Шаруашылық • 30 Қараша, 2023
Ел ішін аралап, егіншімен де, малшымен де кездесер сәтіміз көп. Сондайда байқалатыны – ауыл шаруашылығы саласында жастардың аздығы. Жерге дән сепкен диқан мен түлік түлеткендердің дені – зейнет жасына жақын қалғандар. Бұл саладағы агроном, ветеринар, зоотехник сынды мамандар арасында да егде тартқандарды көбірек көреміз.
Жастар • 30 Қараша, 2023
Жастар және мемлекеттік қызмет
Биыл Қызылордада алғаш рет «Парасат жолы» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып келеді. Жас мемлекеттік қызметшілерді мәдени-көпшілік, интеллектуалдық және спорттық іс-шараларға қатыстырып, нетворкинг алаңын құруға, қолдауға бағытталған жоба аясындағы іс-шараларға мыңнан аса мемлекеттік қызметші қатысты.
Қоғам • 28 Қараша, 2023
Халық тарихындағы билер институтын медиация мүмкіндіктері арқылы заманауи жаңғырту – уақыт талабы. Өйткені қазіргі таңда әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам қалыптастырудағы медиацияның рөлін арттыру маңызды сұрақтардың қатарына шығып отыр. Жалпы, сан алуан дау-жанжалдарды, тіпті орта дәрежелі қылмыстық істерді де сотқа жеткізбей, бейбіт жолмен шешу елімізде кең тараған үрдіс екені анық.
Аймақтар • 21 Қараша, 2023
Тұрғындар сауалына жауап берді
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қызылордалықтармен кездесіп, кіші Арал мәселесі, балық экспортын арттыру, жануарлар дүниесін қорғау, экологияны реттеу бағытындағы жұмыстар барысын баяндады. Кездесу барысында министр облыстағы экологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті.
Аймақтар • 21 Қараша, 2023
Қызылордалықтарды 44 млн теңгеге алдап кеткен күдіктілер ұсталды
ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті «Qnet» қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдіктіні қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 20 Қараша, 2023
Қызылордадағы облыстық онкология орталығына «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы алынған жылжымалы медициналық кешен табысталды. Мұндай медициналық кешен республика бойынша 3 өңірде ғана іске қосылыпты.
Құқық • 20 Қараша, 2023
Қызылорда қалалық прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізіп, бұрын орташа жөндеу жүргізілген көшелерге қайта қаражат бөлінгенін анықтады. Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округіндегі Батырбаев көшесіне осыдан 3 жыл бұрын 49 млн теңгеге орташа жөндеу жасалған екен.
Қоғам • 09 Қараша, 2023
«Браконьер» іс-шарасы барысында 76 құқықбұзушылық анықталды
Осы жылғы қазан айының жиырмасында басталған бір айлық «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында табиғат қорғау заңнамасын бұзғандар, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын ұйымдастырғандар анықталып, бірқатар экологиялық қылмыс ашылды.
Жәдігер • 08 Қараша, 2023
«Дүниеден өмірім бітіп, өтсем де өзім, аралап жердің жүзін жүрер сөзім..» дейтін әйгілі Сыр сүлейі Тұрмағамбеттің тақиясы мен тұтынған басқа да заттары ақын есімімен аталатын ауылдағы мектеп музейінде тұрғанын бұрыннан білетін едік. Жұртқа ортақ жәдігерге айналған мұраны мектепке осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын шайырдың ұлы Әбдірауық ақсақал табыстаған екен.
Есірткі • 07 Қараша, 2023
Жыл сайын ел көлемінде есірткі бизнесіне тосқауыл қойып, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіріп, баптаудың алдын алуға, оны таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесуге арналған іс-шара өткізіледі. Қызылорда полицейлері биыл да 1 маусым мен 31 қазан аралығында өткен «Қарасора-2023» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады.