Зейін ЕРҒАЛИ
Зейін ЕРҒАЛИ«Egemen Qazaqstan»
330 материал табылды

Халық • 16 Қаңтар, 2024

Жақсылық жүрген жерде таршылық болмайды

Елордалық еріктілер зейнеткерлердің ауласының қарын күреп, қолғабыс етті. Осылайша, жастар «Игі істер марафоны» дәстүрлі акциясын өткізіп жатыр. Игі істің басты мақсаты – халықтың әлеуметтік осал санаттарына, қарт адамдарға, мұқтаж жандарға барынша жәрдем беру.

Волонтер • 01 Қаңтар, 2024

Волонтер жылы: Жанашырлық пен жәрдемдесу

2024 жыл ТМД елдерінде Волон­терлік қозғалыс жылы деп жарияланды. Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Бішкектегі Достастық мемлекеттер басшыларының кеңес отырысында қолдаған еді. Сондай-ақ Президент еріктілердің жыл сайынғы форумын өткізуді және оған ТМД-ның тұрақты алаңы мәртебесін беруді ұсынды. Ізінше тараптардың Үкімет басшылары бас қосып, іс-шаралар жоспарын белгіледі. Ұрпаққа ұлттың ұлы қасиетін дәріптеуге баулитын шешім Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Мәскеу қаласына сапары барысында тиянақталды.

Сенат • 27 Желтоқсан, 2023

Адам құқын қорғау тетіктерін күшейту қажет

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төраға­лы­ғы­мен Сенаторлар кеңесінің отырысы өтті. Іс-шара барысында конституциялық заңдар мен Мемлекет бас­шысының тапсырма­ла­рын іске асыру аясында адам құқық­­тарын қор­ғауды одан әрі күшейту мәсе­ле­ле­рі та­л­қыланды.

Тарих • 25 Желтоқсан, 2023

Астрахан Гулагі

Ғалымдар Гулаг жүйесіндегі «Прорва» (Астрахан) еңбекпен түзеу лагерьлеріне қатысты жаңа деректерді тапты. Бұл – қазақ жеріндегі «Казлаг», «Карлаг» еңбекпен түзеу лагерьлерінен кейін елімізде 1932-1950 жылдар аралығында жұмыс істеген сталиндік үшінші жазалау мекемесі.

Қоғам • 20 Желтоқсан, 2023

Жаңашыл жастарды қолдау

Елордада «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңім­паз­дары белгілі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жыл сайын өткізілетін дәстүрлі іс-шарада 5 бағыт бойынша 30 жоба үздік деп танылды. Марапаттау рәсіміне Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Президент жанындағы жастар саясаты кеңесінің өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Қоғам • 13 Желтоқсан, 2023

Қауіпсіз қоғам қалай қалыптасады?

Елімізде «Қауіпсіз қоғам» науқаны жалғасып жатыр. Іс-шара аясында­ рес­­публикада құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақ­тау, вандализммен күрес қарқынды жүргізіліп келеді. Акцияны Ішкі іс­тер ми­­нистрлігі, өңірлердегі полиция департаменттері мен «Amanat» партия­сы­­­ның мүшелері және «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері бас­­тады.

Білім • 11 Желтоқсан, 2023

«Болашақ» белесі

«Болашақ» халықаралық бағдарламасына – 30 жыл. Осынау мерейлі белес­те бағдарлама түлектері салтанатты форумда бас қосты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев стипендиаттарға арнайы құттықтауын жолдады. Жиында көрме ұйымдастырылып, жас ғалымдардың ғылыми еңбектері таныстырылды.

Әскер • 07 Желтоқсан, 2023

Әскерилердің біліктілік жиыны

Әскери қызметшілер кәсіби біліктілігін шыңдады. Атырау гарнизоны басқармасы Ақтаудағы теңіз жаяу әскерлері бригадасы базасындағы оқу-әдістемелік жиындарға қатысты.

Жастар • 07 Желтоқсан, 2023

Ізгі ниетті жандар

Қысқы мейірімділік аптасы жалғасын тапты. Қоғамға ізгі ниетті жан­дар­дың еңбегін насихаттауды көздеген науқан еліміздің әр өңірінде ұйымдастырылып жатыр. «Жастар рухы» жастар қанаты астаналық ардагерлерге, тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына жәрдем беріп, елордада «ТазаLike» акциясын өткізді.

Құқық • 07 Желтоқсан, 2023

Заңнамаға «харассмент» ұғымы енгізіледі

Елімізде тұрмыстық зорлық-зом­бы­лыққа қарсы заңнамаға «харассмент», «сталкинг» ұғымдары енгі­зілмекші. Енді сексуалды сипат­­­­тағы қысым, азғындық үшін жаза қарастырылады. Бірқатар Мәжіліс депутаты осындай өзге­­­­р­іс­­тер мен толықтырулар қамтылған заңның жаңа новеллаларын әзірлеп, Үкіметке жолдады.