
Сұхбат • 25 Ақпан, 2025
Ұлықбек ТҰМАШИНОВ: Халыққа тиімді құжат қабылданды
Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заңды талқылау ісіне Мәжіліс депутаттары белсене атсалысып, халыққа тиімді өзгерістерді қабылдауға мұрындық болғаны белгілі. Осыған орай заң жобасына қатысты жұмыс тобына жетекшілік еткен Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашиновпен сұхбаттасып, құжаттағы өзгерістердің мән-жайын сараладық.
Қоғам • 25 Ақпан, 2025
Көптен күткен қоныстой: Жұртшылық жаңа заңның игілігін көре бастады
Президент өткен жылы қол қойған тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң биыл 24 мамырда күшіне енеді. Алайда құжаттың жекешелендіруге қатысты нормалары былтырғы 4 желтоқсанда қолданысқа еніп, жұртшылық оның игілігін көре бастады.
Сұхбат • 16 Қаңтар, 2025
Марат Әзілханов: Ынтымақ пен бірегейлік – мемлекеттіліктің маңызды тетігі
Елдік мүддені жүзеге асыруға елеулі үлес қосып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына биыл 30 жыл толады. Осы орайда ҚХА Төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы Әзілхановпен сұхбаттасқан едік.
Сұхбат • 11 Маусым, 2024
Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль «Egemen Qazaqstan» газетіне арнайы сұхбат беріп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестігі дамуының бүгіні мен келешегі туралы ой қозғады.
Әлем • 31 Шілде, 2023
Түбі бір түркі елдерімен ынтымақтастық – еліміздің сыртқы саясатындағы маңызды бағыттың бірі. Бауырлас елдер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени байланыстың нығая түсуі Әзербайжан елінде өткен Шуша жаһандық медиа форумында айрықша көрініс тапты. «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі жаңа медиа» атты форумға әлемнің 49 елінен 150-ге жуық шетелдік БАҚ өкілі қатысты. Алқалы жиында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Орталық Азия мемлекеттерімен серіктестік қарқынды дамып келе жатқанын атап айтты.
Пікір • 05 Сәуір, 2023
Баспана жыры тұрғындарды тығырыққа тіреді
Жақында «Қарағандыда заңсыз салынып жатқан 7 үйдің құрылысы сот шешімімен тоқтатылды, тағы 3 үйге қатысты материал қаралып жатыр» деген ақпарат жарияланды. Үйлердің аты аталып, түсі түстелген тізім де қоса шықты. Артынша редакциямызға алаң көңіл тұрғындар хабарласа бастады. Айтуларынша, қарақұрым халық аталған үйлердің пәтерлеріне ен салып, ақысын төлеп те қойған. Арасында бүгін-ертең кілті берілетін үйлер де бар. Кейбірі – бір емес, бірнеше ғимараттан тұратын тұтас кешен.