Аймақтар • 19 Наурыз, 2021
Шымкенттік дәрігерлер елордалық мамандармен меморандумға қол қойды
Шымкент қалалық №2 аурухананың бас дәрігері Сәрсен Пернебеков пен Ұлттық нейрохирургия орталығының директоры Ержан Әділбеков ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлайды Еgemen.kz
Аймақтар • 18 Наурыз, 2021
Хакім Абайдың ұрпақтарына қатысты құнды жәдігер табылды
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мұхтартану» ғылыми орталығы ғалымдарының ізденісінің нәтижесінде Хакім Абай Құнанбаевтың саяси қуғын-сүргін құрбанына айналған перзенті Тұрағұл Ибраhимұлына қатысты тың дерек табылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 18 Наурыз, 2021
Шымкентте бас басылым атына көше берілді
Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті үшінші сессиясында шаһардағы бірқатар құрамдас бөліктерге жаңа атаулар берілді. Осылайша үшінші мегаполистегі атауы жоқ 340-қа жуық көше мұнан былай мемлекеттік тілдегі жаңа атпен аталмақ, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 18 Наурыз, 2021
Шымкенттің көктемі жыл сайын көшет егумен басталады. Табиғат-ана оянған мезгілде айналаны тазалау, ағаштарды бұтап, түбін әктеу және жас шыбықтар отырғызу шаһарда үрдіске айналған. Биыл да жақсы ғадет жалпықалалық сенбілікке ұласып, 8 мыңнан астам тұрғын шаһар тазалығына атсалысты.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2021
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Шымқалаға жаңадан қосылған 41 елді мекен мен халық санының жедел өсуі шаһардағы инженерлік инфрақұрылым мәселесіне біраз қиындық туғызды. Соның салдарынан магистральды жүйелердің қуаты жетіспей, тұрғындар қыстың көзі қырауда қатты қысылды. Жергілікті биліктің «бас ауруына» айналған ауыз су мәселесін қай елді мекенге барсаңыз да кездестіресіз.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2021
Шымкентте коронавирус «бағдаршамы» «жасыл аймақты» көрсетіп тұр. Дегенмен жайбарақат болуға тағы болмайды. Себебі індеттің беті әлі толық қайтқан жоқ. Енді не істеу керек? Әзірге індеттің алдын алудың ең басты шарасы вакцина салдыру мен карантин шараларын сақтау болып тұр.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2021
Арнайы шеберханадағы еңбек-емдеу терапиясы
Мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекке баулуда Шымкент қаласында тындырымды тірлік көп. Соның бірі ретінде қалалық №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жеңіл еңбек, кәсіптік дағдыға үйретуде. Орталықта ем қабылдаушылардың психикалық жай-күйі ескеріле отырып, қабілеттеріне қарай 4 сағаттық еңбек-емдеу терапиясы жолға қойылған.
Оқиға • 12 Ақпан, 2021
Трансплантолог рекордты жаңартты
Қазақстанда адам ағзасын алмастыратын күрделі ота жасаудың қас шебері кім дегенде, еске бірден трансплантолог Абылай Донбай түседі. Бүгінде Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет ететін Абылай Донбай бұл салаға саналы ғұмырын арнаған.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2021
Білім ұялары карантинге жабылды
Шымкент қаласында оқушылар арасында COVID-19 індетін жұқтыру жағдайы тіркеліп, бірден 9 мектеп карантинге жабылды. Оған себеп, білім беру ұяларында санитарлық-эпидемиялық талаптар сақталмаған.
Қоғам • 05 Ақпан, 2021
Жалақыны көтермесе, жұмысқа шықпайды
Жалақыларының күнкөріске жетпейтінін алға тартқан «Шымкент BUS» компаниясының жүзден астам автобус жүргізушісі мен кондукторы жұмысқа шығудан бас тартты. Өздеріне 300 мың теңге көлемінде еңбекақы берілуін талап еткен олар аталған компания ғимаратының алдына жиналып, басшылыққа өз талаптарын айтты.