Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
666 материал табылды

Әдебиет • 21 Қазан, 2019

Жазудың машақаты

Қара жолға түскен із көп. Бір іздің үстін бір із таптап жатыр. Жүректегі қайрат, жанардағы үміт әркімді әр саққа жетелейді. Діттегеніне біреу жетер, біреу жетпес. Әлімсақтан заңдылық – осы.

Әдебиет • 18 Қазан, 2019

Мәскеуде шыққан мәнді шығарма

Әдебиеттің салқар көшіне ілесіп, таланты мен қабілетін қаламына қатар түсірген жазушы бағзыдан бері қанша уақыт сарқылса да есті оқырманның ойында һәм жүре­гінде қалады. Бұл хат танитын бәріміздің іштей ғана біліп, мойындайтын шындығымыз. Бір-бірінің көңілін тап­қан оқырман мен автор да табиғаттары тым бөлек жан­дар емес. Оған дәлел: қазақтың бұрынғы баба, би тілінің құнарын сақтап қалған жазушының бірегейі, қара сөзден құйын тұрғызған Рахымжан Отарбаевты оқушылардың дені рухты һәм мінезді келеді. Әлқисса, «шағын әңгімелерінде үлкен ой айта алатын кесек жазушы» Рахымжан Отарбаев творчествосынан игі бір істің cүйінші хабарын құлағымыз шалды.

Руханият • 18 Қазан, 2019

Тұрар туралы толғады

Таяуда Ұлттық музей­­дің Ғылыми кітапхана­сын­да мемлекет қайрат­кері Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақтың қызыл жебесі»  атты дөңгелек үстел өтті.

Руханият • 17 Қазан, 2019

«Сырыңды айтшы, дүние...»

16 қазан күні Ұлттық академиялық кітапханада ақын, жазушы, драматург Баянғали Әлімжановтың 65 жылдық мерейтойына орай «Сырыңды айтшы, дүние…» атты шығармашылық кеші өтті.

Руханият • 04 Қазан, 2019

Детективтің дарабозы

Ұлттық академиялық кітапханада қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған көрнекті жазушы Кемел Тоқаевты еске алуға арналған «Дидары дүниенің – детективте» атты кеш өтті.

Руханият • 27 Қыркүйек, 2019

Таңдаулы туындылар тұсаукесері

«Рухани жаңғыру» бағдар­лама­сының бір бағыты – «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында «Қазіргі қазақ прозасының антологиясы» мен «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы» ағылшын тілінде жарық көрді. Қос антологияның тұсаукесері 25 қыркүйекте Британия кітапханасында өтті.

Әдебиет • 25 Қыркүйек, 2019

Қалам ұшындағы қасірет

Таяуда елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2019

Ядролық қарусыз әлемге жол

Кеше Токио қаласындағы БҰҰ университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз әлемге жол» көшпелі ғылыми-экспозициялық жобасы аясында Елбасы кітапханасы қорларының көрмесі ашылды.

Әдебиет • 19 Қыркүйек, 2019

Хэм ағай: шеберлік һәм шыңырау

1959 жыл. Мәскеу. Хемин­гуэйдің «қара екітомдығы» жарық көріп, дүн-дүниеде әдеби пейзажды өзгерткен «жер сілкінісі» болды. Ресей жұрты үшін Америка мен Хемингуэй егіз ұғымға айналып, кітапсүйер елдің бәрі жапа-тармағай Хэм ағайдың суретін қабырғаларына іліп жатты. Тоқылған жемпір киіп, сақал өсірді. Әдеби ортада еліктеу селі қатты жүрді. Жас романтиктер «ұлы Хэм ағайша» өмір сүруді қалады. Алайда әдебиеттанушы Ра­фат Әбдіғұловтың сөзімен айтсақ, «Хемингуэйге елікте­ген­дердің бәрі Хемингуэйше жаз­ғысы келді. Бірақ еш­қай­сысы Хемингуэй бола алмады». «Әдебиетке алғаш аяқ басқаннан көпшілікті таң- ғалдырған Эрнест Хемингуэй жазуда қандай ерекшелігімен назарға ілікті? Хемингуэй творчествосының қазақ әдебиетіне әсері болды ма?» Осы сұрақтар төңірегінде ой қозғап, әдебиеттің өз адамдарынан сөз сұрап көрдік.

Әдебиет • 06 Қыркүйек, 2019

Адамзаттың алып ақыны

Биыл адамзаттың алып ақыны, неміс халқының ұлы перзенті, Энгельсше айтсақ, «Кейде орасан зор ұлы ақын, кейде жұпыны, кейде дүниеге пысқырмайтын, бас имейтін тәкаппар данышпан, кейде сақ, баршаға разы» Иоганн Вольфганг фон Гётенің туғанына 270 жыл толды. «Мені патшалықтар мен тақтардың ойрандалуы емес, қарапайым шаруаның құжырасы өртенгені қынжылтады», деп күңіренетін неміс баласының туған күнін қазақ елі де елеусіз қалдырған жоқ.