Аймақтар • 26 Маусым, 2019
Багаевтан қалған бағалы шежіре
Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақстандық белгілі фотограф-өлкетанушы Дмитрий Багаевтың үздік деген жұмыстарының «Бір сәт және бүкіл өмір» атты көрмесі ашылды.
Аймақтар • 26 Маусым, 2019
Қостанай облысындағы Таран ауданы енді Бейімбет Майлин аталады. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды.
Аймақтар • 17 Маусым, 2019
Қостанайда тіркелген барлық қылмыстың тең жартысынан астамы – ұрлық
Өткен жыл мен бүгінге дейін облыста тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың 3415-і өзгенің мүлкіне қол жүгірткен ұрлықшыларға тиесілі. Бұл барлық қылмыстың 53 процентін құрайды.
Аймақтар • 17 Маусым, 2019
Торғай өңірінің Амангелді ауданындағы Сарыадыр – «Наз» жеке кәсіпкерлігінің иесі Сәрсенбек Досмағамбетовтің жазғы жайлауы.
Руханият • 03 Маусым, 2019
Ән мен күйге бөленген Тобыл-Торғай
Торғай даласы мен Тобыл жағасы Ғафу ақын айтқан «тарихтың қойып кеткен арбасындай», халқымыз басынан кешкен талай тарихтың куәсі ғана емес, өнердің де ордасы болған жер. Торғай өңіріндегі әрі жырау, әрі күйші, әнші өнерпаздар Уақ Жұмабай, Қарпық Шолақұлы, одан бері Ахметбек Әбіқаев, Жүсіпбек Салықов, Қашқынбай Қазұлы, Нұрхан Ахметбеков, композиторлар Бақытжан Байқадамов, Болат Хамзин, қобызшы Қажыбек Әбенов, Абай Байтоғаев, олардың ізі композитор, әншілер Қалибек Дербісалдин, Бақытжан Сәуекенов, Гүлнар Үсенова, жырау Нағашыбай Алпысов, тағы басқалар болып кезең-кезеңімен жалғаса береді. Ал Тобыл өңірінде өткен Басықараның Қанапиясының өзі неге тұрады? Ақындығымен қатар бірнеше әні қалған Нұржан Наушабаевтың, ән атасы Әбілахат Еспаевтың, Ехсан Есетовтің, әншілер Мұхамеджан мен оның баласы Байғоныс Мұхамеджановтың қазақ ән өнеріне қосқан үлесі аз емес. Қазақ театр өнерінің пайғамбарлары туралы сөз бөлек.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2019
Қостанай кілең «самородок сары алтынды» жинады. Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның концерт залы лық толды. Осында «Республика-Өңір-Даму» республикалық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен сегізінші рет өтетін «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығы аясында «Жас өркен» балалар сыйлығы тұңғыш рет тапсырылды.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2019
Қостанайда Қазақстан-Ресей жастарының форумы басталды. Форумға Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қатысуда.
Қоғам • 17 Мамыр, 2019
Қоғамды жемқорлық дертінен емдеудің игі жолы
Қазір облыстағы 504 мектепте «Адалдық дүкені» жұмыс істеп тұр. Оқушылар үзіліс кезінде сөредегі су, шай, печенье секілді тамақтарды сатушысыз өздері алып, ақшасын қойып кетеді. Мұндай дүкендер жоғары оқу орындары мен колледждерде де орналасқан. Жақында облыстық әкімдік ғимаратында да осындай бір дүкен ашылды. Біраз мекемелерде «Адалдық кітапханасы» қойылған. Әсіресе «Адалдық дүкенінен» керегін алып, ақшасын төлемей кетсе де, оны ешкім ұстап алып, жазалайын деп жатқан жоқ. Оған әркімнің ары күзетші болуы тиіс.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2019
Әр ағаштың қасиетін білетін шебер
Ол шеберханасынан күн еңкейе бір-ақ шықты. Үстін қайта-қайта қаққыштады, ағаштың үгіндісі киімі түгіл, қас-қабағына дейін тұрып қалыпты. Шеберханаға кіргелі тізесін бүкпестен станокта тұру жасы келген адамға оңай емес, қатты шаршағанын денесі енді сезгендей, аяқ-қолы сырқырап қоя берді...
Қоғам • 13 Мамыр, 2019
Атамекеннің құдіреті мен қызғалдағы
Әдетте, Торғай өңіріне той таңсық емес. Ұлтымыздың тарихын, дәстүрін, салтын, Алашының арысын, батыры мен ақынын іздеген кісі Торғай өңіріне келсе болады. Бірақ биыл Амангелді ауданында бірінші рет өткен «Айналдым сенен, Атамекенім!» деген атпен қызғалдаққа арналған фестивальдың жөні бөлек еді.