Аймақтар • 17 Шілде, 2019
Кемеңгер ауылында орналасқан «Ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасы» ЖШС-ның фермасында бір мыңға жуық бөдене өсірілуде.
Аймақтар • 17 Шілде, 2019
Жергілікті экологтар мен табиғат қорғау белсенділеріне құлақ түрсек, Ертіс өзенінде судың ластануы, жайылмадағы шабындықтарға көктемде жайылған судың қара күзге дейін тартылмауы, жағалаудағы диқандардың су тапшылығына ұшырауы секілді алаңдатарлық мәселелер аз емес. Осы орайда, облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары басқармасы өзеннің экожүйесін қалпына келтіру бағытында бірқатар шараларды қолға алуда.
Аймақтар • 16 Шілде, 2019
1,2 млрд теңгеге 143 пәтер сатып алынбақ
Өңірде Солтүстік астанада тұратын көпбалалы отбасыларды Екібастұзға көшіру жобасы бойынша «Nurly Еrtіs» бағдарламасы іске асуда.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының хабарлауынша, 20 кило тыйым салынған сүйрік балығын ұстаған балықшы ұсталыпты. Браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, өз еркімен айыппұл төлеген. Екінші тереңкөлдік балықшыға 4 килодан астам сүйрік аулағаны үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Аймақтар • 10 Шілде, 2019
World Robot Olympiad – «Ақылды қалаға» арналды
Павлодар қаласында өткен бұл чемпионатты «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының бас орталығы ұйымдастырды. Биыл сәуір айында өңірде өтіп жатқан жарыстың аймақтық кезеңін жұмыс сапарымен облысқа келген кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та көрген еді.
Аймақтар • 09 Шілде, 2019
С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің алдындағы субұрқаққа мөңке балықтардың алғашқы легі жіберілді.
Қазақстан • 09 Шілде, 2019
Павлодар қаласындағы Г.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты офтальмолог-дәрігер Қасымхан Тілеубаевпен медицина қызметкерлері күні қарсаңында жолыққан едік.
Аймақтар • 09 Шілде, 2019
Павлодарда қалалық автобус паркі 76%-ға жаңарды
Өткен аптадан бері облыс орталығында жаңартылған электробустар, жаңа автобустар, трамвайлар жүре бастады.
Аймақтар • 09 Шілде, 2019
Павлодарда 144 отбасы пәтер алды
Облыс орталығындағы Дүйсенов көшесі, 138/1 мекенжайы бойынша 2 тоғыз қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйлердің құрылысына «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тапсырыс берді.
Аймақтар • 08 Шілде, 2019
Бос қалған «ҚазТрансОйл» АҚ-тың алып ғимараты «Инвесторлар үйі» аталды
Енді облыс орталығындағы түрлі мемлекеттік мекемелер, қаржылық институттар мен қоғамдық ұйымдар орналасқан бұл үй «Кәсіпкерлікке арналған Үкімет» принципі бойынша қызмет көрсетеді.