Темір ҚҰСАЙЫН
Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
392 материал табылды

Аймақтар • 05 Шілде, 2020

Дорбаласа дәрі тапшылығы жойылмайды

Еліміздің барлық өңірлерінде коронавирус инфекциясына қоса пневмония дертіне шалдыққандар қатары астрономиялық сипатта күрт өсуі, осы дерт бойынша адам өлімінің жиі тіркелуі тұрғындар тарапынан дәрі-дәрмектерге деген бұрын-соңды болып көрмеген жойқын сұранысты туғызды. Инфекционист дәрігер-мамандар кви мен пневмонияның түп-төркіні бір екенін, екеуі де қос өкпеден алып жығатынын мәлімдеп отыр. Осындай себептерден орын алатын антибиотиктер мен препараттар тапшылығы Ақтөбе өңірінде де байқалады. Фармацевтика саласы мамандары мен жетекшілерінің мәлімдеуіне қарағанда індеттен сақтану мен қорғануға қажетті дәрі-дәрмектеруақытында жеткізілуде. Әрі бірден қабылданып, дәріханалар сөрелеріне шығарылып, дереу сатылуда. Әйтсе де оның бәрі қас пен көздің арасында тез өтіп, кетуде дейді олар, - деп жазады Egemen.kz

Оқиға • 03 Шілде, 2020

Нәзира

Біз сонау жетпісінші жылдардың екінші жартысында Қазақ мемлекеттік универ­ситетінің журналистика факультетіне оқуға түскен кезде алғашқы танысқан пәннің бірі «Журналистикаға кіріспе» деп аталатын. Оны қазақ журналистика теория­сының негізін қалау­шылардың бірі, тіпті бірі емес-ау, бірегейі, профессор Тауман Амандосов жүргізді.

Коронавирус • 01 Шілде, 2020

Дәрігерге жүктеме көбейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткізген коронавирус індетінің таралуына қарсы арнайы кеңесте өңірлердегі ауруханаларда науқастар жататын орынға, медицина қызметкерлеріне және дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарға тапшылық айқын сезіліп отырғаны қатаң сынға алынды.

Аймақтар • 30 Маусым, 2020

Коммуналдық меншік қақпақыл қылуды көтермейді

Бүгінгі күні коммуналдық меншікті есепке алу және оны тиімді түрде басқару ісі жергілікті атқарушы орындардан үлкен жауапкершілік пен шынайы жанашырлықты талап етеді. Өйткені бұл мәселе қақпақыл қылуды көтермейді. Осы істің бұған дейінгі жай-күйіне Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы тарапынан аудиторлық тексерулер жасалған кезде бірқатар былық-шылықтардың беті ашылды, - деп жазады Egemen.kz

Қоғам • 26 Маусым, 2020

70 млн-нан астам теңге желге ұшты

Мұның алдындағы жылдарда Ақтөбе қаласында жергілікті атқарушы билік өкілдері тарапынан: биылғы көктемде пәленбай мың түп тал егілді деген сыңайдағы баяғы кеңестік кезеңдегі секілді мәліметтер жиі естілетін. Әйтсе де кейін сол ағаштардың жай күйі қандай болғаны жөніндегі ақпараттар мүлдем айтылмайтын. Балапанды күзде санайтыны секілді отырғызылған көшеттердің саны қурап қалмай, бой жазып өскен ағаштардың санымен өлшенсе, әлдеқайда әділетті болар ма еді?

Экология • 19 Маусым, 2020

Өзендер арнасы қашан кеңейтіледі?

2017 жылдың көктемінде Ақтөбе қаласының іргесін су басып, жүздеген тұрғынның бас­панасы тұруға жарамсыз болып қалды. Кейіннен бұл оқиғаға қала төңірегіндегі өзен арналарының тарылып, бітеліп қалғаны және өңірдегі Ақтөбе мен Қарғалы секілді ірі суқойманы жабдықтау ісінде кәсіби тұрғыдан нақты гидроинженерлік шешімдер қабылданбағаны себеп болғаны анықталды.

Саясат • 18 Маусым, 2020

Түп-төркінінде елдік мүдде тұр

Төрткүл дүниені түгелдей дерлік жайлаған COVID-19 індеті қанша жерден алқымнан алғанымен әлемдік және елдік даму үдерісіндегі жаңғыруларға тұсау сала алмайтыны белгілі болып отыр. Қазіргі күнге дейін оның алдыңғы қатарында әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы өрелі өзгерістер тұрған болса, соңғы уақытта бұған қоса саяси-қоғамдық сипаттағы бетбұрыстар да көзге айқын көрінуде.

Қоғам • 11 Маусым, 2020

Тұрақты тілдік ахуал қалыптасты

Өткен жылы «Тілдерді қолдану мен дамы­ту­дың 2011-2019 жылдарға арналған мем­ле­кеттік бағдарламасы өз мәресіне жеткені мәлім. Бұл бағытта Ақтөбе айма­ғын­да да сан қырлы жүйелі жұмыстар жүр­гізілді. Соған сәйкес қазіргі күні өңірде тұрақты тілдік ахуал қалыптасып отыр. Жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша облыстағы мемлекеттік тілді әр түрлі деңгейде меңгерген ересек тұрғындар үлесі 94 пайызға жетіп, бағдарлама қабылданған 2011 жылмен салыстырғанда 13 пайызға өсті. Бұл облыс тұрғындарының жылдан-жылға тілдік біліктерінің артуының дәлелі.

Экология • 11 Маусым, 2020

Жаңа кодекс – экологиялық қауіпсіздік кепілі

Қазіргі таңда экологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің бөлінбес бөлшегі. 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған ел Конституциясының 31-бабында «Мемлекет адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы жағдай туғызатын қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді» деп тайға таңба басқандай айқын көрсетілген.

Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Жетпіс миллион желге ұшты

Мұның алдындағы жылдарда Ақтөбе қаласында жергілікті атқарушы билік өкілдері тарапынан: Биылғы көктемде пәленбай мың түп тал егілді деген сыңайдағы баяғы кеңестік кезеңдегі секілді лепірме сөздер мен ұрандар жиі естілетін. Әйтсе де кейін сол ағаштардың жәй-күйі қандай болғандығы жөніндегі ақпараттар мүлдем айтылмайтын. Балапанды күзде санайтыны секілді отырғызылған көшеттердің саны қурап қалмай, бой жазып өскен ағаштардың санымен өлшенсе, әлдеқайда әділетті болар ма еді?