Мереке • Кеше

Аралдықтар Амал мерекесін айрықша қарсы алды

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысындағы Арал қаласында мереке «Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу» атты қойылым – концерттен басталды. Халқымыздың көшпелі мәдениетін кеңінен дәріптеген керуен қаланың басты көшесімен жүріп өтіп, орталық алаңда жұртшылықпен көрісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аралдықтар Амал  мерекесін айрықша қарсы алды

Орталықта тігілген ақшаңқан үйлерде түрлі тақырыпқа сай іс-шаралар ұйымдастырылды. Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев бастаған зиялы қауым ел-жұртты мерекемен құттықтады.

Қаз-қатар тігілген үйлерде бір мезетте «Наурыз – құт-береке бастауы» атты кең көлемді кітап көрмесінің таныстырылымы, ет, сүт және нан өнімдерінің көрмесі, жыраулар шоғырының «Көш керуені», «Құт болып кел еліме – әз Наурызым!» атты театрландырылған қойылым концерт ұйымдастырылды. Осылармен қатар тоғызқұмалақ сайысы, «Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу», «Береке мен бірліктің бастауы» атты қойылым, халқымыздың ежелгі тұрмыс салтынан сыр шертетін мұражай таныстырылымы, «Көрісу – көңілдің кілті» атты қойылымдар өтті.

Наурызнама онкүндігіне орай сан-алуан тақырыпқа негізделген мәдени іс-шараларды аудандағы түрлі мекемелер мен дербес бөлімдер өткізеді.