Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 16 Ақпан, 2021

Өмірзақ Шөкеев: Жол картасы облыстағы өзекті мәселелерді шешеді

Түркістан облысында 2025 жылға дейін 111 медициналық нысан, 266 мектеп, 15 балабақша, 236 спорт, 27 мәдениет нысаны салынады. Бұл жобалардың жүзеге асырылуына Nur Otan партиясының фракциясы тікелей атсалысады. Бұл жөнінде Nur Otan партиясы Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция отырысында айтылды.

Аймақтар • 16 Ақпан, 2021

Түркістан облысында 538 шақырым жол жөнделеді

Түркістан облысында биыл автомобиль жолдары саласында құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 156 нысан қамтылады. Оның ішінде 538 шақырым жол мен елді мекен көшелеріне жөндеу жұмыстары жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 16 Ақпан, 2021

Түркістан облысында жаңа демалыс кешендері салынады

Түркістан облысы Төлеби ауданында туризм саласын дамыту бағытында «Қасқасу туристік-рекреациялық кешені» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл мақсатта инфрақұрылым жүргізу үшін биыл облыстық бюджеттен 2 млрд 920 млн теңге қаржы қаралған, деп жазады Egemen.kz

Әдебиет • 16 Ақпан, 2021

Жас ақындар жинағы

Сайрам ауданында жергілікті жас ақындар асыға күткен «Жастар жырлайды» атты жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Былтыр жастармен өткен кездесуде аудан әкіміне Амалхан Төлебек жастардың жинағын шығару жөнінде ұсынысын жеткізген болатын. Ол аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің тарапынан қолдау тауып, 14-29 жас аралығындағы 20 ақынның шығармалары алғаш рет жарық көрген жыр жинаққа еніп отыр.

Аймақтар • 16 Ақпан, 2021

«Жасылда» қалудың жалғыз жолы

Түркістан облысында 1-11 ақпан аралығында 970 медицина қызметкері COVID-19-ға қарсы екпе салдырды. Өңірге Қарағандыдан әкелінген вакцинаның 1300 дозасы барлық ауданға таратылған болатын. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтің мәлімдеуінше, жылдың соңына дейін вакцинаның тағы 937 мың дозасын алу көзделген. Осылайша, биыл облыстың 45-50% халқын қамту, яғни 950 мың тұрғынға вакцина егу жоспарланған.

Аймақтар • 12 Ақпан, 2021

Түркістанда жас боксшыларға құрмет көрсетілді

Бокстан жастар мен жасөспірімдер және қыздар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында  түркістандық боксшылар 4 алтын, 4 күміс және 6 қола медальді иеленді.

Медицина • 12 Ақпан, 2021

Аты жаман аурудың алдын алу маңызды

Бүкіл әлемдегідей дүниежүзілік онкологиялық аурулармен күрес күнін атап өткен елімізде жыл сайын 30 мың адамға қатерлі ісік диагнозы қойылады екен. Деректерге жүгінсек, өңірде онкологиялық аурулардың ішінде сүт безі, өкпе, асқазан, жатыр мойны және тоқішек қатерлі ісіктері алдыңғы орында тұр. Бүгінде отандық медицина ауруды ерте сатысында анықтауға, науқастардың өмір жасын ұзартуға күш салуда.

Руханият • 12 Ақпан, 2021

Депутаттар қайырымдылық жасады

Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының депутаты Мұхтар Әбдімәлік әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасына азық-түлік таратуға демеушілік жасады. Ата-бабамыздан қалған асыл қасиеттердің бірі – қайырымдылық қағидаттары әлемді шарпыған аты жаман індетпен күрес, аурудың алдын алу кезеңінде жарқын көрініс тапты. Туған жеріне жанашыр, жаны жомарт жандар көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын беріп келеді. Көмектер қаржылай және азық-түліктей көрсетіліп, атымтай азаматтар елдің алғысын алуда. Жастардың да бұл игі істе белсенділік танытып жүргені қуантады.

Аймақтар • 11 Ақпан, 2021

Түркістан облысында «Жастар жырлайды» жинағының тұсаукесер рәсімі өтті

Түркістан облысы Сайрам ауданында жергілікті жас ақындар асыға күткен «Жастар жырлайды» атты жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Саясат • 11 Ақпан, 2021

Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында бірқатар шенеунікке сөгіс жарияланып, тәртіптік шара қолданылды. Оған себеп те жоқ емес еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңірлердегі кемшіліктерді атап, бірқатар сын-ескерту айтқан болатын. Айтылған мәселелер аппарат отырысында ортаға салынып,  жауапты сала басшылары есеп берді.