Инвестиция • 19 Қазан, 2023
«Халықтық IPO»: инвестициялау кезеңі
Осыдан он жыл бұрын жария түрде алғаш рет еліміздегі компаниялардың акцияларын биржада сатылымға шығару жөнінде «Халықтық IPO» жобасы іске қосылған еді. Аталған жоба аясында ірі компаниялар мен біраз қалталы азаматтар ақша аудару арқылы инвестициясын ұлғайтқан болатын.
Туризм • 17 Қазан, 2023
Әлем назарына іліккен Сарайшық
Еліміздің ең көне тарихи орындарының бірі саналатын батыс өңіріндегі Сарайшық қаласы кезінде жүзден аса хан билік құрған Қазақ хандығының алғашқы астанасы әрі орта ғасырда Алтын орданың ірі сауда және экономикалық орталығы болған. Бүгінгі таңда Сарайшық – туристердің қызығушылығын тудырып отырған айрықша мекен. Өткен ғасырдың 60-жылдары қоғамдық негізде ашылған музей 1999 жылы «Хан Ордалы – Сарайшық» музей-қорығы болып құрылды. XIІІ ғасырдан бастап жазылған Сарайшық қаласының тарихы кеңес кезінде елеусіз қалып, тек еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана зерттеу жұмыстары жүргізіле бастаған.
Экология • 12 Қазан, 2023
Қалдықты қайта өңдеу – уақыт талабы
Жиырма бірінші ғасырдың әлем алдында тұрған ең күрделі мәселесі – қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) жайы. Дүниежүзіндегі әр тұрғын шамамен жылына 300 кг жуық қоқыс шығарады екен. Бұған зауыттар мен фабрикалар секілді ірі өнеркәсіптерден бастап, қоғамдық тамақтану орындары мен коммерциялық нысандарды қоссаңыз, тау болып үйілген қоқыс полигондарын көз алдыңызға елестете беріңіз.
Сараптама • 11 Қазан, 2023
Референдум өткізуге дайынбыз ба?
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында атом электр стансасын салу немесе салмау жөніндегі мәселе жалпыхалықтық референдумға шығарылатындығы және нақты мерзімі кейін анықталатыны айтылған еді.
Несие • 05 Қазан, 2023
Корпоративтік несиенің көмегі тие ме?
Президент Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында корпоративтік несиелендіруді қайта бастау қажеттілігі жөнінде нақты айтып, Үкіметке тапсырма берген еді.
Энергетика • 05 Қазан, 2023
Энергетикалық қауіпсіздік – маңызды мәселе
Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты биылғы Жолдауында инфрақұрылымды жаңғыртпай жаңа экономикалық модельді жүзеге асыру мүмкін еместігін атап өткен болатын. Өткен жылы еліміздегі жылу электр стансалары мен жылу желілеріндегі инфрақұрылымдық апаттар энергетикалық жүйеге қаншалықты тәуелді екенін көрсетті. Энергетика саласында әлі де болса жүйелі түрде шешімін таппай отырған мәселелер баршылық. Осыған орай Президент энергетикалық қауіпсіздік мәселесін шешуге айрықша тоқталды.
Экономика • 05 Қазан, 2023
Уран мен мұнай акциясына сұраныс артып келеді
Кейінгі уақытта елімізде уран мен мұнай бағасының құбылуы «ҚазМұнайГаз» бен «Қазатомөнеркәсіп» акцияларына сұранысты арттырып отыр.
Экономика • 04 Қазан, 2023
Ел ұстанымын нығайту – ерекше назарда
Таяуда Ұлттық банктің сарапшылар қоғамдастығы макроэкономикалық сауалдаманың нәтижесін жариялады.
Қаржы • 28 Қыркүйек, 2023
Жақында еліміздің Бас қаржы реттеушісі – Ұлттық банк пен Ұлттық төлем корпорациясы цифрлық валютаны енгізу жөніндегі «Цифрлық теңге: бірінші кезеңді іске асыру жоспары» деген атпен ақпарат жариялады.
Инвестиция • 28 Қыркүйек, 2023
Алтын құйма – сенімді инвестиция
Әлемнің дамыған елдері болашағының кепілі ретінде алтын құйма сатып алу арқылы капиталын үстемелейді. Аталған өнім өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап жаһанда еркін саудалана бастады. Дүниежүзілік алтын кеңесінің (World Gold Council) соңғы деректерінде көрсетілгеніндей Қазақстан алтын ұстаушы елдер арасында – 16-орында.