Меруерт БҮРКІТБАЕВА
Меруерт БҮРКІТБАЕВА«Egemen Qazaqstan»
562 материал табылды

Әлем • 20 Шілде, 2021

Бейжіңде екпе алғандар саны 90 пайыздан асты

Қытайдың Синьхуа агенттігі сен­бі күнгі жағдай бойынша, ел ас­та­насы Бейжіңде 18,5 миллионнан ас­там адамның коронавирусқа қар­сы вакцинаның алғашқы компо­нентін сал­дырғанын, ал қаланың 17,5 миллион тұрғыны екі компонентін алғанын мәлімдеді. Осылайша Бейжің тұрғындарының 90,04 пайызы вакциналанған. Қазіргі уақытта Бейжіңде коронавирусқа қарсы 250 вакциналау пункті бар.

Әлем • 20 Шілде, 2021

Вирустың екі түрін бірден жұқтырғандар бар

Бір уақытта COVID-19-дың екі түрден бірден жұқтырып алуға болатыны белгілі болды. Бельгияда Ұлыбритания мен Оңтүстік Африкада анықталған коронавирустың альфа және бета түрлерін жұқтырған 90 жастағы әйел биыл наурыз айында қайтыс болған.

Сұхбат • 19 Шілде, 2021

Наурызбай қажы Тағанұлы: Амалдың формасы емес, ішкі мазмұны маңызды

Бүгін әлем мұсылмандары Құрбан айт мейрамының алғашқы күнін ерекше ықыласпен қарсы алуда. Исламдағы ең ұлық мерекенің пандемия мен еліміздегі қуаңшылық салдарынан туындаған күрделі жағдайда қалай өтетінін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫНАН сұрап білдік.

Қоғам • 18 Шілде, 2021

Төрткүндік жұмыс аптасы: Аңыз бен ақиқат

Исландияның төрткүндік жұмыс аптасына көшкені туралы хабар сүйіншілеп барлық жерден таралып жатқанына қарап, бүкіл әлем «жалқау» ма деп қаласың. Көбіміз сол жаңалықты күтіп, жанайқайымызды шығара алмай жүргендейміз. «Пәленше аптасына төрт-ақ күн жұмыс істейді екен, ал біз ше?» деп Еңбекминнің жағасынан алдық. Бүкіл әлемді шулатқан төрткүндік жұмыс аптасының артында не жатыр? 

Тәуелсіздік • 16 Шілде, 2021

Икрам АДЫРБЕКОВ: Басты мақсат – Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылды­ғына орай жас мемлекетіміз­дің қалып­тасуына елеулі үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бірі – Икрам АДЫРБЕКОВПЕН әңгімелесудің сәті түсті.

Қоғам • 16 Шілде, 2021

Құрбан айт биыл қалай өтеді?

Биыл еліміз барша мұсылман жұрты үшін аса маңызды мейрамдардың бірі – Құрбан айтты екінші рет карантин жағдайында атап өткелі отыр. Бұл жағдайда ескеруге тиіс басты талаптар мен ережелерді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар баяндап берді.

Спорт • 14 Шілде, 2021

Жапондардың Олимпиадаға дайындығы қалай?

Қалың көрермен жинайтын спорт іс-шаралары індеттің таралуына қалай ықпал ететіні көпшілікті алаңдатады. Кейбір мамандардың пандемия аяқталуға жақын деген болжамына қарамастан, індеттің біресе басылып, біресе өршіп жатқаны белгілі. Сол себепті бір жылға кейінге қалған Олимпиаданы Токио көрерменсіз өткізбек.

Әлем • 12 Шілде, 2021

Эфиопия халқы аштық алдында

Эфиопияның Тиграйдағы қақтығыстары ай­мақтағы аштыққа алып келді. БҰҰ өкілдері қа­зіргі уақытта 400 мыңнан астам адам зардап шек­кенін хабарлады.

Әлем • 12 Шілде, 2021

Жаһандық салық жолға қойылды

G20 елдері жаһандық белсенді компаниялар үшін ең төменгі салықты – 15 пайыз мөлшерінде енгізуге келісті.

Саясат • 12 Шілде, 2021

Әскери ынтымақтастық – әскери әлеует негізі

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауынгерлік дайындықтың жай-күйі, әскери-техникалық ынтымақтастық, әскери білім мен бітімгершілік қызмет туралы баяндады.