Банк • 30 Наурыз, 2023
Банктердің нарықтағы үлесі қандай?
Барлық дамыған мемлекетте банк қызметі – нарықтық экономика жүйесінің негізгі тармағы саналады. Оларға жетекші шаруашылық агенттердің рөлі жүктеліп, қызметі макроэкономикалық үдерістерге әсер ететін маңызды арналардың бірі ретінде қарастырылған. Өйткені екінші деңгейлі банктердің табысты жұмыс істеуі елдің әлеуметтік тұрақтылығына бірден-бір әсер етуші күші әрі экономикалық дамуының негізгі көзі. Десек те, қаржы реттеушілер банктердің лицензиясын қайтарып алып, оларды таратуға мәжбүр ететін жағдайлар да кезігеді.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2023
Алтын қоры бойынша 15-орындамыз
Былтыр еліміздің алтын өндіру өнеркәсібі үшін табысты жыл болды. Отандық металлургтер рекордтық көлемде 73 тоннадан астам тазартылған алтын өндірді.
Қазақстан • 15 Наурыз, 2023
Елімізде соңғы бір жылда банк картасын пайдаланушылар төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 125,1 трлн теңге болатын 8,8 млрд транзакция жасаған. Ұлттық банк мәліметінше, қолма-қол ақшасыз операциялар көлемі артып, былтыр эмитенттердің төлем карталарын қолданғандар 103,8 трлн теңге сомасында 8,6 млрд қолма-қол ақшасыз операция жүргізген. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,4 есе жоғары көрсеткіш.
Өнім • 15 Наурыз, 2023
Балық өнімдерін ұлғайтудың жалғыз баламасы – акваөсіру
Сәуір айының басы – омыртқалы су жануарларының уылдырық шашатын мезгілі. Осыған байланысты заң жүзінде маусым айының орта шеніне дейін өзең-көлдерден балық аулауға тыйым салынатыны бар. Аталған жайтты біле тұра тор құрып, қармақ тастайтын азаматтар айтарлықтай айыппұл төлеп, әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатса да бұл кезеңде керек-жарағын сақадай сайлап, тұқымы құрып кету қаупіне шақ тұрған балықтарды елден тысқары аймақтарға жөнелтіп өз бизнесін дөңгелетіп отыратындар да жетіп артылады. Жауапты органдар осындай көлеңкелі айналыммен жүйелі күрес жүргізу мақсатында өткен жылы балық өнімдерін бақылаудың ақпараттық жүйесін енгізуді қолға алып және балық саласын бұдан әрі дамытуды субсидиялауда «Акваөсіру туралы» арнайы заң жобасы ведмоствоаралық комиссияда мақұлданды.
Банк • 15 Наурыз, 2023
Еңсе тіктей бастаған еншілес банктер
АҚШ Қаржы министрлігі Шетел активтерін бақылау жөніндегі басқармасы «Сбербанктің» Қазақстандағы еншілес банкі – Bereke Bank-ті Specially Designated Nationals – қаржы институтының санкциялық және секторлық санкциялар тізімінен шығарды. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап аталған қаржы институтына «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі иелік еткен еді.
Экономика • 10 Наурыз, 2023
Пайыздық мөлшерлеме төмендей ме?
Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені 16,75 пайыз деңгейінде сақтау жөнінде шешім қабылдағаны белгілі. Бұған инфляция тәуекелдері теңгерімін бағалау негіз болған. Бір жылдан бергі геосаяси жағдайлар мен әлемдегі азық-түлік бағасының өсуіне байланысты сыртқы проинфляциялық факторлар сақталып отырғаны айтылған еді. Қазіргі таңда алқымнан алған нарықтағы қымбатшылық үдемесе, тоқтар түрі жоқ.
Инфографика • 10 Наурыз, 2023
Электронды сауданың қарқыны жоғары
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының бір бағыты электронды сауда болса, қазір сол бағыттың үлкен қарқынмен дамып келе жатқанын байқай аламыз. Мамандар екі жылдан кейін онлайн сауда нарығы еліміздегі бөлшек сауданың 15%-ын құрайды деген болжам жасап отыр.
Шаруашылық • 09 Наурыз, 2023
Конкурс қағидаларын өзгертуге кірісті
Егін егіп, мал өсіремін деген шаруалар мемлекеттен берілетін тегін жерді ала алмай жүр. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда 272,5 млн га жердің 214 миллионы – ауыл шаруашылығындағы алқаптар. Жайылымдық мақсатта – 184 млн га, ал ауыл шаруашылығы мақсатындағы айналымда 113 млн га жер бар. Шамамен 70 млн га резервте делінеді. Көбіне жайылым жер игерілмей жатыр.
Өндіріс • 22 Ақпан, 2023
Пальма майына тәуелділіктен қалай арыламыз?
Агроөндірістік кешеннің бірі саналатын май өнімдеріне сұраныс артқан сайын, оған қойылған баға да үздіксіз шарықтау үстінде. Май өнімдерін өндіруде оны дайындау құрамы, тасымалдау мен сақталуы қалай жүзеге асады? Қазақстанда 23 млн гектардан тұратын егістік көлемінің 3 млн алқабына майлы дақылдар егіледі. Бұл аумақ Орталық Азия елдеріндегі аталған егістіктің 90%-ын құрап отырған көрінеді. Елімізде осы өнімді өңдейтін ірілі-ұсақты 52 кәсіпорынның жылдық қуаты 2 млн тоннадан асады. Сөйте тұра кейбір қажетсіз май өнімдерін сырттан сатып алу отандық өндірушілердің көңілін көншітпейді.
Қазақстан • 16 Ақпан, 2023
АЭС – ел экономикасының драйвері
Елімізде атом электр стансасын салу мәселесі төңірегінде туындаған екіжақты пікірлер әлі де бір тоқтамға келер емес. Өйткені КСРО-ның Чернобыль және Жапонияның Фукусима қалаларында болған апат пен Семей ядролық полигонындағы жарылыс зардабынан қаймығып қалған халық атом энергиясы өндірісінде де осындай жағдай қайталануы мүмкін деген күдікпен қарсылық танытуда. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанда атом энергиясын құру мүмкіндігін жан-жақты зерттеу керек. Меніңше, бұл мәселені егжей-тегжей қарастыратын уақыт жетті, себебі Қазақстанға АЭС керек. Таза атом энергиясы болмаса, бүкіл экономикамызды жоғалтамыз» деген болатын халыққа арналған Жолдауында. Сонымен мамандар аталған мәселені сараптай келе елімізде АЭС салынатын орын ретінде әзірге Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Үлкен елді мекенін белгіледі.