Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
149 материал табылды

Аймақтар • 15 Қазан, 2025

Қуаңшылық қысып, көтерем мал көбейді

Түкістан облысында жауын-шашынның аздығынан жайылымдар мен шабындықтар ерте қурап, жем-шөп бағасы бір жылда тоннасына 35 мыңнан 60 мың теңгеге дейін өсті. Қысқа жеткілікті азық дайындай алмаған қожалықтар малын арзанға сатуға мәжбүр, ал ұсақ шаруалар қарызға шөп тасып отыр.

Заң мен Тәртіп • 08 Қазан, 2025

Отбасылық-тұрмыстық қылмыс көбейіп тұр

Қазағы қалың Түркістан облысында кейінгі кездері елді елең еткізген жантүршігерлік қылмыстар болды. Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылық, оған қатысты құқық бұзушылықтар және олардың алдын алу өзекті мәселеге айналып отыр. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар көбіне жабық есік күйінде қалып, көп жағдайда жария болмай жатады.

Табиғат • 08 Қазан, 2025

«Жасыл белдеу» жайқалып келеді

«Шардара» су қоймасының жаға­лауынан 3,2 тонна­ға жуық тұр­мыстық қалдық арнайы техникамен полигонға шығарыл­ды. Респуб­ликалық «Таза Қазақстан» акция аясында жүргізілген сенбілік жұмыстары барысында эко­логиялық тазалықты сақ­тау жөнінде түсіндіру жұмыстары да жүргізілді.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 04 Қазан, 2025

Ізденген жетер мұратқа

Түркістан облысында өңірлік жұмыспен қамту картасы жасақ­талып, биыл 130 мыңнан астам тұрғынды жұмыспен қам­ту межеленген. Бүгінде 100 мыңнан астам азамат жұмыспен қам­тылды, оның 35 мыңнан астамы – жұмысшы мамандық иелері.

Білім • 03 Қазан, 2025

Ұлттық жобаны ата-аналар лайықты бағалады

Түркістан облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 8 жаңа мектеп білім күні шәкірттерге өз есігін айқара ашқан болатын. Атап айтқанда, Төлеби ауданының Достық ауылында 900 орынды, Сайрам ауданының Ақсу ауылында 600 орынды жаңа мектептер пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Шардара, Сауран, Келес, Сарыағаш, Ордабасы аудандары мен Арыс қаласында да жаңа білім ошақтары шәкірттерді қабылдады. Жалпы, «Келешек мектептері» жобасы аясында облыста 46 мың шәкірт білім алатын 29 мектептің құрылысы жүргізілді. Оның 13-і өткен оқу жылында пайдалануға берілді.

Өндіріс • 24 Қыркүйек, 2025

Қыш зауыты іске қосылды

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Ықыластемір елді мекенінде «Altyn land» ЖШС-нің автоматтандырылған қыш зауыты іске қосылды. Нысан жеке кәсіп­кер­дің қаражаты есебінен салынған. Жоба құны – 2,3 млрд теңге. Өткен жылдың сәуір айында басталған құрылыс жұмысы биыл тамызда аяқ­талған. Жылына 90 млн дана кір­піш шығаратын зауытта 120 жаңа жұмыс орны ашылды.

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2025

Өңдеу өнеркәсібінің жаңа орталығы болудан үмітті өңір

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру керектігін атап өтті. Бұл орайда ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық берілуге тиіс. Сондай-ақ Президент әр өңірде дайын өнімді өндірістен дүкен сөресіне дейін жеткізетін біртұтас желі қалыптасуы қажеттігін айтты.

Мектеп • 11 Қыркүйек, 2025

Сегіз білім ошағы ашылды

Түркістан облысында жаңа оқу жылында 48 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды. Оқушылардың болжамды контингенті 553 мыңнан астам, ал орта білім беру ұйымдарының желісі 1093-ке жетті.

Жәдігер • 10 Қыркүйек, 2025

Қола дәуірінің құнды жәдігерлері

Ордабасы ауданы Бөген су қоймасының маңында жүр­гізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында қола дәуіріне тиесілі құнды жәдігерлер табылды.

Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2025

Халықтың әлеуметтік жағдайы – басты назарда

Түркістан облысында 24 мыңнан астам медицина қызметкері халыққа қызмет көрсетеді. Дегенмен білікті медицина мамандарының тапшылығы әлі де өзекті. Өңірде 253 бейінді дәрігер жетіспеушілігі бар. Білікті маман тапшылығын шешу мақсатында жыл сайын жоғары білімнен кейінгі оқу орындарына дәрігерлерді резидентурада даярлауға жергілікті бюджет есебінен гранттар бөлініп келеді.