Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Түркістан: Жалақы төлеу мерзімінің сақталмайтынына шағымданушылар көп

Түркістан облысында жалақы төлеу мерзімінің сақталмайтынын айтып, арызданушылар көп. Облыстық Еңбек инспекциясы бойынша басқармаға арыз-шағымдарымен келген азаматтардың 36% -ы жалақы төлеу мерзімінің сақталмауы, 25%- ы еңбек шартының бұзылуы,12%-ы еңбек демалысын уақытылы бермеу және 4% - жұмыс уақыты нормасын бұзу мәселесін көтерген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма басшысы Бегман Нұрмаханов мәлімдеді.

Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Өмірзақ Шөкеев салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасын тексерді

Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталық аумағында 7 қабатты 14, 12 қабатты 40 тұрғын үйдің және  Батыс Қытай – Батыс Еуропа тасжолының бойында 7 қабатты 10 тұрғын үй бой көтерген. Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы екі ауысымда жүргізілуде.

Руханият • 03 Наурыз, 2020

Түркістан: 104 жастағы ана ұзақ өмір сүрудің сырын айтты

Түркістан облысы Ордабасы ауданында тіркелген 314 ерікті 9 топқа бөлініп сауапты іске белсене араласып жүр. Күні кеше еріктілер аудандағы қарияларға құрмет көрсетті.

Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Шардаралықтар әлеуметтік көмектің шарапатын көріп отыр

Түркістан облысы Шардара ауданы бойынша өткен жылы 3559 отбасыға қаржылай атаулы әлеуметтік көмек берілген. Ол отбасылардың 2776-сы ірі қара, 432-і уақ мал асырауды қолға алса, 54-і түрлі бағытта өздерінің жеке кәсіптерін ашқан.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2020

Түркістан: Наурыз мейрамын 12 күн тойлау жоспарлануда

Түркістанда Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік іс-шаралар 14-наурыз күні басталады. Киелі мекенде «Этноауыл» бой көтеріп, Наурыз мейрамын 12 күн бойы тойлау жоспарлануда.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2020

Түркістан: Павлодарлық студенттер - байқау жеңімпазы

Түркістан облысында өткен «Hakaton Yassawi SmartTech» IT жобалар байқауы өз мәресіне жетті. Жарысқа еліміздегі 15 жоғары оқу орнынан 100-ге жуық үміткер қатысқан болатын.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2020

Түркістан: Лимон егіп, миллионер атанды

Түркістан облысы Жетісай ауданы Атамекен ауыл округіндегі «Нұрсұлтан» шаруа қожалығы өткен жылы 10 соттық лимон бағынан 5 тоннаға жуық өнім алған. Жиналған өнімнің әр келісін шаруа 800 теңгеден саудалап, 5 миллион теңге пайдаға кенелген. Сөйтіп, шаруа қожалығы биыл лимон бағының көлемін тағы да 10 соттыққа ұлғайтып отыр.

Таным • 02 Наурыз, 2020

Салбурын – мереке ғой саятшыға

Тақырып мәлім, көркем шығарма жетерлік. Мән-мағынасын терең түйсін де мәнерлеп оқып, жүрек­терге жеткізе біл. Түркістан облысы, Түлкібас ауданында өткен дәс­түрлі «Салбурын – мереке ғой саят­шыға» атты іс-шара биыл жа­ңа форматта өтті.

Аймақтар • 01 Наурыз, 2020

Түркістан облысында тұратын ұлт пен этнос өкілдері киіз үйді бірлесе тікті

Түркістан облысында 11 этномәдени бірлестік пен олардың аудандық, қалалық 7 филиалы мен 14 өкілдегі жұмыс істейді. Әр этностың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, мәдениеті мен тілін дәріптеу бағытында қызмет етіп келе жатқан 4 жексенбілік мектеп пен 8 жастар қанаты бар. 

Аймақтар • 01 Наурыз, 2020

Түркістан: Жетісай ауданында күн электр стансасы іске қосылды

Түркістан облысы  Жетісай ауданында іске қосылған күн электр стансасы германиялық мердігер компанияның қаржысына салынған. Ауданға сапары барысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев күн электр стансасын іске қосу рәсіміне қатысып, шетел инвесторларымен кездесті.