Қазақстан • 14 Қазан, 2019
Тәлім мен тәжірибе ұштасқан ұя
Бұл екеуі адам тіршілігінің қос қанаты сияқты. Бірі болғанмен екіншісі болмаса шыңға шығып, биікті бағындыру қиынға соқпақ. Алған білім, тамған тердің өтеуі білімді, білікті һәм сапалы маман болумен сабақтасатыны белгілі. Жоғары оқу орнында жинаған төрт жылдық білімін төрге оздыра алмай, пайдаға жарата алмай қапа болып жүрген қатарластарымыз да қаншама. Ол сабаққа деген салғырттықтан ба, мақсатқа деген махаббатсыздықтан ба, жоқ әлде әуелгі арманның әлсіздігінен бе?! Білім мен еңбекті бірге оқытып жүрген университеттердің бірі – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.
Руханият • 10 Қазан, 2019
Қазақ өнерпаздары Ресейде концерт қойды
«Отандастар Қоры» КЕАҚ-ның маңызды бағыты шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қолдау. Бұл - шетелде тұратын отандастармен байланысты нығайту, қазақтың ұлттық-мәдени орталықтарының жұмысын ұйымдастыруда тиімділікті арттыру.
Қазақстан • 10 Қазан, 2019
Кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті
«Қауіпсіз кәсіпорын – сау жұмысшы» тақырыбында елорданың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті. Шараны Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіподақтар орталығы ұйымдастырды.
Қоғам • 10 Қазан, 2019
Жас мұғалімдерге жатақхана берілді
«Жастарға жалға берілетін тұрғын үйге құжаттар қарашадан бастап қабылданады» деген шаттыққа толы жаңалық шартарапты шарлап кеткен болатын. Біреу сеніп, біреу күдікпен қарағаны белгілі. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында берген тапсырмасына сәйкес Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй еліміздегі басты 3 қалада жүзеге асатынын, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында 1 050 пәтер, Шымкент қаласында 904 пәтер беру жоспарланып отырғанын, жалдау ақысы айына 10 мың теңгені құрайтынын жеткізген болатын.
Руханият • 08 Қазан, 2019
Нұр-Сұлтан қаласында республикалық айтыс өтеді
Нұр-Сұлтан қаласында 19 қазан күні «Береке бірлігіңде, Елім» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.
Қазақстан • 08 Қазан, 2019
Бақытты балалық қауіпсіз ортадан басталады
«Бала – бауыр етің» дейді халқымыз. Үрім-бұтағының бала шағында алаңдап, болашағын бағамдап жүретін ата-ананың кіндігінен тараған ұрпағы үшін жар құлағы жастық тимейді. Сыртқа шықса уайымдап, сырқаттанса мұңайып, жанын қоярға жер таппайды. Тіршілік иесі титтей зәбір көріп зақымданса «сен ауырғанша, мен ауырайын» деп барын беруге, аузына тосуға дайын тұрады. Иә, сондықтан да ата-ана баланы тоғыз ай құрсағында, екі жыл кеудесінде, өмір бақи жүрегінде сақтайды.
Қазақстан • 08 Қазан, 2019
Жаңа атаулы әлеуметтік көмек қалай тағайындалады?
Жаңа атаулы әлеуметтік көмек отбасылық кіріске қарамастан барлық көп балалы, яғни 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған, орта арнаулы немесе жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жасы 23-ке толмаған балалары бар аналарға беріледі.
Қоғам • 07 Қазан, 2019
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Жадымыздан өше бастаған және жаңа есімдерді ғылымның сан тараулы саласынан іздестіру. Қазақстан: 1960-2000 жж.» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» мен Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві бірлесе ұйымдастырды.
Қоғам • 04 Қазан, 2019
Қазақстан жастарының конгресі Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауы бойынша белсенді жастармен кездесулер өткізуде.
Руханият • 03 Қазан, 2019
Кез келген тіршілік иесінің тағдыры тақтайдай түзу жолдан тұрмайтыны белгілі. Бүгін қуанып жүрсең, ертең қуарып, бүгін көл болып жүрсең, ертең шөл болып қалуың табан астында. Адамның бір аты пенде болған соң қазір не күтіп тұрғанын болжай алмаса да, бір жылдығын жоспарлап тастайды. «Құдайдың бұйрығынсыз қурай да сынбайтынын» білмегендіктен құдіреті жетпес нәрсеге құлшынып, шамадан тыс шаруа атқарамын деп шаршайды.