Айбын • 30 Мамыр, 2024
Республиканың әр өңірінде «Айбын–2024» дәстүрлі әскери-патриоттық жиыны өтті. Жастарды отаншылдыққа баулитын іс-шара 2015 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Жарысқа қатысушылар 6 спорт түрінен өзара мықтыны анықтады.
Құқық • 29 Мамыр, 2024
Республика бойынша бір уақытта «Халық заңгері» акциясы өтеді. Науқан 30 мамырда ұйымдастырылады. Мұндағы мақсат – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңдық көмек көрсету. Ерекшелігі сол, кез келген азамат құқықтың әртүрлі саласының сарапшыларынан қажетті кеңесті тегін алады.
Саясат • 29 Мамыр, 2024
Ұлт құндылығының қоғамдық қуаты
Астананың Достық үйінде «Прогрессивті ұлттың іргелі құндылықтары» атты отырыс өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген басқосуына ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірлердегі ғылыми-сарапшылық топтарының мүшелері қатысты.
Жоба • 28 Мамыр, 2024
Астанада «Joltap» жобасы жалғасып жатыр. Бастама жұмыссыз қала тұрғындарының еңбекке араласып, қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгінде ілкімді іс игілігімен 2 мыңнан астам елордалық түрлі мамандық бойынша курстардан өткен.
Қоғам • 25 Мамыр, 2024
Елордада тұңғыш рәмізтанушы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Шаймерденовтің туғанына 70 жыл толуына орай ғылыми-танымдық конференция өтті. Ұлттық академиялық кітапханада ұйымдастырылған жиынға ғалымдар, мәдениет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Қоғам • 25 Мамыр, 2024
Әйел саламаттылығының қоғамдық маңызы
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында жасөспірім қыздарға медициналық қызмет көрсету және фертильді жастағы әйелдермен акушерлік-гинекологиялық қызметтің жұмысы мәселелері қаралды. Ерекше назарда – ауылдық елді мекендердің тұрғындары.
Жастар • 24 Мамыр, 2024
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елімізде 300 мыңнан астам адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген. Ал 15 пен 34 жас аралығындағы еңбекке араласпаған жастар 3,1 пайызды құрап отыр. Көрсеткішті өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, әлдеқайда төмендегені байқалады. Әсіресе себепсіз сенделгендер Алматыда азайған.
Тағзым • 24 Мамыр, 2024
Батыр мерейтойына арналған басқосу
Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде батырдың ғасырлық мерейтойына орай конференция өтті.
Елорда • 24 Мамыр, 2024
Елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Экологиялық іс-шара аясында «Есірткісіз қала» жобасы ұйымдастырылды. Игілікті іске үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.
Сұхбат • 23 Мамыр, 2024
Жамиға ТАҢАТАРОВА, тарих ғылымдарының докторы: Комиссия жұмысы ғылым аясында жалғасуы керек
Былтыр желтоқсанда ХХ ғасырдың 20-50-жылдары кеңестік саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды толық ақтау мақсатында құрылған «Қазақстандағы 1920-1950 жылдардағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия» жұмысын аяқтады. Ауқымды жұмыс нәтижесінде 311 мың саяси құрбан ақталып, 72 томдық кітап оқырманға жол тартты. Бұл – 425 ғалым мен зерттеушінің, оның ішінде әр өңірде құрылған аймақтық комиссиядағы 260-тан аса маманның еңбегі. Осыған орай мемлекеттік комиссия жұмысы аясында деректер базасын жасақтау дейтін маңызды да жауапты міндеттің басы-қасында болған тарихшы, профессор Жамиға ТАҢАТАРОВАМЕН сұхбаттасудың сәті түскен еді.