Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
335 материал табылды

Аймақтар • 23 Сәуір, 2019

Ел тағдырына әсер етеді

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде кезектен тыс Президент сайлауын өткізудің мәні мен маңызына арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Сайлау • 22 Сәуір, 2019

Съезде белгілі болады

Биылғы 2019 жылдың 13 сәуірі күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс пленумы өткізілді. Осы пленумда ақжолдықтар Қазақстан президенттігіне өз үміткерін ұсыну үшін партия­ның барлық облыстық филиалдарында конференциялар өткізу туралы шешім қабылдағаны тиісті ақпарат көздері арқылы белгілі болып отыр.

Экономика • 18 Сәуір, 2019

Африка жайыны Ақтөбеде өсіріледі

Шетелдік тәжірибеде бекіре балықты тұйықталған су жүйесі арқылы өсіру технологиясы жақсы нәтиже бергені белгілі. Қазіргі таңда жайынды да солай өсіруге болатыны дәлелденген. Ақтөбедегі «Мұрагер» ЖШС осы мүмкіндікті пайдаланып жайын өсіруге бел буған еді. Бүгінде елімізде баламасы жоқ жоба жеміс беруде.

Руханият • 15 Сәуір, 2019

«Бала дауысы» байқауының ақтық кезеңінде Ақтөбе облысының атынан өнер көрсететін өнерпаз анықталды

Ақтөбе қаласында «Бала дауысы-2019» жобасының шығармашылық тобы Ұлттық балалар ән байқауының іріктеу кезеңін өткізді.

Аймақтар • 13 Сәуір, 2019

Ақтөбе облысының атынан Әнел Сүлейменова өнер көрсетеді

Ақтөбеде өткен жылы пайдалануға берілген, сыртқы сәулеті мен ішкі келбеті келісім тапқан шығармашылық академия өңірдегі өнерге бейімі бар балдырғандардың тұсауын кесетін орталыққа айналып келеді. Осы орайда «Бала дауысы» байқауының облыстағы іріктеу кезеңінің осы ғимаратта өткізілгені оң әрі сәтті шешім болғаны анық.

12 Сәуір, 2019

Облыс әкімі Ақтөбеде көп қабатты үйден шыққан өртке қатысты шұғыл жиын өткізді

Бейсенбі, 11 сәуір күні Әбілқайыр хан даңғылындағы көп қабатты үйден шыққан өртке байланысты Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин шұғыл жиын өткізді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары, ТЖД бастығы, қала әкімі және жауапты органдар басшылары қатысты.

Аймақтар • 09 Сәуір, 2019

Ағылшын тілін үйренуге грант бөлінді

Өңірде «Ағылшын тілі – медицина қызметкерлері үшін» жобасы өз жұмысын бастады.

Аймақтар • 09 Сәуір, 2019

Грант құны – 98 миллион теңге

С.Бәйішев атындағы ғылыми-техникалық бағытта мамандар әзірлейтін Ақтөбе университеті 1996 жылы құрылған. 20 жылдан астам уақыттың ішінде аталған университет 5 мыңнан астам студент оқитын іргелі оқу орнына айналды. Мұнда елімізден ғана емес, сонымен бірге Өзбекстан мен Ираннан келіп оқып жүрген жастар да бар.

Аймақтар • 03 Сәуір, 2019

Тасқыннан қорғану жолы –талды кесу ме?

Ақтөбе қаласы мен оның маңайында ағаштар мен тал-теректердің көкке бой созып, биіктеп өсе алмайтыны жөнінде талдау мақала жазғанымыз бар. Мамандардың мәлімдеуінше мұның басты себебі –топырақ қабаттарының өзгерістері мен құнарсыздығында. Оның құрамында талдардың таралып өсуіне қажетті компаненттердің жеткіліксіздігінде. Дегенмен бұл жайттың өзі өңір аумағында биік бәйтеректер мүлдем өспейді деген ұғымды білдірмейді. Әсіресе Ақтөбе қаласы тұсынан ағатын Елек пен Қарғалы өзендері жағалауына жақындай қалсаңыз зәулім ағаштарға көзіңіз еріксіз сүрінеді. Тал өссе –жердің көркі деген осы да.

Аймақтар • 03 Сәуір, 2019

«МНСК Синопэк Қазақстан» ЖШС жұмысшыларының жалақысы 15-20% артады

Мұндай келісім компания басшылығы мен жұмысшыларымен өткен әңгімелесуде мәлім болған. Естеріңізге салайық, сәуірдің 1-күні «МНСК Синопэк Қазақстан» жұмысшылары жұмысқа шығудан бас тартып, кәсіпорын кеңсесінің алдына жиналған еді. Олар жалақының көтерілуін талап етті.