Egemen redactor
Egemen redactor
32 материал табылды

Саясат • 03 Қыркүйек, 2019

Үкіметке жүктелген тапсырма көп

Саясат • 03 Қыркүйек, 2019

Негізгі лейтмотив – халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыру

Жол­даудың негізгі лейтмотиві – «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру, азаматтардың, бизнес пен мемлекеттік аппараттың арасында тиімді өзара іс-қимыл қалыптастыру қажеттігі. Осы қадамды жүзеге асыру барлық салада серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған, кесіп-пішілген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Тағайындау • 02 Қыркүйек, 2019

Гүлзат Көбенова Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды

Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы лауазымына оқу демалысы кезеңіне Гүлзат Ісбасарқызы Көбенова тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 02 Қыркүйек, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың құзыретіне кіретін  негізгі бағыттары мен міндеттерін айқындап берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 02 Қыркүйек, 2019

Қазақстан Президенті Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаевты қабылдады

Мемлекет басшысына Ақмола облысының биылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ келесі жылы Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық барысы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 02 Қыркүйек, 2019

Президент: 2020 жылдан бастап жыл сайын 10 мың отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы баспаналы болады

2020 жылдан бастап жыл сайын 10 мың отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы баспаналы болады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Президент • 02 Қыркүйек, 2019

Президент Үкіметке мәдениет саласының қызметкерлерінің айлығын көтеруді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мәдениет саласының қызметкерлерінің айлығын көтеруді тапсырды. 

Тағайындау • 02 Қыркүйек, 2019

Болат Төкежанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Тұрғанұлы Төкежанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 02 Қыркүйек, 2019

Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.