Қазақстан • 16 Ақпан, 2023
АЭС – ел экономикасының драйвері
Елімізде атом электр стансасын салу мәселесі төңірегінде туындаған екіжақты пікірлер әлі де бір тоқтамға келер емес. Өйткені КСРО-ның Чернобыль және Жапонияның Фукусима қалаларында болған апат пен Семей ядролық полигонындағы жарылыс зардабынан қаймығып қалған халық атом энергиясы өндірісінде де осындай жағдай қайталануы мүмкін деген күдікпен қарсылық танытуда. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанда атом энергиясын құру мүмкіндігін жан-жақты зерттеу керек. Меніңше, бұл мәселені егжей-тегжей қарастыратын уақыт жетті, себебі Қазақстанға АЭС керек. Таза атом энергиясы болмаса, бүкіл экономикамызды жоғалтамыз» деген болатын халыққа арналған Жолдауында. Сонымен мамандар аталған мәселені сараптай келе елімізде АЭС салынатын орын ретінде әзірге Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Үлкен елді мекенін белгіледі.