында жоқ-жітік, мұқтаж жан­дарға көбірек көңіл бөліп, қолдау көрсетуді жөн санаған екен. Қасиетті Ислам дінінде Алла тағаланың 99 есімі бар екені айтылған ғой. Бұл тектен-тек болмаса керек. Сондықтан да біз соған сәйкес 99 мүгедек балаға қайырымдылық жасау жөнінде ортақ шешімге келдік, – деді бұл жөнінде Ақтөбе облыс­тық мәслихатының депутаты Ға­лымжан Елеуов.

Сондай-ақ оның әріпте­сі Сер­гей Вишняктың тұжырым­дау­ын­ша, мүмкіндігі бар адам мұқ­таж жандарға шын ниетімен көмек берсе, бұдан өзі де шексіз ләз­зат алып, көңілі жайланады. Мұндай кезде олардың алғы­сы мен ризашылығын алудың өзі бір мерей. Осындай қайы­рым­дылық шарасының ортасын­да болғаным үшін де өзімді ба­қыт­ты бір сәтті бас­тан кешкендей риясыз бір күй кештім деді ол бұдан әрі.

Мәслихат депутаттарының осынау жүрекжарды лебіздері олардың қоржынға қоса жан шуағын қоса сыйлағанының белгісі деп білеміз.

 

Ақтөбе

 

Соңғы жаңалықтар

Кесар тілігінің зардабы қандай?

Медицина • Бүгін, 18:34