Жастар • 14 Маусым, 2024
Эко-тренд: Жастар таза елді қолдайды
Әлемді қазірде табиғатты қорғау, сақтау мәселесі көбірек алаңдатады. Бұл үрей кейінгі кездері айтып келмейтін апаттардың жиілеуімен күшейді. Сәйкесінше, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған кешенді шаралар бекітіліп, жүзеге асырылып жатыр. Елімізде де қолға алынған жоба, бағдарлама аз емес. Оның бірі – «3.2.1.Старт!» әлеуметтік жобасы. Жақында бастама «Жастар бірге – пластик бөлек» атты сегізінші маусымын қорытындылады.
Айбын • 13 Маусым, 2024
Еліміздің Қарулы күштер қатары жаңа офицерлермен толықты. Биыл мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен 158 түлекке Ұлттық қауіпсіздік және әскери істер магистрі дәрежесі берілді.
Айбын • 13 Маусым, 2024
Бітімгерлік операциялар орталығында «Орталық Азия және БҰҰ бітімгерлігі: ағымдағы қызмет және перспективалар» тақырыбында өңірлік дөңгелек үстел өтті. Жиында Қазақстан мен Тәжікстан қорғаныс ведомстволарының, Біріккен Ұлттар Ұйымының, «БҰҰ-әйелдер» құрылымы кеңсесінің, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің және отандық жоғары оқу орындарының өкілдері бас қосты.
Әскер • 13 Маусым, 2024
«Бірлестік-2024» оқу-жаттығуы аясында әскери инфрақұрылым нысандары тексерілді. Іс-шара барысында Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары, генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Ақтау өңірлік гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінде болды.
Басылым • 11 Маусым, 2024
Басқа басылымдардан: Таяу Шығыстағы қақтығыстың жалғыз шешімі
Қазақстан Президенті геосаяси қарама-қайшылықтар әсерінен өңірлік қауіпсіздікке төнетін қатерлердің ауқымы айтарлықтай кеңейгенін атап өтті. Таяу Шығыстағы ұзақ уақытқа созылған қақтығыстың жалғыз шешімі – «екі халық үшін екі мемлекет» формуласына негізделген, астанасы Шығыс Иерусалимде болатын Палестина мемлекетін құру.
Жастар • 07 Маусым, 2024
Ұрпақ алмасқанда құндылықтар да өзгеретінін байқап жүрміз. Жас буынды не алаңдатады, олар нені қажетсінеді, өзекті мәселелері қандай деген сауалдар уақыт талабына сай туындайтыны сөзсіз. Қазіргі жастардың пайым-парасатын, таным-түсінігін бағамдау мақсатында олармен етене жұмыс істеп жүрген мамандарды сөзге тартып көрген едік.
«Таза Қазақстан» • 07 Маусым, 2024
«Жасыл ел» жастарды жұмысқа шақырады
Елімізде «Жасыл ел» еңбек жасағының жазғы маусымы басталды. Биыл 33 мыңнан астам жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Оған әр өңірдегі 35-ке дейінгі азаматтар қатыса алады. Олар осылайша өзінің тұрғылықты жерін көгалдандыруға қатысып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосады.
Қоғам • 07 Маусым, 2024
Ата заң алғаш рет Брайль қарпімен жарық көрді. Көру қабілеті нашар немесе зағип жандар үшін бедерлі-нүктелі тактильді шрифтпен жазылған құжат мемлекеттік және орыс тілдерінде басылып шықты. Осыған орай Конституциялық сот ғимаратында арнайы тұсаукесер өтті.
Қоғам • 06 Маусым, 2024
Әр алуан ақпарат және журналистік этика
Журналистерге Этика кодексін ұстануды кеңінен насихаттауымыз қажет. Бұл туралы елордада «Журналистік этика. Фактчекинг пен манипуляциялар» атты дөңгелек үстелде сарапшы мамандар – медиа саласының басшылары мен журналистер, қоғам қайраткерлері мәлімдеді. Басқосуды өткізуге Қазақстан Медиа альянсы мен «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық ұйымдары ұйытқы болды.
Құқық • 05 Маусым, 2024
Есірткі қылмысын бақылайтын алғашқы digital-карта іске қосылды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен дарынды жастармен бірге әзірленген жоба әзірге қанатқақты режімде елорда аумағында тестіленеді. Бұл жобаға кез келген белсенді азамат қатыса алады.