Раушан ҚАБЖАНҚЫЗЫ
Раушан ҚАБЖАНҚЫЗЫ
58 материал табылды

Аймақтар • 11 Наурыз, 2020

Семейде су тасқынын болдырмау шаралары қарастырылды

Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Құсайын Игембаевтың қатысуымен көктемгі су тасқынына  дайындық барысы туралы кеңес өтті. Семей ақпараттық орталығының мәліметінше, кеңеске облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, аудан әкімдері, Төтенше  жағдай   департаменті, Қазгидромет және Ертіс бассейні инспекциясының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде жергілікті атқарушы органдар мен қызметтердің су тасқынына орай бірлескен іс қимылдарының дайындығы қаралды.

Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Семейде Қазақстанның қасиетті орындары туралы шара өтті

Орталық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қасиетті Қазақстан» арнайы жобасы аясында «Киелі Қазақстан» атты ақпараттық семинар өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы және осы бағытта қабылдаңған бағдарламаларды жүзеге асыруды көздейтін бұл шараға орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлерімен бірге мектеп және ауылдық кітапханалардың мамандары қатысты, деп хабарлады Семей ақпараттық орталығы.

Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өтті

Біз XXI-ші ғасырда, адам санасының шарықтап дамыған уақытында өмір сүру мүмкіндігін алып отырмыз. Бұл бізден осы заманның сұранысы мен талабына сай білімді, рухани байлықты қажет етеді. Баланың жеке тұлға ретінде үйлесімді қалыптасуы мен дамуы өзін-өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақшы.

Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Дарынды Дархан, үздік Ұлан

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушылары Ұлан Талғатов пен Дархан Оралхановтар «Ұлы даланың – Ұлы Абайы» атты республикалық балалар өнер байқауында 1-ші орынды жеңіп алды, деп хабарлады аталмыш мектептің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Семейде Құнанбайға арналған көрме ашылып, кітаптың тұсаукесері өтті

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Құнанбай Өскенбайұлына арналған «Көрегенді көсем, парасатты шешен, ел қамқоры - Құнанбай» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Музейдің жетекші ғылыми қызметкері Нұрсұлу Санақбекқызының айтуынша, көрме тарихи тұлға, би, аға сұлтан, заманының көрнекті қайраткері болған Құнанбай Өскенбайұлының жалпы тұлғасын сомдаған. Абай қорық-музейінде жинақталған тарихи, ғылыми, әдеби материалдар пайдаланылған. Құнанбай Өскебайұлының қоғамдық қызметі таныстырылып, Абай музейінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жиналған архив деректерін көрермен назарына ұсынды.

Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Семейде мемлекеттік қызметкерлер түрмені аралады

Қалалық әкімдік бөлімдерінің басшылары түрмеге барып, темір тордың ар жағында отырғандардың хал-жағдайымен танысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік өкілдері мемлекеттік қызметкерлерге жемқорлықтың салдарын көрнекі түрде көрсету мақсатында осы экскурсияны ұйымдастырып отыр екен. Олардың пікірінше, қылмыстың алдын алу үшін бас бостандығынан айыру орындарына барып, жағдайды өз көзімен көргені жөн.

Руханият • 25 Ақпан, 2020

Семейлік жастар өлкетанушы Клим Төлемісұлымен кездесті

Семей Жобалық Кеңсесінде өлкетанушы, шежіреші Клим Төлемісұлымен «Өнегелі тұлға» тақырыбында кездесу өтті. М.Қозыбаев атындағы ғылыми-зерттеу орталығымен бірлескен мазмұнды шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Аймақтар • 25 Ақпан, 2020

Семейде су басуды алдын алу шаралары басталды

Семейде «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық жаттығуы басталды.Семей ақпараттық  орталығы мәліметінше, шара аясында «Спартак» стадионында су басу қаупіне қажетті техникалардың байқауы өтті. 40 техникалық бірлік пен жүздеген жеке құрамның мүшелері сап түзеді. Жаттығуға тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығының техникалары, көлік қызметі, ұлттық ұланның, жергілікті полиция қызметінің, төтенше жағдайлар басқармасының, жедел жәрдем қызметінің, ВКРК және «Қазтелеком» бригадалары, тұрғындарды ыстық тамақ және қонақ үйлерге орналастыруды ұйымдастыратын​ ​ ​ ветеринарлық және кәсіпкерлік​ ​ бөлімдері қатысты.​ Қазірдің өзінде «Турист», «Семей» қонақ үйлерімен және «Қарағайлы» сауықтыру кешенімен меморандум жасалды. Сонымен бірге «Водный» кенті аумағында арнайы оқу- жаттығу өткізді.

Аймақтар • 24 Ақпан, 2020

Семейлік ғалымдар «Абай– би, Абай–заңгер» конференциясына қатысты

«Арқаның кербез сұлу Көкшетауы...» деп Сәкен Сейфуллин жырға қосқан кербез Көкшеде «АБАЙ–БИ, АБАЙ–ЗАҢГЕР» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің гуманитарлық ғылымдар магистрі Шырын Қауанова.

Аймақтар • 23 Ақпан, 2020

Семейде студенттер сөйлеу мәдениетін талқылады

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің  Семей жобалық кеңсесінде «Сөйлеу мәдениеті – ұстаздың этикалық мәдениетінің бір бөлшегі» тақырыбында  ашық пікір алаңы ұйымдастырылды.