Оның аясында Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Қармақшы аудандық полиция бөлімі, ҚР ІІМ Ұлттық ұланның «Бүркіт» АЖ бірлесіп жүргізген шара нәтижесінде қармақшылық тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі мен құжатсыз қару тапты.
Тұрғынның қорасынан табылған 1 қапқа және 3 полиэтилен пакетке салынған өзіне тән иісі бар жасыл түсті шөп сараптама қорытындысында 10 келіден астам кептірілген марихуана екендігі анықталды. Құжаты жоқ 16-калибрлі аңшы мылтығы мен 47 дана патрон да иісшіл ит көмегімен табылды.
Қазір күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.