Бұл туралды қалалық мәслихат сессиясында «Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру туралы арнайы жоба» жарияланды.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 3 ақпандағы қорытындысының негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ етеді және Шымкент қаласының мәслихаты шешім қабылдады», делінген Жоба хабарламасында.
Қуантарлығы, бұл тізімде ғасырлық тарихы бар еліміздің бас басылымы - «Егемен Қазақстан» газетінің атына да көше атауы берілді. Ендігіде қаланың Қаратау ауданына қарасты Бозарық саяжайындағы атауы жоқ көше «Егемен Қазақстан көшесі» болып аталады.
Сондай-ақ, аталған аудандағы тағы бірнеше көшеге республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының атауы берілді. Олардың қатарында ұлттың үнпарағы - Қазақ радиосы де бар.
Алдағы уақытта қалаға қарасты аудандардың әкiмдерi осы бірлескен қаулы мен шешiмдi iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдамақ. Ал, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы құжатты Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізеді. Бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілмек.