Раушан ҚАБЖАНҚЫЗЫ
Раушан ҚАБЖАНҚЫЗЫ
58 материал табылды

Абай • 17 Ақпан, 2020

Семейде Абай бейнесі жаңаша ұсынылмақ

Ақпанның 21-22 күндері «Дариға-ай»» жастар театры Мұхтар Әуезовтың «Ғажайып трагедиясы» спектаклінің тұсаукесерін өткізбек. Спектакль ұлы ақынның өмір жолы мен шығармашылық жолын баяндайды.

Аймақтар • 17 Ақпан, 2020

Семейлік оқушылар жүлдегер атанды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметшісі Ермек Исабаев хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауын өткізіп келе жатыр.

Руханият • 07 Ақпан, 2020

Жазушы Дулат Исабековтың «Әпке» драмасы сахналанды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ермек Исабаевтың айтуынша, аталмыш оқу орны жатақханасының тәрбиеленушілері белгілі жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековтің «Әпке» драмалық қойылымын сахналауы тамаша жетістіктердің бірі болып табылады. Жатақханадағы «Лира» әдеби клубы мүшелерінің күшімен көрерменге жол тартқан пьеса шәкірттеріміздің театр саласындағы алғашқы қадамы, дейді Ермек Ережепұлы. Солай бола тұрса да, қойылымды тамашалауға келгендер қарасы аз болған жоқ. Мектеп басшылығы, ұстаздар, оқушылар тіптен ана-аналар да келіп, жас өнерпаздардың талпыныстарына шынайы көңілмен қол соқты.

Аймақтар • 30 Қаңтар, 2020

«Ақылтай» балабақшасының айналасы қалың қардан аршылды

«Біз біргеміз» атты қар тазалау челленджі Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалғасты. Осынау игілікті іс туралы аталмыш мектептің баспасөз қызметінің жетекшісі Ермек Исабаев айтып берді.

Қазақстан • 30 Қаңтар, 2020

Қазақстандық ғалым бейбітшілік грантына ие болды

«Бейбітшілік пен қауіпсіздікке арналған ғылым» деп аталатын НАТО бағдарламасының шеңберінде қазақстандық ғалым Лаура Кенжина арнайы грант жеңіп алды. Оның еңбегі «Радиациялық және ядролық төтенше жағдайлар кезінде сұрыптаудың жаңа биологиялық және физикалық әдістері» тақырыбын қамтыды.

Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020

Ауған соғысы ардагерлерінің ата-аналарына қолғабыс жасады

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері «BizBirgemiz» челленджін қолдады. Әскери бөлімдер қаза тапқан интернационалист жауынгерлердің және олардың отбасы мен ата-аналарының қар басып қалған үйлерін тазалады.

Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020

Қазақ хандығының 555 жылдығына арналды

Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде №20 мектептің 8-сынып оқушыларының қатысуымен Қазақ хандығының құрылғанына 555 жыл толуына орай «Қазақ хандығы – Ата жол тарихы» атты тарихи оқулар өткізілді.

Руханият • 27 Қаңтар, 2020

Т. Кәметай І республикалық Әбіш Кекілбаев оқуларында жеңімпаз атанды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Тұрар Кәметай І республикалық Әбіш Кекілбаев оқуларында жеңімпаз атанды. Бұл туралы  Семей қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады.

Абай • 22 Қаңтар, 2020

Семейлік ұстаздар Абай әнін орындады

Дана Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары ақынның қаламынан туған әнді шырқады, деп хабарлады аталмыш мектептің баспасөз қызметінен.

Руханият • 17 Қаңтар, 2020

Семейде студенттер «Алтын Орда» фильмін тамашалады

Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Көп салалы колледж студенттерінің қатысуымен Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына орай «Ұлыс ұлықтаған Алтын Орда» атты бейнекруиз өткізілді. Колледж студенттерімен кездесуге келген шара қонағы профессор, Шәкәрім университетіндегі тарих пәнінің оқытушысы Амантай Исин өз сөзінде Алтын Орданың ұлылығы және оның қазақ мемлекеттігінің қалыптасу тарихындағы маңызы туралы айтып берді.