Бақытбек ҚАДЫР
Бақытбек ҚАДЫР«Egemen Qazaqstan»
78 материал табылды

Қоғам • 21 Мамыр, 2023

Қалалану үрдісінің қарқыны қандай?

Аспаны алақандай, жері тебінгідей, іркес-тіркес құрылыстар, ию-қию қиылыстар, қайшыласқан көшелер, жөңкілген көліктер, әрі-бері сапыры­лысқан адамдар ағыны. Бұл – қала. Ақшамнан кейін аспан айналып жерге түскендей, жылт-жылт еткен қала оттары жымыңдап көзді арбайды. Осылайша қалалар өркениетімен күллі адамзатты өзіне магнитше тартып, қарақұрдымша жұтып барады.

Сұхбат • 03 Мамыр, 2023

Еңбек адамын қолдау тетігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек» деген сөзінен еңбек адамның жан-жақты қамтамасыз етілуі, заңды құқықтарының қорғалуы, әлеуметтік тұрғыда қолдау қажеттігі айтылды деп есептейміз. Осыған орай Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ Басқарушы директоры Марат Жаныбеков мырзадан жұмысшыларды қосымша әлеуметтік қолдау тетіктері туралы сұрап білген едік.

Экология • 03 Мамыр, 2023

Қоршаған орта – қоғам назарында

Қоқыстар мен зиянды қалдықтар қоршаған ортаны құртып барады. Әсіресе, ірі қалалардың маңы қоқыстан, ауасы түтіннен көз ашпай отыр. Бұған қатысты қордаланған түйткілдерді тиісті құзырлы мекеменің өкілдерді талқыға салды.

Табиғат • 26 Сәуір, 2023

Қызғалдақтың ғұмыры

Жаратылыстану ғылымы «бабасы балдырдан бастау алды» дейтін өсімдіктердің де өмірде өз орны, өз тағдыры бар. Оның ішінде әлемге әр берген, сұлулық пен сән берген гүлдердің орны, тіпті бөлек. Жердің жүзін жайнатқан – гүлзарлар мен гүлді алқаптар. Адамзатқа жарқын өмір сыйлап тұрған да осы – жасыл әлем. Адам мен табиғат – егіз. Бірде Еуропаның ерекше табиғатын тамашалауға барған бір танысым тотыдай түрленген тоғайдың кіреберісіндегі тақтайшада «Сіз менің жүрегімдегі тамырларды жұлмаңыз!» деген жазуды оқып қайран қалғанын айтқан-ды. Сол бір лепе көктем шықса, қазақ топырағын масатыдай құлпыртқан қызғалдақтың тағдырын еске түсірген еді.

Несие • 24 Сәуір, 2023

Борышкердің мойнында «бұғалық» жүр

Әлеуметтің әлеуетін реттейтін әмиян. Қазір қандай жағдай болсын, қаржыға келіп тіреледі. Басқаны қайдам, біздегі нарық халықты осыған көндіктірді. Көнбесіңе шараң қайсы, жеке шоттарың көгендеулі, банк картаң бұғаттаулы, шекара асуың шектеулі. Сазарған сот орындаушы бозарған борышкердің бойына қан жүрместей қылып «күретамырын» буып тастаған. Біздегі әлеуметтік мәселенің күйіп тұрған тұсы осы.

Еңбек • 03 Сәуір, 2023

Күн тәртібінде – еңбек қауіпсіздігі

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік жарақатты азайту – күн тәртібінен түспей тұрған түйткіл. Бұл ретте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі брифинг өткізіп, еңбекті қорғауға қатысты атқарылып жатқан іс-шаралардан хабардар етті.

Экология • 29 Наурыз, 2023

«Қызыл кітап»: Жаңа басылымның жаңалықтары

Әлемге әйгілі «Қызыл кітаптың» сипаты туралы қызықты деректер өте көп. Мұның қызыл түсі тыйым, тоқта, жойма, дабыл мен қауіп деген түсініктерді білдіреді және бұл адамдардың назарын аудару және әлемнің варварлық жойылуын тоқтату үшін жазылған. «Қызыл кітап» табиғатты қорғауға арналған ғалымдардың жануарлар мен өсімдіктер жөнінде жинаған фактілері болғанымен, бізде бұл құзыреті бар кітап болып саналады.

Отбасы • 13 Наурыз, 2023

Жалғызілікті әкелер санда жоқ, санатқа да кірмей тұр

Қоғамда жалғызілікті әкелер осы санаттағы әйелдерге қарағанда анағұрлым аз көрінгенімен, бейресми деректерге сүйенсек, қазір елімізде 70 мыңға жуық әке бала-шағасын бір өзі бағып жүрген көрінеді. Олар қандай санатқа жатады, мемлекет тарапынан қандай әлеуметтік көмек алады?