G20 елдері жаһандық белсенді компаниялар үшін ең төменгі салықты – 15 пайыз мөлшерінде енгізуге келісті.

«Үлкен жиырмалық» елдерінің қаржы министрлері тарихи салық реформасына Венециядағы кездесуде келісті. Бұл шешім Amazon, Facebook секілді ірі компаниялардың қызметіне тікелей әсер етпек. Келісім бір ай бұрын Корнуоллдағы G7 елдерінің басшылары қол қойған жоспарды одан әрі пысықтай түсті. Ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан экономикаға ие 19 ел мен Еуропалық Одақ атынан G20 қаржы министрлері Венециядағы екі күндік кездесуден кейін «жаһандық салық» ұсынысын қолдайтынын жариялады.
Ел үкіметтері көп елде бірдей жұмыс істейтін жаһандық компанияларға салық салу мәселесімен ұзақ уақыт күресіп келеді. Мұның маңызы Amazon және Facebook сияқты ірі технологиялық корпорациялардың көбеюіне орай арта түсті. Қазіргі уақытта бұл компаниялар корпоративтік салық төмен елдерде жергілікті филиалдарын ашып, сол жердің заңына сәйкес төмен салық төлеп келеді. Осылайша олар табыстары басқа елдерден түсіп жатса да, салықты өздері тіркелген елдің төмен мөлшерлемесімен өтейді. Бұл еш заңға қайшы келмейді.
Жаңа келісім ірі компанияларды енді салықты кірісін жариялайтын елде ғана емес, өз тауарларын немесе қызметтерін ұсынатын өзге елдерде де көбірек салық төлеуге ынталандыруды көздейді. Сондай-ақ баршаға бірдей төменгі салық мөлшерлемесі өзге елдердің салықты төмендетіп, бір-біріне бәсеке туғызбауына көмектеседі. Десе де, бұл келісімді елдердің барлығы бірдей қолдап отырған жоқ. Мәселен, Ирландия оған әлі қосылмаған.
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Белгілі этнограф, суретші Ералы Оспановтың кітаптарының тұсаукесері өтеді
Өнер • 20 Мамыр, 2022
Смайылов ТМД елдерін азық-түлік бағасымен күресте күш біріктіруге шақырды
Саясат • 20 Мамыр, 2022
Солтүстік Кореяда ковидке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты
Әлем • 20 Мамыр, 2022
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімі аяқталады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Әскери қызметтен өткен университет түлектері грантты өтеуден босатылады
Білім • 20 Мамыр, 2022
Былтыр 3 ірі мұнай операторы бюджетке 7,5 млрд доллар тікелей төлем жасады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Төрт жасар баланың өкпесінен 8 сантиметрлік эхинококк құрты алынды
Медицина • 20 Мамыр, 2022
Ұқсас жаңалықтар