Гүлмира БАҒЫТҚЫЗЫ
Гүлмира БАҒЫТҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
177 материал табылды

Инфографика • 01 Маусым, 2023

Жиғаныңыз қайда инвестицияланады?

Елімізде зейнетақы жинақтары ұзақмерзімді инвестициялар ретінде саналып, кем дегенде бір жыл мерзімге инвестициялық кіріс сомасы талданады. Негізінен зейнетақы активтерін басқарушы және Бірыңғай зейнетақы қоры арасында жасалатын шарт салымшылардың мүддесін қорғайтын ұйым тұрғысынан есептеліп, шарттың үлгілік нысанын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің нормативтік-құқықтық актісі анықтайды.

Энергетика • 01 Маусым, 2023

АЭС: үміт пен күдік

Технологияның көз ілеспес жылдамдықпен даму кезеңі мен жер бетіндегі адам санының тұрақты өсуі барысында ғаламдық экономиканы атом энергиясынсыз елестету мүмкін емес секілді.

Қазақстан • 31 Мамыр, 2023

Өлшем бірлігіндегі өзгерістер

Бүгінгі күні қоғамдық өндірісті дамыту, ғылыми-техникалық ілгерілеу қарқындылығын арттыру және еңбек өнімділігі мен өнімдердің сапасын жетілдіру бағытындағы жұмыстарды тек стандартты қолдану арқылы іске асырылып отыр.

Бизнес • 25 Мамыр, 2023

Бизнесмен әйелдердің берекелі қадамы

Осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстан мен Еуропа қайта құру және даму банкі арасында әріптестікті бұдан әрі кеңейту аясында екіжақты келісімге қол қойылғаны бар. Онда жасыл, инклюзивті және гендерлік экономиканы дамыту мен цифрландыруды ілгерілетуге және 2060 жылға қарай елдің энергетикалық секторында көміртектің бейтараптығына қол жеткізу үшін ұзақмерзімді ынтымақтастық стратегиясын әзірлеуге келісім жасалған болатын. Сөйтіп, 18 жобаға 630 млн доллар инвестиция салынды. Сонымен қатар еліміздегі банк секторының рөлін арттыруға, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл аударылып, кәсіпкерлікті дамыту үшін жергілікті несие берушілерге 65 млн доллар бөлінді.

Қаржы • 25 Мамыр, 2023

Қырық құбылған қаржы нарығы

Еліміздің бас қаржы реттеушісі – Ұлттық банк өткен айда әлемдік қаржы нарығында бәсеңдей бастаған құбылмалықтың тәуекелді активтер динамикасына оң әсерін тигізіп, елдің ішкі валюта нарығында және халықаралық резервтер тұрғысынан біраз мәліметтер ұсынды.

Энергетика • 25 Мамыр, 2023

Энергетик мамандарды даярлау кемшін

Әлемдік экономиканы бүге-шігесіне дейін зерттеп-зерделеп жүрген «Korn Ferry» халықаралық консалтингтік компаниясы әлемде білікті мамандардың жетіспеушілігі 2030 жылға қарай қатты білініп, бұл саланың дамуына барынша бөгет болады деп болжам жасапты. Онда қаржылық қызметтер секторына кадр тапшылығы 10,7 млн адамды құраса, экономикалық шығындар жыл сайын 1,3 трлн доллардан асатын көрінеді. Осылайша, маман тапшылығына ұрынатын барлық салада технологияның дамуы тежеліп, кадр тапшылығы 4,3 млн адамға жетеді-мыс. Соның нәтижесінде, 2030 жылға қарай жыл сайын 1 103,25 млрд доллар көлеміндегі пайданы жоғалтады екенбіз. Өндіріс саласы бойынша еңбек нарығындағы сұраныс ұсыныстан 7,9 млн адамға асып кетеді екен. Бұл – әлемдік деңгейде аталып отырған көрсеткіш.

Қазақстан • 25 Мамыр, 2023

АЭС-тің айналаға әсері қандай?

Елімізде атом электр стансасын салу төңірегіндегі мәселе біраз уақыт­тан бері қоғамдық талқыға түсіп келеді. Бір жақ АЭС елдегі энер­гия тап­­шылығын азайтар еді деп жақтап жатса, келесі топ Чернобыль мен Фукусима­дағы апатты жағдай бізде де қайталануы мүмкін деген күдікпен наразылық танытуда.

Инфографика • 18 Мамыр, 2023

Ипотекалық несие деңгейі көңіл көншіте ме?

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде елімізде біраз уақыттан бері мемлекеттік бағдарлама аясында банк арқылы ипотека рәсімдеу, сатып алу құқығы бар жалдамалы пәтерлер мен белгілі бір санатқа жататын адамдарды баспанамен қамту жобалары іске асырылып келеді. Соның ішінде «7-20-25», «Нұрлы жер», «Шаңырақ», «Бақытты отбасы» және «Өз үйім» бағдарламалары шеңберінде талай жан баспаналы болды. Бұлардың қатарына таяуда «Ұмай» әйелдер ипотекасы іске қосылды. Қалай десек те, адамдардың лайықты баспанаға қолжетімділігі бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі болып тұр.

Өндіріс • 18 Мамыр, 2023

Сүт мәселесін «сүттей ұйыта» аламыз ба?

Еліміздің экономикалық тұрақтылығын қалыптастыруда ішкі өндірісті ұлғайту – Үкіметтің басты назарындағы мәселенің бірі. Олай болса, біздегі азық-түлік қорының 90%-ын құрайтын тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізат көзін ауылшаруашылық саласы қамтамасыз етіп отыр. Соңғы уақытта мал өсірген қазақ үшін негізгі тағамға айналған сүт өнімі төңірегіндегі әңгіме бүгінгі күн тәртібінен түсер емес.

Қаржы • 18 Мамыр, 2023

«Қарызсыз қоғам» ауыл халқының қаржылық сауаттылығын арттыра ма?

Ауыл халқының табысын арттыруға, жұмыссыз отбасылар санын азайтуға және ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы барлық өңірлерде қызу қолға алынды. «Балық берме, қармақ бер» демекші, өз кәсібін ашуға ниеттенген әрбір жан үшін аталған бағдарламаның берер мүмкіндігі мол.