Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1931 материал табылды

Айтыс • 15 Наурыз, 2025

Қайым айтыстың хас шебері

Биыл 24-ақ жыл өмір сүріп, соңына қисапсыз қазына қалдырған Ұлбике Жанкелдіқызының туғанына 200 жыл. Сырдың Тереңөзегінде туып, Жамбыл облысындағы Талас өзенінің бойы­нан топырақ бұйырғанмен, таңдайында өлеңнің ұясы бар тағдырлы таланттың мұрасы мұқым қазаққа ортақ.

Мереке • 14 Наурыз, 2025

Аралдықтар Амал мерекесін айрықша қарсы алды

Қызылорда облысындағы Арал қаласында мереке «Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу» атты қойылым – концерттен басталды. Халқымыздың көшпелі мәдениетін кеңінен дәріптеген керуен қаланың басты көшесімен жүріп өтіп, орталық алаңда жұртшылықпен көрісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 13 Наурыз, 2025

Қызылордада екі айда 38 есірткі қылмысы тіркелді

Қызылордалық полицейлер биылғы жылдың 2 айында 38 есірткі қылмысын тіркеді. Оның ішінде есірткі өсіру, өткізу, аса ірі көлемде сақтау, жарнамалау фактілері бар. Заңсыз айналымнан 86 кило 691 грамм есірткі алынған.

Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025

Ер мінезді көшбасшы

Шиелі ауданы орталығы мен ауылдарында тұратындардың көпшілігі көлігінің аккумуляторынан ақау байқалып, дөңгелегі сыр берсе бірден Нұржамал Омарованы іздейді. Бұл іс тек ер адамға тән жұмыс еместігін дәлелдеп жүрген кейіпкеріміз күніне он шақты көліктің дөңгелегін жөндеп береді.

Қоғам • 06 Наурыз, 2025

Жарнамасыз жасалған жақсылық – сауап

Сан ұлтқа сая болған Сыр жеріндегі берекенің бастауы бірлікте жатыр. Бір шаңырақ астында бейбіт тіршілік кешкен көптеген этносқа бүгінгі бейнесі – ынтымақты елдің ырысы артатынының дәлеліндей. Осындай қоғам бірлігіне жұртшылық арасындағы көп жақсылықтың басында жүрген Манзура Абдугафарова секілді жандардың қосқан үлесі аз емес.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 06 Наурыз, 2025

Маңдай тердің мәртебесі

«Әлемнің әміршісі – еңбек» деген қанатты қағида бар. Бала кезінде өзі өскен Майдакөлдің тіршілігі қыз-қыз қайнап жататын. Жыл он екі ай жұмысы таусылмайтын ауылда бос жүрген жанды кездестіре қою қиын еді. Шаруаға мығым әкесі жұмысқа кетіп бара жатып бұларға шамасы келетін тірлікті бөліп береді. Ондайда төртінші сыныпқа енді ілінген әпкесі екеуіне тиетіні – малға шөп дайындау. Кейде бала кезі еске түскенде Балғазы Томайдың көз алдына осындай үзік-үзік суреттер келеді.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2025

Қызылордада жұмысшы қыз-келіншектер фестивалі өтті

Тұңғыш рет өткізілген шара аймақтағы жұмысшы қыз-келіншектердің кәсібилігін танытуды көздеп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 03 Наурыз, 2025

Қызылордада есірткіге қарсы логотиптер байқауы өтті

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы алғаш рет студенттер мен оқушылар арасында есірткіге қарсы логотиптер байқауын ұйымдастырды. Байқауға креативті және ерекше 48 жұмыс ұсынылды.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 01 Наурыз, 2025

Атаулы жыл аясындағы жәрмеңке

Қызылорда қалалық әкімдігі мен Мансап орталығы бірлесе ұйымдастырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жыл басынан бері үшінші мәрте өткізіліп отыр. Бұл жолы жиырмаға жуық жұмыс беруші 200-ден астам жұмыс орындарын ұсынды.

Тарих • 28 Ақпан, 2025

Ақмешіт астана болғанда...

Биыл Қызылорда қаласының ел астанасы атанғанына ғасыр толып отыр. 1925 жылы 15 сәуірде Ақмешіт қаласында Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің V съезі басталып, оның барысында ұлтымыздың тарихи атауы қайтарылып, Ақмешітті Қызылорда қаласы деп атауға қаулы қабылданды. Уездік қалалық атқару комитеті осы жылдың 30 мамырындағы барлық мемлекеттік мекемелер, кооперативтік және басқа да ұйымдарға мөр, мөртабан, мекеме мандайшаларындағы атауын ай көлемінде «Қызылорда» деп өзгертуді міндеттеген қаулысы дария жағалауындағы қаланы ел байтағына айналдыру шараларын жеделдете түсті.