Волонтер • 01 Қаңтар, 2024
Волонтер жылы: Жанашырлық пен жәрдемдесу
2024 жыл ТМД елдерінде Волонтерлік қозғалыс жылы деп жарияланды. Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Бішкектегі Достастық мемлекеттер басшыларының кеңес отырысында қолдаған еді. Сондай-ақ Президент еріктілердің жыл сайынғы форумын өткізуді және оған ТМД-ның тұрақты алаңы мәртебесін беруді ұсынды. Ізінше тараптардың Үкімет басшылары бас қосып, іс-шаралар жоспарын белгіледі. Ұрпаққа ұлттың ұлы қасиетін дәріптеуге баулитын шешім Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Мәскеу қаласына сапары барысында тиянақталды.
Сенат • 27 Желтоқсан, 2023
Адам құқын қорғау тетіктерін күшейту қажет
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Сенаторлар кеңесінің отырысы өтті. Іс-шара барысында конституциялық заңдар мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында адам құқықтарын қорғауды одан әрі күшейту мәселелері талқыланды.
Тарих • 25 Желтоқсан, 2023
Ғалымдар Гулаг жүйесіндегі «Прорва» (Астрахан) еңбекпен түзеу лагерьлеріне қатысты жаңа деректерді тапты. Бұл – қазақ жеріндегі «Казлаг», «Карлаг» еңбекпен түзеу лагерьлерінен кейін елімізде 1932-1950 жылдар аралығында жұмыс істеген сталиндік үшінші жазалау мекемесі.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2023
Елордада «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары белгілі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жыл сайын өткізілетін дәстүрлі іс-шарада 5 бағыт бойынша 30 жоба үздік деп танылды. Марапаттау рәсіміне Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Президент жанындағы жастар саясаты кеңесінің өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2023
Қауіпсіз қоғам қалай қалыптасады?
Елімізде «Қауіпсіз қоғам» науқаны жалғасып жатыр. Іс-шара аясында республикада құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, вандализммен күрес қарқынды жүргізіліп келеді. Акцияны Ішкі істер министрлігі, өңірлердегі полиция департаменттері мен «Amanat» партиясының мүшелері және «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері бастады.
Білім • 11 Желтоқсан, 2023
«Болашақ» халықаралық бағдарламасына – 30 жыл. Осынау мерейлі белесте бағдарлама түлектері салтанатты форумда бас қосты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев стипендиаттарға арнайы құттықтауын жолдады. Жиында көрме ұйымдастырылып, жас ғалымдардың ғылыми еңбектері таныстырылды.
Әскер • 07 Желтоқсан, 2023
Әскери қызметшілер кәсіби біліктілігін шыңдады. Атырау гарнизоны басқармасы Ақтаудағы теңіз жаяу әскерлері бригадасы базасындағы оқу-әдістемелік жиындарға қатысты.
Жастар • 07 Желтоқсан, 2023
Қысқы мейірімділік аптасы жалғасын тапты. Қоғамға ізгі ниетті жандардың еңбегін насихаттауды көздеген науқан еліміздің әр өңірінде ұйымдастырылып жатыр. «Жастар рухы» жастар қанаты астаналық ардагерлерге, тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына жәрдем беріп, елордада «ТазаLike» акциясын өткізді.
Құқық • 07 Желтоқсан, 2023
Заңнамаға «харассмент» ұғымы енгізіледі
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңнамаға «харассмент», «сталкинг» ұғымдары енгізілмекші. Енді сексуалды сипаттағы қысым, азғындық үшін жаза қарастырылады. Бірқатар Мәжіліс депутаты осындай өзгерістер мен толықтырулар қамтылған заңның жаңа новеллаларын әзірлеп, Үкіметке жолдады.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
Елордада «Жыл волонтері» сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Халықаралық волонтерлер күні аясында ұйымдастырылған іс-шарада еліміздің әлеуметтік, қоғамдық өміріне белсене араласып, мұқтаж жандарға қолұшын созып жүрген 47 волонтер мен волонтерлік ұйым үздік деп танылды.