Экономика • 20 Шілде, 2023
Етікшілеріміздің нарықтағы үлесі – 3,3% ғана
Елімізде соңғы екі жылдан бері тауарларды таңбалау жұмыстарымен Сауда және интеграция министрлігі айналысып келеді. Қазіргі күні тауар экспорты елу пайыздан жоғары көрсеткішті құрап отыр. Негізінен тауарларға таңбалауды жүргізу көлеңкелі айналымның үлесін төмендетіп қана қоймай, халықты жалған өнімнен қорғайтыны бар. Міндетті таңбалау енгізілгеннен бері, соңғы екі жылда жеңіл өнеркәсіп нарығында – 65%, оның ішінде аяқкиім – 48,5%, алкогольді ішімдіктер – 25% бен дәрі-дәрмектер 12%-ға төмендеген.
Банк • 22 Маусым, 2023
Жақында «Jusan Analytics» 2012-2022 жылдар аралығындағы еліміздің банк секторына шолу жасап, қаржылық қызметтер нарығының трансформациясын қарастырды. Аталған жылдары қаржы саласында біршама өзгеріс болып, әлемдік қаржы дағдарысынан кейін нарықта банк секторының активтері 10 жыл ішінде 3 есеге жуық өсіп, ұлттық валюта 3 есеге құнсызданған.
Кәсіпкер • 22 Маусым, 2023
Мемлекет басшысының тапсырмасымен осыдан екі жыл бұрын экономика, өнеркәсіп, қаржы, әлеуметтік және басқа да салалар бойынша сомасы 36 триллион теңгені құрайтын 10 Ұлттық жоба әзірленді. Оның ішінде «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау», «Білімді ұлт» сапалы білім беру», «Ұлттық рухани жаңғыру», «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс», «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу», «Жасыл Қазақстан», «Қауіпсіз ел» және «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» мен «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» жобалар енген еді.
Инвестиция • 22 Маусым, 2023
Салымшы және инвестициялық табыс
Биылғы мамыр айына дейін ел азаматтарының зейнетақы жинақтары 1 трлн теңгеге, яғни 6,9 %-ға өскен. Ал соңғы төрт айда зейнетақы жарналарының сомасы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 663,42 млрд теңгеге жетіп, өсім 27%-ды құрады. Бұл былтырғыдан 139,88 млрд теңгеге артық. Осыған қарап-ақ, зейнетақы жинақтарының өсімділігі инвестициялық табыстан да маңызды рөл атқарып отырғандығын бағамдауға болады. Өткен төрт айда қор салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген, Ұлттық банктің басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы 481,8 млрд теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5 есеге артқан.
Қазақстан • 15 Маусым, 2023
«Қазақстанда жасалған» өнім қашанғы қағажу көреді?
Өнімдеріміздің халықаралық нарықта танымалы некен-саяқ. Мұндайда маңдайы жарқыраған мұнай мен мұнайдан алынатын өнімдерден өзге, күллі әлемде көш бастаған уран өндірісін мысалға келтіре аламыз. Ішінара кондитерлік өнімдер мен ет және ұн қосылған сапалы тағамдарға да сырттан сұраныс жоғары...
Қаржы • 13 Маусым, 2023
Базалық мөлшерлеме қай деңгейде?
Еліміздің бас қаржы реттеушісі – Ұлттық банк пайыздық саясаттың негізгі құралы ретінде базалық мөлшерлемені былтырғы жылдың соңына қарай 16,75 пайыз деңгейінде сақтау жөнінде шешім шығарған-ды. Отандық сарапшылар бұл жоғары пайыздық көрсеткіш, бұны одан әрі көтеруге ешқандай себеп жоқ, биылғы жылдың соңына қарай мөлшерлеменің жылдық пайыздық көрсеткіші 13,5-14,5 дейін төмендеуі мүмкін деген ойларын білдірген болатын. Алайда пайыздық мөлшерлеменің құбылуы біраз ақша-кредит саясатына да толқулар әкелген сыңайлы.
Қаржы • 08 Маусым, 2023
Жақында еліміздің бас қаржы реттеушісі – Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті осы жылдың сәуір және мамыр айлары аралығындағы іскерлік белсенділік индексіне енген өзгерістерді атады.
Инфографика • 08 Маусым, 2023
Осыдан біраз бұрын ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуда және ауылдық жерлерді тұрақты дамытуға арналған «Ауыл – ел бесігі» жобасы іске қосылғаны бар. Аталған жобада жаңа жұмыс орындарын ашып, балабақша, мектеп, аурухана, жол, газ, су сынды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қамтылуы, сонымен қатар орта және шағын бизнесті дамыту үшін бірқатар басымды бағыт белгіленді. Соның ішінде әрдайым өзектілігін жоғалтпаған су мәселесі ел тұрғындарының күн тәртібінен түспеген басты талабы екенін айтуға тиіспіз.
Шаруашылық • 08 Маусым, 2023
Алқапты цифрландыруға не кедергі?
Шаруашылық ісін жүргізу қазіргі таңда өзекті мәселенің біріне айналып отырғаны бар. Фермерлер жеңілдетілген несие қаражатына қол жеткізсе, олар тек материалдық-техникалық базаны жақсартып қана қоймай, егістік жерлердің сапасын арттыру мүмкіндігіне де ие болар еді.
Қазақстан • 01 Маусым, 2023
Көлік-логистика секторын не күтіп тұр?
Үш жылға созылған әлемдік COVID-19 эпидемиясы мен екі жыл бұрынғы геосаяси тұрақсыздық көлік саласына әсерін тигізбей қоймады. Сарапшылар 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азияның жетекші транзиттік хабына айналады деп есептейді.