Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1617 материал табылды

Мәдениет • 01 Қазан, 2023

Түркі қарашаңырағындағы Қорқыт сазы

Қызылордада түркітілдес елдер өнерпаздарының басын қосқан «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі өтті. Алтыншы мәрте өткізіліп, отырған мәдени іс-шараға Түркия, Тыва, Саха, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан елдерінен 200-ге жуық өнерпаз келді.

Еңбек • 21 Қыркүйек, 2023

Қамыстан табыс тапқан

Сырдария бойына, көл табандарына қаулап өсіп, өзіміз өртеп тастайтын қамыс өзге елде қадірлі деп кім ойлаған? Рас, кезінде бұл жарықтықты үй құрылысына пайдаланды, тіпті ыза теппеу үшін іргетастың астына тас­тағандарды да көр­ген­біз. Қазір жігіт ағасы жасынан асып бара жатқан замандас­тарымыз қолы тілімделіп, талай мәрте бау-бау қамыс орған шығар-ау.

Қоғам • 17 Қыркүйек, 2023

Жастарды жұмыл­дырды

Өңірлердегі сакралды нысандарда өтетін «Kieli tabigat» республикалық акциясы ая­сында Сыр жастары да бас қосты. Кие­лі орындар айналасын тазалау арқы­лы эко­логиялық мәдениетті арттыруды көз­деген акцияны қоғамдық даму, мәде­ниет және спорт басқармасы, жергілікті аудан­дық әкім­діктер, жастар ресурстық орталық­тарының бірлесе ұйымдастырды.

Мәдениет • 17 Қыркүйек, 2023

Симфониялық оркестрдің алғашқы концерті

Биыл Қызылорда облы­сының құрыл­ғанына 85 жыл толып отыр. Об­лыстық драма театр­да өткен Сырдағы тұң­ғыш симфониялық оркестр­дің алғашқы концерті осы мерейтойға арнал­ды. Облыстық фи­лар­мония жанынан құ­ры­лып отырған ор­кестрдің көркемдік же­текшісі және бас ди­рижері Қа­зақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Мүсілім Әмзе.

Жәдігер • 13 Қыркүйек, 2023

Бабалар мұрасын түгендеген жоба

Қорқыт ата мұрасының ЮНЕСКО тізіміне алынуы мәңгілік өмірді көксеп, дүние тылсымын қобыз сарынынан іздеген ұлы ойшылдың адамзат тарихындағы орнын тағы бір жаңғыртып, жаңа ізденістерге жол ашты. Осы бағытта Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің бастамасымен «Қорқыт мұрасы және Сыр өңіріндегі бақсылық өнер» атты тарихи-этнографиялық экспедиция ұйымдастырылды.

Жәдігер • 11 Қыркүйек, 2023

Музей қорындағы Абай жинағы

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында Абайдың төтеше басылған өлеңдер жинағы бар.

Қоғам • 10 Қыркүйек, 2023

Еңбекқор әкім

Жуырда ел ішін өнер сапарымен жиі аралайтын бір азаматтың әлеуметтік желідегі жазбасын көзіміз шалып қалды. Арал ауданына барған өнерпаз жігіт сондағы бір ауыл әкімінің елмен бірге көше тазалап жүргенін таңғала жазады. Бұл іске «жұртқа жақсы көрінейін» деген оймен емес, «жұртқа жақсы болсын» деген ниетпен кіріскен ауыл басшысы бұл қызметке жақында ғана көп қалауымен сайланыпты.

Жәдігер • 06 Қыркүйек, 2023

Бәбіш мола қалашығы

Сыр топырағында ерте дәуір деректерін бауырына басқан қасиетті орындар көп. Кейінгі жылдары есте жоқ ескі заманнан бастап кешегі кезең естелігін сақтаған осы көмбелерді археологиялық зерттеу жалғасып келеді. Солардың қатарында өткен ғасыр ортасындағы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы кезінде белгілі болған Бәбіш мола қалашығы тұр. Қармақшы ауданындағы Көмекбаев ауылынан оңтүстікке қарай 70 шақырымдай қашықтықта орын тепкен қалашық республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші саналады.

Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2023

Оқушы көбейді, ғимарат кеңейді

Білім күні Қызылорда қаласындағы екі үлкен мектептің жанынан салынған қосымша ғимараттар пайдалануға берілді.

Аймақтар • 22 Тамыз, 2023

Тұрғын үй комбинаты іске қосылды

Қызылордада үй құрылы­сы комбинаты ашылды. Осы­­ған орай ұйымдас­ты­рыл­ған салтанатты іс-ша­ра­да облыс әкімі Нұрлыбек Нәлі­баев жаңа өндіріс өңір дамуына леп қосатынын атап өтті.