
Мәселе • 19 Желтоқсан, 2024
Еліміз табиғи байлыққа жататын пайдалы қазбалар қоры жөнінен әлемде алғашқы ондықта. Алайда мамандар кен орындары жыл санап жұтап келеді дегенді айтып жүр. Әсіресе экономикалық тұрғыда маңызы алабөтен мұнай мен газ өнімдерінің сарқылатын уақыты таяп келе жатқандай.
Несие • 04 Желтоқсан, 2024
Ұлттық банктің соңғы мәліметіне қарағанда, банктер халықтың жеке мақсатына 13,1 трлн теңге шамасында несие берген. Жыл басында – 10,3 трлн теңге болса, өткен айға дейінгі өсім 27,2% деңгейінде.
Өнім • 29 Қараша, 2024
Сапасыз өнімнен қалай сақтанамыз?
Елімізде халық тұтынатын өнімдер арасында стандартқа сай келмейтін, адам денсаулығына кері әсері бар азық-түліктердің сатылымда жүргені оқта-текте анықталып жатады. Таяуда ел аумағында жүргізілген тексерістің нәтижесінде өнімдердің 70 пайызға жуығы белгіленген нормаға сәйкес келмеген. 300-ге тарта субъектіге әкімшілік-жауапкершілік шаралары қолданылыпты.
Энергетика • 28 Қыркүйек, 2024
Энергия көзін әртараптандыру маңызды
Әлемдік зерттеулерде ХХІ ғасырдың орта шеніне қарай баламалы қуат көзінің үлесі 30%-ға жетеді деп болжанған. Осы тұрғыда жаңғырмалы энергия көздерінің (ЖЭК) маңызы зор.
Энергетика • 24 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы АЭС құрылысын жүргізуге қатысты жалпыхалықтық референдумды 6 қазанға белгілегеннен кейін, елдегі жетекші саяси партиялар мен азаматтық ұйымдар өкілдерінің басын қосқан Халық штабы құрылды. Бүгінде әр өңірде Президент идеясының мәні мен маңызын талқылау қарқынды жүргізіліп жатыр.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2024
Болашақтың энергиясы: АЭС салынатын орын қалай таңдалады
Мемлекет басшысы АЭС құрылысын жүргізуге қатысты жалпыхалықтық референдумды 6 қазанға белгілегеннен кейін, елдегі жетекші саяси партиялар мен азаматтық ұйымдар өкілдерінің басын қосқан Халықтық штаб құрылды. Бүгінде әр өңірде Президент идеясының мәні мен маңызын талқылау қарқынды жүргізіліп жатыр.
Пікір • 20 Қыркүйек, 2024
Жансұлтан Матай: Табысы төмен азаматтардың баспаналы болу мүмкіндігі артты
Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің алдағы дамуына қатысты ой тұжырымдарын айқындап көрсеткен ең маңызды тұстың бірі – адамдардың әл-ауқатын арттыру мәселесі. Ондағы әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты – тұрғындардың қолжетімді әрі сапалы баспанамен қамтамасыз етілуі. Осы ретте «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жансұлтан Матайды сөзге тартқан едік.
Референдум • 14 Қыркүйек, 2024
ІІІ+ буынды реактор тиімді әрі қауіпсіз
Атом энергиясының қауіпсіздігіне күмәнмен қараушылар баршылық. Три-Майл-Айленд атом стансасындағы (АҚШ) апат кезінде реактордың белсенді аймағы қатты зақымданып, ядролық отынның бір бөлігі еріген. Десе де ол реактор корпусын тесіп өтпей, радиоактивті заттардың ішінде қалған. Соның салдарынан ауаға радиоактивті газдар шығарылып, станса аумағы да бірінші контурдан шыққан радиоактивті сумен ластанған. Осыған қарамастан, АЭС маңында тұрғылықты халықты эвакуациялау қажет етілмеген.
Экономика • 11 Қыркүйек, 2024
Экономика қайткенде көтеріледі?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономика сегментінде тағдырлас жобаларды жүзеге асыруымыз керектігін жиі айтады. Солардың ішінде металдарды терең өңдеу, мұнай, газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды қайта өңдеу мен байыту, автомобиль бөлшектері, тыңайтқыштар өндірісі секілді салаларға баса назар аудару қажет.
Энергетика • 17 Тамыз, 2024
Алдағы күз айларының бірінде елімізде атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыхалықтық референдум өтпек. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында: «Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Атом электр стансасын салу немесе салмау мәселесі – еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын», деді. Референдумның нақты күнін Мемлекет басшысы Үкімет белгілейтінін айтқан еді.