Нұршат ТӨКЕН«Egemen Qazaqstan»
1064 материал табылды

Аймақтар • 19 Наурыз, 2021

Шымкенттік дәрігерлер елордалық мамандармен меморандумға қол қойды

Шымкент қалалық №2 аурухананың бас дәрігері Сәрсен Пернебеков пен Ұлттық нейрохирургия орталығының директоры Ержан Әділбеков ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Аймақтар • 18 Наурыз, 2021

Хакім Абайдың ұрпақтарына қатысты құнды жәдігер табылды

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мұхтартану» ғылыми орталығы ғалымдарының ізденісінің нәтижесінде Хакім Абай Құнанбаевтың саяси қуғын-сүргін құрбанына айналған перзенті Тұрағұл Ибраhимұлына қатысты тың дерек табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 18 Наурыз, 2021

Шымкентте бас басылым атына көше берілді

Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті үшінші сессиясында шаһардағы бірқатар құрамдас бөліктерге жаңа атаулар берілді.  Осылайша үшінші мегаполистегі атауы жоқ 340-қа жуық көше мұнан былай мемлекеттік тілдегі жаңа атпен аталмақ, деп хабарлайды Egemen.kz  

Аймақтар • 18 Наурыз, 2021

Көктемнің мәні көшет егуде

Шымкенттің көктемі жыл сайын көшет егумен басталады. Табиғат-ана оянған мезгілде айналаны тазалау, ағаштарды бұтап, түбін әктеу және жас шыбықтар отырғызу шаһарда үрдіске айналған. Биыл да жақсы ғадет жалпықалалық сенбілікке ұласып, 8 мыңнан астам тұрғын шаһар тазалығына атсалысты.

Аймақтар • 24 Ақпан, 2021

Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды

Шымқалаға жаңадан қосылған 41 елді мекен мен халық санының жедел өсуі шаһардағы инженерлік инфрақұрылым мәселесіне біраз қиындық туғызды. Соның салдарынан магистральды жүйелердің қуаты жетіспей, тұрғындар қыстың көзі қырауда қатты қысылды. Жергілікті биліктің «бас ауруына» айналған ауыз су мәселесін қай елді мекенге барсаңыз да кездестіресіз.

Аймақтар • 23 Ақпан, 2021

Жайбарақат жүруге болмайды

Шымкентте коронавирус «бағдаршамы» «жасыл аймақты» көрсетіп тұр. Дегенмен жайба­рақат болуға тағы болмайды. Себебі індеттің беті әлі толық қайтқан жоқ. Енді не істеу керек? Әзірге індет­тің алдын алудың ең басты шарасы вакцина сал­дыру мен карантин шараларын сақтау болып тұр.

Аймақтар • 18 Ақпан, 2021

Арнайы шеберханадағы еңбек-емдеу терапиясы

Мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекке баулуда Шымкент қаласында тындырымды тірлік көп. Соның бірі ретінде қалалық №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жеңіл еңбек, кәсіптік дағдыға үйретуде. Орталықта ем қабылдаушылардың психикалық жай-күйі ескеріле отырып, қабілеттеріне қарай 4 сағаттық еңбек-емдеу терапиясы жолға қойылған.

Оқиға • 12 Ақпан, 2021

Трансплантолог рекордты жаңартты

Қазақстанда адам ағзасын алмастыратын күрделі ота жасаудың қас шебері кім дегенде, еске бірден трансплантолог Абылай Донбай түседі. Бүгінде Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет ететін Абылай Донбай бұл салаға саналы ғұмырын арнаған.

Аймақтар • 10 Ақпан, 2021

Білім ұялары карантинге жабылды

Шымкент қаласында оқушылар арасында COVID-19 індетін жұқтыру жағдайы тіркеліп, бірден 9 мектеп карантинге жабылды. Оған себеп, білім беру ұяларында санитарлық-эпидемиялық талаптар сақталмаған.

Қоғам • 05 Ақпан, 2021

Жалақыны көтермесе, жұмысқа шықпайды

Жалақыларының күнкөріске жетпейтінін алға тартқан «Шымкент BUS» компаниясының жүзден астам автобус жүргізушісі мен кондукторы жұмысқа шығудан бас тартты. Өздеріне 300 мың теңге көлемінде еңбекақы берілуін талап еткен олар аталған компания ғимаратының алдына жиналып, басшылыққа өз талаптарын айтты.