Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Қоғам • 09 Ақпан, 2023

Азық-түлік тапшылығы қалай шешіледі?

Кейінгі уақытта кейбір азық-түлік бағасының өскені анықталып отыр. Мысалы, өткен аптада Түркістан қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 100,5%-ды, ал жыл басынан бері 102%-ды құрады. Осы кезеңде пияздың бағасы 4,3%-ға (139-дан 145 теңгеге дейін), тұздың бағасы 3,8%-ға (52-ден 54 теңгеге дейін), рожкидың бағасы 2%-ға (302-ден 308 теңгеге дейін), күріштің бағасы 1,3%-ға (375-тен 380 теңгеге дейін), сары майдың бағасы 0,7%-ға (3 661-ден 3 686 теңгеге дейін) өсті.

Аймақтар • 09 Ақпан, 2023

Құрылысы қарқынды Түркістан

Түркістан қаласы облыс орталығына айналып, бүгінде заманауи даму жолына түскен шаһар ретінде де танылып келеді. Облыс орталығы мәртебесін алғаннан бері қалада тұрғын үй көптеп салынып, көшіп келушілердің саны жылдан-жылға артып жатыр. Мысалы, 2018 жылы Түркістан қаласы халқының саны 165 400 болса, 2023 жылы 219 550 болып отыр. Тұрғындар саны өскен са­йын тұрмыстық тіршілікке қатысты көптеген сұрақтың туындауы заңдылық, яғни өсім бар жерде өзекті мәселелер де болып жатады. Сондықтан аталған мәселелерді дер кезінде шешу – облыс, қала әкімдерінің басты міндеті.

Аймақтар • 06 Ақпан, 2023

Жылыжай жұмыстары пысықталды

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бастаған үкіметтік делегация Түркістан облысының Сарыағаш ауданында болып, шаруалармен өңірдегі жылыжай шаруашылықтарын дамытудың жағдайын талқылады.

Төтенше жағдай • 06 Ақпан, 2023

Апатты жағдайдың алдын алды

Биылғы қысты түркістандықтар ұмыта қоймас. Қаңтарда жауған қалың қар ұзақ жатпады. Ақпанның алғашқы күндері қатты жауын-шашын мен температураның 7-8 градусқа дейін көтерілуімен облыстың 4 ауданын еріген қар сулары шая бастады.

Тарих • 06 Ақпан, 2023

Жалпыұлттық деңгейге көтерілген газет

Алаш зиялыларының табанды еңбегінің нәтижесінде патшалық жүйенің рұқсатын алған «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірі жарыққа шыққанына 110 жыл толып отыр. Осы орайда Түркістанда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ» газеті және Алаш идеясы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Аймақтар • 03 Ақпан, 2023

Жер дауы заңмен шешіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз пайдаланған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекетке қайтару бағытында берген тапсырмасы негізінде Түркістан облысы бойынша 521,7 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Жоспарланғаны 500 мың гектар болатын, яғни артығымен орындалып отыр.

Төтенше жағдай • 02 Ақпан, 2023

Әбігерге түсірген толассыз жауын

Түркістан облысында толассыз жауған жаңбырдың және қалың қардың еруіне байланысты Кентау, Түркістан қалалары мен Бәйдібек, Сауран, Ор­да­басы аудандарындағы тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады. Та­биғи апатқа жол бермеу мақсатында бар­лық шара қолданылды.

Аймақтар • 31 Қаңтар, 2023

Чемпиондар ауылдан шығады

Аудан орталығынан 12 шақырым қашықтықта орналасқан, еш­қандай спорт секциясы, мәдениет ошағы жоқ шалғай ауылды бүгінде Елдос Зұлпан берісі елге, әрісі Азияға танытып үлгерді. Алдағы уақытта – әлем чемпионатына қаты­сып, жеңіске жетуді мақсат етіп отыр. Яғни әлем спортшылары «азаматына қарап, ауылын танитын» болады.

Қоғам • 29 Қаңтар, 2023

Бір жылда 100 кітап оқыған

Кітапты және оқуды насихаттау, қоғамда кітапқа деген қызығушылықты арттыру мақса­тында өңірде игі бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл орайда заман ағымына сай кітапхана қызметін пайдаланушылардың интеллектуалды деңгейі мен сұраныстарын ескерген, менеджер, бағдарламашы, психолог сынды бірнеше саланы меңгерген кітапханашылардың еңбегі ерен.

Саясат • 27 Қаңтар, 2023

Жаңа міндеттер жүктеген бағдарлама

Түркістан облысында Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысы «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі мен облыстық мәслихаты депутатта­рының бірлескен отырысында талқыланды.