Әлем • 31 Тамыз, 2020
Нью-Йорк музейлері қайта ашылды
Пикассо мен Моненің картиналарын сағынсаңыз, яки Джакомметтидің мүсінін тамашалағыңыз келсе, мархабат. Осы аптадан бастап Нью-Йорк музейлері ұзақ уақытқа созылған демалыстан соң қайта ашылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 31 Тамыз, 2020
"Астана Опера" сахнаға қайта оралды
Шартарапты шарлаған пандемияға байланысты соңғы алты ай бойы еліміздегі барлық мәдени ошақ орындары өз жұмыстарын тоқтатқан еді. Наурыз айынан бері онлайн жұмыс істеген "Астана Опера" театры енді сахна шымылдығын ашып, халық алдында өнер көрсететін болады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 30 Тамыз, 2020
Биылғы Әдебиет саласы бойынша халықаралық Букер сыйлығы нидерландық жазушы Марика Лукас Рейневелдке бұйырды. "Жайсыз кеш" (The Discomfort of Evening) романы үшін сыйлыққа лайық деп танылған автор беделді марапат тарихындағы ең жас лауреат атанды. Айта кетейік, бұл 29 жастағы Рейневелдтің дебюттік шығармасы.
Әдебиет • 26 Тамыз, 2020
Халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді
Жыл сайын сары-ала күздің басы Мәскеу үшін әдеби оқиғаларға толы болады. Бұл игі дәстүр осы жолы да жалғасын тауып, 2 қыркүйекте Ресей астанасында 33-ші Халықаралық кітап жәрмеңкесі басталмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Шілде, 2020
"Абай шапағаты" қоры 10 мұқтаж отбасыға 42 500 теңгеден берді
Күні кеше ғана "Абай шапағаты" Халықаралық қайырымдылық қоры Құрбан айт мерекесі қарсаңында "Жақыныңа жанашыр бол" атты акция бастады. Алғашқы акцияда меценат Толқын Ақанұлының демеушілігімен көмекке мұқтаж 10 отбасыға 42 500 теңгеден табысталды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 19 Шілде, 2020
Мүшәйраға қатысуға ықылас танытып отырған ақындардың өтінішіне орай және ел ішіндегі індет зардаптарын ескере отырып "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-інің қаржылай қолдауымен Жезқазған қаласындағы "Қазақтың Кетбұқасы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін "ҰЛЫТАУЫМ – ҰЛЫ ДАЛА КИЕСІ" атты жазба ақындардың республикалық мүшәйрасына өлеңдер қабылдау мерзімі 10 тамызға дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Сұхбат • 15 Шілде, 2020
«Кішкентай адамдардың» үлкен қателіктері
Құдай аузына сөз салған ақын-жазушы атаулының адам өміріндегі алар бағасын ешкім бағамдап көрмепті. Айтар сөзінің өн бойына шындықтың өзгеше айшық өрнегімен қатар сурет сәулесін түсіріп, оқырманға образды сөз сыйлағысы келген авторлардың дүниені тануымызға сіңіріп жатқан еңбегі мақтаусыз емес. Бірақ биіктігінің өлшемі белгісіз мұнара тәрізді қазақ әдебиетінің ағысы әрқашан бір қарқында бола бермейтіні тағы анық. Ол да «түлкі шығып, тазы шалған» замандағы оқырман психологиясына қарай өзгеріп отырмақ. Ой тереңін тот басқан, сезімсіз қалыпқа адами, саяси себептермен еріксіз түскен халықтың әдебиеті қандай болуы керек екеніне кейде өзіміз де жауап бере алмай жатамыз (бәлки, мұнымыз да дұрыс шығар).
Қоғам • 13 Шілде, 2020
Оңайгүл Тұржан: Ендігі амал не болмақ?
Тап осындай азалы күнді бүкіл ел болып бастан кешеміз деп ойлап па едік! Тарихқа қарап отырсақ, талай індетті адамзат бастан өткерген екен. Сондай кезде ел ішін үрей билегені соншалық, жұрт ауру жұқтырған кішкентай сәбилерін, қарт ата-аналарын тастай қашыпты. Бірақ індет қашқандарды да қуып жетіпті.
Қоғам • 13 Шілде, 2020
Ұлықбек Есдәулет: Әр қазақ – Қазақстан қазынасы!
Күллі әлемді құйындай жайпап өткен кесірлі, кесапатты кесел Қазақстан халқына ауыр тиді. Жұқпалы науқасқа шалдыққандар, көз жұмғандар саны күрт өсті. Күн сайын түрлі жаманат хабардан жер селкілдейді. Әлеуметтік желіге кіруге қорқатын болдық. Ковид пен пневмония десе жұрттың жүрегі дірілдейді. Бейне бір ешкімді әскерге алмай-ақ, сапқа тұрғызбай-ақ, қан майданның қасабына ұшырататын, көзге көрінбейтін қырғын соғыс жүріп жатқандай.
Қоғам • 13 Шілде, 2020
Марал Ысқақбай: Ақыл-парасатқа жүгінейік...
Біз қазір қиын кезге тап болып отырмыз. Тып-тыныш жатқан елге тұтқиылдан жау шапқандай күйдеміз. Алматыдағы ағайындарды былай қойғанда, сонау Шымкент, Тараз жақтан қаралы хабарлар көбейді. Осы бір індеттен бақилық болған барша отандастарымыздың жандары жәннатта шалқысын!