Темір ҚҰСАЙЫН
Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
392 материал табылды

Руханият • 25 Шілде, 2019

Қаралы дастарқан қайысып тұр...

«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» деп Абай атамыз басына қайғы түскен отбасының ауыр хал-күйін қалай дөп басып айтқан десеңізші?! Сөз жоқ, өмірден өткен адамды соңғы сапарға шығарып салу әжептәуір қаражатты қажет етеді. Бұған екінің бірінің мүмкіндігі келе бермейтіні аян. «Өлім байдың малын шашады, жарлының артын ашады» деген екен бұрынғылар. Қазір де «біреудің кісісі өлсе» осыған ұқсас көріністер болатыны жасырын емес.

Аймақтар • 23 Шілде, 2019

Медицина музейі ашылды

Ақтөбеде ежелгі әлемдік және бүкілқазақстандық, сондай-ақ өңір медицинасының алғашқы даму сатысы мен қалыптасу кезеңін және бүгінгі даму жолын паш етуге арналған медицина музейі ашылды.

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Ақтөбе облысының әкімі Әйтеке би ауданына жұмыс сапарымен барды

18-шілде күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Әйтеке би ауданына іс-сапармен барды. Аймақ басшысы алдымен Белқопа, Жарөткел ауылы тұрғындарымен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдады. Аталған ауыл тұрғындарын ең алдымен көгілдір отын, ауыз су мәселелері толғандырды.

Қоғам • 19 Шілде, 2019

Сауда үйінде дүниеге келген сәби

Енесімен бірге қайынапасының үйінде қонақта болған Зәуре қайтар жолда «Керуен» сауда үйіне соға кетуді жөн көрді. Ол айы-күні жақындап жүргенімен, дәл сол күні аяқ астынан толғақ қысады деп ойлаған жоқ еді. Алайда бижутерия бутигіне бас соққан кезде осындай күйге тап болғанын жас келіншек өзі де сезбей қалды. Қасында енесі мен қайынапасы болғаны қандай жақсы болған. Аман-есен босануына сатушылар да қол ұшын берді. Ең бастысы бәрі де сыни сәтте аспай-саспай, абыржымай сәбидің дүниеге келуіне көмек берді.

Руханият • 18 Шілде, 2019

«Шаңырақтың» шапағаты

Ақтөбе қаласындағы «Шаңырақ» қоғамдық қоры көптеген қайырымдылық шараларына ұйытқы болып келеді. Оның мүшелері ең алдымен тұрмысы төмен, көп балалы мұқтаж отбасыларға өз көмектерін тегін ұсынуда.

Экология • 17 Шілде, 2019

Химиялық қалдықтардан қатер көп

Көктемде туған жерге оралатын жыл құстары ел шетіне іліккенде қас пен көздің арасында қынадай қырылып қалды. ŽӨте аянышты хәл. Құстардың қолдан жасалған өлімін, оның обалын кімге артамыз? Ақтөбе облысындағы бұрынғы Алға химия зауыты аумағында жыл сайын осындай көрініс орын алып жүргені ешкімге құпия емес. Мәселенің мәнісі мынада. Бұл жерге сонау 1961 жылдан бергі аралықта 26 миллион тонна шлам үгінділері және 730560 тонна қатерлі химиялық және өнеркәсіптік қалдық жиналған. Қазірге дейін соның бәрі жойылмай, көмілмей, ашық аспан астында қоршаған ортаға үлкен залал келтіріп жатыр.

Руханият • 16 Шілде, 2019

Музей жаңа залдармен толықты

Биыл Ақтөбе облысының тарихи-өлкетану музейінің негізі қаланғанына 90 жыл толып отыр. Музейдің бұған дейінгі ескі де шағын ғимараты апаттық жағдайда болуына байланысты 2015 жылдың қаңтарында жабылған. Оның орнына өткен жылы аумағы 4,3 мың шаршы метрді құрайтын сәнді де сәулетті жаңа музей ғимараты салынып, пайдалануға берілді.

Экология • 14 Шілде, 2019

Химия зауытының қалдықтары қатер тудырып тұр (ҚР Үкіметінің назарына!)

Көктемде туған жерге оралатын жыл құстары ел шетіне іліккенде қас пен көздің арасында қанадай қырылса, бұдан артық трагедия, бұдан артық аянышты хал бола қояр ма екен? Қолдан жасалған құстардың өлімін, оның обалын кімге артамыз? Ақтөбе облысындағы бұрынғы Алға химия зауыты аумағында әр жыл сайын осындай көріністер болып жүргені ешкімде де құпия емес. Мәселенің мәнісі мынада.

Аймақтар • 12 Шілде, 2019

Залал келген баспаналарды қалпына келтірді

Арыстағы апаттың зардаптарын жоюға барша ел-жұрт бір кісідей жұмылуда. Ауызбіршілік пен елдіктің көрінісі осындай-ақ болар. Арыстық ағайындарға тілеулес, әрі тілектес, әрі қамқор болып жүрген отандастарымыздың үлкен шоғырын ақтөбеліктер құрайды. Олар арыстықтарға қаржылай қолдау көрсету үшін ашылған «Парыз» қоғамдық қорына 130 миллион тенгеден астам қаражат түсірді.

Аймақтар • 12 Шілде, 2019

Ақтөбеде «Отбасын сақтау» орталығы ашылды

Ақтөбеде «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру кешенінің жанында «Отбасын сақтау» орталығы ашылды. Аталған әлеуметтік құрылым Жоғарғы соттың «Отбасылық сот» атты қанатқақты жобасы аясында құрылды. Мақсат – өңірде үлгілі және өнегелі отбасылардың қатарын өсіру.