Аймақтар • 30 Қараша, 2023
Сыр өңіріндегі тарихи қатпары қалың қалаларға өткен ғасырда жасалған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы материалдары қазір Ресей мұрағаттарында жатыр. Осыған байланысты Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары Ресей ғылым академиясының Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтының мұрағатында және мемлекеттік Шығыс халықтары музейінде болды.
Жастар • 30 Қараша, 2023
Жастар және мемлекеттік қызмет
Биыл Қызылордада алғаш рет «Парасат жолы» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып келеді. Жас мемлекеттік қызметшілерді мәдени-көпшілік, интеллектуалдық және спорттық іс-шараларға қатыстырып, нетворкинг алаңын құруға, қолдауға бағытталған жоба аясындағы іс-шараларға мыңнан аса мемлекеттік қызметші қатысты.
Қоғам • 28 Қараша, 2023
Халық тарихындағы билер институтын медиация мүмкіндіктері арқылы заманауи жаңғырту – уақыт талабы. Өйткені қазіргі таңда әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам қалыптастырудағы медиацияның рөлін арттыру маңызды сұрақтардың қатарына шығып отыр. Жалпы, сан алуан дау-жанжалдарды, тіпті орта дәрежелі қылмыстық істерді де сотқа жеткізбей, бейбіт жолмен шешу елімізде кең тараған үрдіс екені анық.
Құқық • 24 Қараша, 2023
Қылмыс пен құқық бұзушылықты азайту, олардың алдын алу – бүгінгі күні қоғам алдында тұрған міндеттердің бірі. Бұл ретте өңірде тәртіп сақшылары мен тұрғындардың бірлескен қимылы арқасында атқарылған жұмыс нәтижесі айқын көрініп отыр.
Аймақтар • 21 Қараша, 2023
Тұрғындар сауалына жауап берді
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қызылордалықтармен кездесіп, кіші Арал мәселесі, балық экспортын арттыру, жануарлар дүниесін қорғау, экологияны реттеу бағытындағы жұмыстар барысын баяндады. Кездесу барысында министр облыстағы экологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті.
Аймақтар • 21 Қараша, 2023
Қызылордалықтарды 44 млн теңгеге алдап кеткен күдіктілер ұсталды
ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті «Qnet» қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдіктіні қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қараша, 2023
Делдал тыйылса, баға да айылын жияды
Үкімет әлеуметтік маңызы бар деп белгілеген 19 түрлі азық-түлік тауары арасында Сырда өндірілетіні – күріш пен тұз ғана. Өңірдегі базарлар мен сауда орындары қалған тауар түрлерін сырттан алдырып отыр. Мысалы, облыс орталығындағы «SMALL» супермаркеті сөресінде белгіленген азық-түліктің тек бесеуі ғана бар. Сауда желісіндегілер осы 19 түрдің бәрін де қоюға ынталы.
Денсаулық • 20 Қараша, 2023
Қызылордадағы облыстық онкология орталығына «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы алынған жылжымалы медициналық кешен табысталды. Мұндай медициналық кешен республика бойынша 3 өңірде ғана іске қосылыпты.
Құқық • 20 Қараша, 2023
Қызылорда қалалық прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізіп, бұрын орташа жөндеу жүргізілген көшелерге қайта қаражат бөлінгенін анықтады. Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округіндегі Батырбаев көшесіне осыдан 3 жыл бұрын 49 млн теңгеге орташа жөндеу жасалған екен.
Руханият • 20 Қараша, 2023
Қызылордада «Мұстафа Шоқайдың мемлекетшілдік мұраты: тарихи тағылым мен сабақтастық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде ұйымдастырылған конференцияға қайраткердің өмір жолы мен қызметін зерттеуші ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.