Гүлмира БАҒЫТҚЫЗЫ
Гүлмира БАҒЫТҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
177 материал табылды

Банк • 30 Наурыз, 2023

Банктердің нарықтағы үлесі қандай?

Барлық дамыған мемлекетте банк қызметі – нарықтық экономика жүйесінің негізгі тармағы саналады. Оларға жетекші шаруашылық агенттердің рөлі жүктеліп, қызметі макроэкономикалық үдерістерге әсер ететін маңызды арналардың бірі ретінде қарастырылған. Өйткені екінші деңгейлі банктердің табысты жұмыс істеуі елдің әлеуметтік тұрақтылығына бірден-бір әсер етуші күші әрі экономикалық дамуының негізгі көзі. Десек те, қаржы реттеушілер банктердің лицензиясын қайтарып алып, оларды таратуға мәжбүр ететін жағдайлар да кезігеді.

Қазақстан • 29 Наурыз, 2023

Алтын қоры бойынша 15-орындамыз

Былтыр еліміздің алтын өндіру өнеркәсібі үшін табысты жыл болды. Отандық металлургтер рекордтық көлемде 73 тоннадан астам тазартылған алтын өндірді.

Экспорт • 29 Наурыз, 2023

Тауарлар экспорты артты

Былтырғы жыл Қазақстанның сыртқы саудасы үшін соңғы он жылдықтағы ең табысты жылдардың бірі болды. 2012 жылдан бері алғаш рет экспорт құндық мәнде 40%-ға өскен. Деректерге қарағанда өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстаннан сыртқа 84,4 млрд АҚШ долларының тауары сатылған. Бұл 2012-2013 жылдардағы көрсеткіштермен тең.

Экономика • 26 Наурыз, 2023

Ішкі нарыққа сыртқы фактордың әсері қандай?

Банк саласының сарапшылары теңге бағамына әсер ететін факторлар ретінде мұнай мен шикізат бағасын, әлемдегі экономикалық және қаржылық жағдайды, соның ішінде елдің сауда әріптестеріндегі ахуалды айтады. Ал қаржылық реттеуші өкілдері отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қолдау арқылы нақты айырбас бағамына қол жеткізуді, ағымдағы шот бойынша теңгерімсіздіктің алдын алу және халықаралық резервтердің, соның ішінде алтын-валюта қорының төмендеуіне жол бермеу керек деген пікірде.  

Саясат • 26 Наурыз, 2023

АЭС-тің пайдасы орасан

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің мәліметінше, әлемде атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қарастырып жатқан 27 елдің ішінде бірінші АЭС-ті салу бойынша 17 мемлекет қатарында Қазақстан шешім қабылдау сатысында тұр. Ал өз шешімін қабылдаған 10 мемлекет инфрақұрылымын салуда келісімшартқа қол қойып, жақын арада бірінші атом электр стансасының құрылысын бастамақшы. Мамандар зерттеуінше бір АЭС жыл сайын орта есеппен 20 млн тоннаға дейін СО2 қалдықтардың алдын алса, 1 кг уран 100 тонна көмір немесе 60 тонна мұнайға тең энергия шығарады екен. Бағамдасақ, бұл электр стансасының қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі айтарлықтай екендігіне көз жеткізуге болады. 

Қазақстан • 15 Наурыз, 2023

66 млн карта айналымда жүр

Елімізде соңғы бір жылда банк картасын пайдаланушылар төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 125,1 трлн теңге болатын 8,8 млрд транзакция жасаған. Ұлттық банк мәліметінше, қолма-қол ақшасыз операциялар көлемі артып, былтыр эмитенттердің төлем карталарын қолданғандар 103,8 трлн теңге сомасында 8,6 млрд қолма-қол ақшасыз операция жүргізген. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,4 есе жоғары көрсеткіш.

Өнім • 15 Наурыз, 2023

Балық өнімдерін ұлғайтудың жалғыз баламасы – акваөсіру

Сәуір айының басы – омыртқалы су жануарларының уылдырық шашатын мезгілі. Осыған байланысты заң жүзінде маусым айының орта шеніне дейін өзең-көлдерден балық аулауға тыйым салынатыны бар. Аталған жайтты біле тұра тор құрып, қармақ тастайтын азаматтар айтарлықтай айыппұл төлеп, әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатса да бұл кезеңде керек-жарағын сақадай сайлап, тұқымы құрып кету қаупіне шақ тұрған балықтарды елден тысқары аймақтарға жөнелтіп өз бизнесін дөңгелетіп отыратындар да жетіп артылады. Жауапты органдар осындай көлеңкелі айналыммен жүйелі күрес жүргізу мақсатында өткен жылы балық өнімдерін бақылаудың ақпараттық жүйесін енгізуді қолға алып және балық саласын бұдан әрі дамытуды субсидиялауда «Акваөсіру туралы» арнайы заң жобасы ведмоствоаралық комиссияда мақұлданды.

Банк • 15 Наурыз, 2023

Еңсе тіктей бастаған еншілес банктер

АҚШ Қаржы министрлігі Шетел активтерін бақылау жөніндегі басқармасы «Сбербанктің» Қазақстандағы еншілес банкі – Bereke Bank-ті Specially Designated Nationals – қаржы институтының санкциялық және секторлық санкциялар тізімінен шығарды. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап аталған қаржы институтына «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі иелік еткен еді.

Экономика • 10 Наурыз, 2023

Пайыздық мөлшерлеме төмендей ме?

Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені 16,75 пайыз деңгейінде сақтау жөнінде шешім қабылдағаны белгілі. Бұған инфляция тәуекелдері теңгерімін бағалау негіз болған. Бір жылдан бергі геосаяси жағдайлар мен әлемдегі азық-түлік бағасының өсуіне байланысты сыртқы проинфляциялық факторлар сақталып отырғаны айтылған еді. Қазіргі таңда алқымнан алған нарықтағы қымбатшылық үдемесе, тоқтар түрі жоқ.

Инфографика • 10 Наурыз, 2023

Электронды сауданың қарқыны жоғары

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының бір бағыты электронды сауда болса, қазір сол бағыттың үлкен қарқынмен дамып келе жатқанын байқай аламыз. Мамандар екі жылдан кейін онлайн сауда нарығы еліміздегі бөлшек сауданың 15%-ын құрайды деген болжам жасап отыр.