Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ«Egemen Qazaqstan»
623 материал табылды

Қоғам • 20 Шілде, 2023

Қыл үстіндегі бала тағдыры

Айдың-күннің аманында Сары­ағаш ауданындағы қар­шадай қыздың қылмыскер қолынан қаза табуы балаларға қарсы зорлық-зомбылық мәсе­лесін тағы да кезек күттірмес проблемалар қатарына шығарып отыр.

Жемқорлық • 19 Шілде, 2023

Бухгалтерлердің былығы

Теңіздің тамшыдан, теңгенің тиыннан құралатыны секілді, Әділетті Қазақстанды да біз әділдік арқылы құра аламыз. Қазір осы бағытта жүйелі істер атқарылып жатқаны қуантады. Мәселен, қоғамның қай саласында болсын мемлекет қаржысын жымқырып келген жемқорлардың ұстала ­бастауы – соның анық айғағы.

Қоғам • 19 Шілде, 2023

Полицей әуелі психолог болуы керек

Қызығы мен қиындығы қиюласқан ішкі істер саласына адамдар әртүрлі себеппен келіп жатады. Бірі осы салада ұзақ жыл еңбек еткен әкесінің немесе атасының жолын қуса, екіншісі бала күнінен оқалы киім кисем деп, сол арман-мақсатының жетегімен ішкі істер саласының табалдырығын аттайды. Ал үшіншілері қоғам тыныштығы мен адамдар қауіпсіздігін қорғауды өз парызы санап, полиция қызметкерінің имиджін жоғарылатсам деген нақты мақсаттың жолында тәртіп сақшысы қызметін таңдап жатады.

Әскер • 13 Шілде, 2023

Элиталық қорғаныс құрылымы

Елорданың 25 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтіліп жатқанда, тәуелсіздігіміз бен ты­ныштығымыздың күзетшісі – Қарулы күштердің құрамындағы элиталық әскери құрылымның да кезекті туған күні тойланды. Ол – 2000 жылдың 6 шілдесінде Президент Жарлығымен құрыл­ған Десанттық шабуылдаушы әскерлер.

Әскер • 13 Шілде, 2023

Әскери оркестрлер шеруі

Елорданың 25 жылдығына орай «Астана – мәдениет керуені» та­қы­рыбымен I Халықаралық әс­ке­ри-музыкалық фестиваль өтті. Мереке күні Есіл жағалауын­да­ғы жазғы амфитеатр сахнасында ұйымдастырылған Band Marathon-да Әзербайжан, Үндістан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан мен Жа­по­нияның әскери музыкалық ұжым­дары өнер көрсетті.

Сұхбат • 12 Шілде, 2023

Ермек Сағымбаев: Ұлттық қауіпсіздік – абыройлы міндет

Бүгін – Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылған күні. Еліміздің басты арнау­лы қызметі осыдан 31 жыл бұрын жұмысын бастаған еді. Біз Ұлттық қа­уіп­сіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевпен сұхбаттасып, ке­йінгі бірер жылда аталған салада қандай өзгерістер жасалғаны жөнінде, сон­дай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің даму барысы туралы сұрап білдік.

Құқық • 10 Шілде, 2023

Киберпол – жаңа тергеу амалы

Киберқылмыспен күрес – бір күндік шаруа емес. Ол – күннен-күнге аясы кеңейіп келе жатқан әрі құқық қорғау органдары үшін күн тәртібінен түспейтін жұмыс бағыттарының бірі. Өйткені интернет арқылы жасалатын құқыққа қарсы әрекеттердің түрлері көбеюмен қатар, қақпанына түсіп жатқан құрбандар саны да азаймай тұр. Осы орайда ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы, полиция подполковнигі Жандос Сүйінбаймен әңгімелесіп, осы салада атқарылып жатқан жұмыстар мен өзгерістер жайлы сұраған едік.

Егемен Қазақстан • 04 Шілде, 2023

Елордадағы Журналистер саябағы

Кеше елордадағы «Егемен Қазақстан» көшесі бойынан Журналистер саябағы салтанатты түрде ашылды.

Егемен Қазақстан • 04 Шілде, 2023

Журналистер саябағындағы марапат

Астанада Журналистер сая­бағы ашылғаннан кейін сән-салтанаты келіскен алаңда іле-шала алғашқы іс-шара да өтіп үлгерді. Атап айтқанда, «Қа­зақ газеттері» ЖШС қыз­мет­керлеріне кәсіби мереке – БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында тағайындалған марапаттарды табыстау салтанаты өтті.

Мәселе • 04 Шілде, 2023

Ауыз судың көкейкесті мәселесі

«Судың да сұрауы бар». Бабаларымыз мұны өз заманы емес, келешек үшін айтқан ба дерсің. Экономикасы мен ғылымы қарыштап дамыған ХХІ ғасырда адамзаттың қолы айға да жеткенімен, жер астындағы суға жетпей қалады деп кім ойлаған?! Бірақ ақиқаты сол, ауыз су мәселесі бүгінде бүкіл әлем үшін өткір тұрған проблемалардың біріне айналды.