Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1617 материал табылды

Музей • 02 Ақпан, 2023

Музей қоры толыға түседі

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі «Сыр бойындағы діни ағартушылар мұрасын кешенді зерттеу» жобасын қолға алды. Ағартушылық бағыт ұстанған қайраткерлердің елді білімге баулып, ағайын татулығын, ұлттық салт-дәстүрді сақтаудағы еңбегін танытып, мұрасын қастерлеуге арналған жоба заманында аса білімдар тұлға ретінде танылған Тапал ахун (Нұрмұхаммед) Қадірұлынан қалған жәдігерді зерттеуден басталды.

Экология • 01 Ақпан, 2023

Ел сенімін жалғаған жоба

Жағалауындағы елді тарықтырмаған Аралдың аңқасы кеуіп, байырғы жұрттан береке қаша бастағанда бой көтерген Көкарал бөгеті – теңізді өңірдің тіршілігін қайта өрістеткен құрылыс. 2006 жылы САРАТС жобасы аясында пайдалануға берілген ұзындығы 13 шақырымдық тоспа кіші теңіздегі су деңгейінің көтеріліп, тұздылығы төмендеуіне сеп болды. Көкарал салын­ғалы бері айдында азая бастаған балық түрлері көбейіп, ел ежелгі кәсібіне қайта оралды. Балық аулау көлемі еселеп артып, кіші теңіз жағасындағы жұрт еңсе тіктеді.

Оқиға • 31 Қаңтар, 2023

Ескертуді елемеудің салдары

Жаңа жылдың алғашқы күні Арал ауданы Қарашалаң ауы­лы­ның екі тұрғыны балыққа кетіп, байланысқа шықпай қал­ған. Түнделетіп мотоцикл­мен кеткен екеудің хабарсыз қал­ғанына алаңдаған жергілікті тұр­ғындар өз беттерінше іздес­тіріп, адасып кеткен ауылдас­тарын елді мекеннен 18 шақырым жырақтан тауыпты. Мұз ойылып, көліктері суға кеткен екеу жағалауды таба алмай, бағдарынан жаңылып ұзақ жүрсе керек. Жұртты бір дүрліктіргенмен арты жақсы аяқталған осы оқиғадан кейін тағы бір оқыс жағдай болып, мұз үстіне көлікпен шыққан бір адам суға кетті.

Аймақтар • 26 Қаңтар, 2023

Негізсіз төлем сұрап, жазаға тартылды

Қызылорда облысының Арал ауданында мектеп басшылары асханадағы ас мәзірін kundelik.kz, mektepmenu.kz сайттарына орналастыру үшін ай сайын кәсіпкерден ақша талап етіп келіпті. Өткен жылдың соңында кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте қаралған бұл мәселе жақында оң шешімін тапты.

Қоғам • 25 Қаңтар, 2023

Көлеңкелі экономика көсегені көгертпейді

Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің ашықтығы болып отыр.

Тағайындау • 22 Қаңтар, 2023

Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды

Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтті. Жиында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы таныстырылды.

Тағайындау • 22 Қаңтар, 2023

Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасына жаңа басшы келді

Қызылордада кадрлық өзгерістерге байланысты өткен актив отырысында мәдениет және спорт басқармасының жаңа басшысы таныстырылды. 

Аймақтар • 19 Қаңтар, 2023

Жалған түбіртек 7,5 млн теңге шығынға батырды

14 қаңтар күні  Қызылорда қалалық полиция басқармасына  ірі сауда үйінің иесі арызданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2023

«Бай ауыл» бастамасына жұмылсақ...

Сыр өңіріндегі «Егінші» ЖШС атқарушы директоры Ерұлан Өмірсеріков «Бай ауыл» атты жобаны қолға алғалы біраз болған. Бұл бастама арқылы кәсіпкер еліміздің басқа өңірлеріне қарағанда өзіне тән тіршілігін біршама сақтап қалған аймақтағы ауылдарды жаңаша дамытуды көздейді.

Аймақтар • 15 Қаңтар, 2023

Дария деңгейі: Дүрлігуге негіз жоқ

Жуырда ғана әлеуметтік желіде Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Қарғалы ауылын орталықпен жалғап тұрған понтон көпірді жинап жатқан сәт жарияланды. Дария арнасында мұз ұстасатын қыс пен өзен суы молаятын көктемде мұндай көпірлердің арнадан алынып тасталатынынан бейхабар жұрт понтонды суға кеттіге жорып, бір шулап барып басылды. Құрыққа сырық жалғағандар суалған самауырды су алған Самарқанға айналдырғандай болды. Анығы – көпір аман. Қарғалыдан бөлек осы аудандағы Жуантөбе, Ботабай, Қызылқайың ауылдары мен көршілес Жаңақорғанның біраз тұрғынының қажетіне жарап отырған көпір көктемде қайта қойылады.