Рауан ҚАБИДОЛДИН
Рауан ҚАБИДОЛДИН«Egemen Qazaqstan»
321 материал табылды

Қоғам • 26 Сәуір, 2021

Адами капиталды дамытудың үздік үлгісі

Білектің күшіне, найзаның ұшына арқа сүйеген батырлар заманы өтіп, білім мен ғылымның салтанат құрған дәуіріне ат байлап тұрмыз. Алаш ардақтысы Абылай ханның «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» деген аталы сөзі – соның дәлелі. Тәу етер тәуелсіздік жылдарында нақ осы білім саласына баса назар аударылып, талай игі іс тындырылғаны анық. Мәселен, Елбасы Жарлығымен бастау алған халықаралық «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің саны бүгінде 11 мыңнан асып отыр.

Қоғам • 15 Сәуір, 2021

Есірткі: Интернеттегі сауда ерік бермей барады

Құқық қорғау органдары әлемдегі «көлеңкелі бизнестің» көш басында адам, қару-жарақ және есірткі саудасы тұрғанын айтады. Аталған қылмыстардың алғашқы екеуі Қазақстанда қарқын алып тұрмағанымен, есірткі саудасына қатысты жағымсыз жайттар әлі де тыйылар емес.

Саясат • 13 Сәуір, 2021

Жігер жаныған жүздесу

Осыдан тұп-тура 60 жыл бұрын Байқоңыр ғарыш айлағынан «Восток-1» кемесі әуеге көтеріліп, адамзат баласы алғаш рет ғарыш кеңістігіне көтерілген болатын. Содан бері 12 сәуірді Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні ретінде атап өтіп келеміз. Биыл да солай. Елордадағы Ұлттық әскери-патриоттық орталығында қазақстандық тұңғыш ғарышкердің аспан әлемін бағындырғанына 30 жыл толуына орай «Ғарышқа жол» тақырыбында келелі кездесу ұйымдастырылды.

Қоғам • 09 Сәуір, 2021

Қарғын судан қауіп бар

«Сәуір болмай, тәуір болмайды» екен. Қазақстанның солтүстік, шығыс, батыс, орталық өңірлерінде енді-енді қасат қардың көбесі сөгіліп, Жер-Ананың бауыры жіби бастады. Алайда алты ай жауған қардан аяқ асты құтыла салмайтынымыз анық. Өзендер ернеуінен асып, қызыл су қырға жайылып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, ел аумағында 43 мыңнан астам адам тұрып жатқан 171 елді мекенді су басу қаупі бар.

Қоғам • 29 Наурыз, 2021

Бақылаусыз жүрген бала көп (Сол үшін былтыр 57 мың ата-ана жауапқа тартылды)

Сәт сайын түрленіп жатқан әлемде арманымызды сабақтап, алдағы күнге үмітімізді жалғайтын бала­лар­дың қауіпсіздігі мен амандығы қай ата-ананы болсын алаңдатады. Қолда барымызды сәбилеріміздің аузына тосып, оларды көзіміздің қарашығындай қор­ға­ғымыз келеді. Әр отбасының, ол аз десеңіз бүтін бір Отанымыздың мүддесі – осы. Өкінішке қарай, бәрі біз қалағандай бола бермейді. Кейде балалардың да құқы­ғы бұзылып, ар-намысы аяқ астында тапталып жа­та­ды...

Саясат • 26 Наурыз, 2021

Қатаң жазадан қаймыққан ұры шамалы...

Елімізде сан жылдап табан етін тоздырып, маңдай терін төккен малшыны әп-сәтте сан соқтырып кетіп жүрген ұры-қарының айла-шарғысы тыйылар емес. Өткен жылдың өзінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1433 адам қамауға алынып, тиісті жаза қолданылды. Бүгінгі «барымташыларға» қолды болған 14 мың бас түліктің 6 мыңы ғана иелеріне қайтарылса, қалғаны қара ниеттілердің қанжығасында кеткен көрінеді.

Қоғам • 26 Наурыз, 2021

Барысымыз барда – намысымыз бар

Әлеуметтік желіде теңіз деңгейінен 2900 метр биіктікте түсірілген теңдессіз кадр тарап жатыр. Бейнетаспада Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында фототұзаққа түсіп қалған мемлекетіміздің символы – қар барысы анық аңғарылады. Жағымды жаңалықты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Telegram-дағы ресми парақшасында бөлісті.

Қазақстан • 11 Наурыз, 2021

«ТВ+»: көкжиекті кеңейтетін платформа

Нұр-Сұлтан қаласында еліміздегі ең ірі байланыс операторы саналатын «Қазақтелеком» телекоммуникациялық компаниясы IPTV технологиясы бо­йынша қызмет көрсететін жаңа заманның телевизиялық хабар тарату қызметін – «ТВ+» жобасын таныстырды. Бұл жоба үйіміздегі эфирді басқаруға және бір мезгілде бірнеше гаджеттен әртүрлі бағдарламаларды көруге мүмкіндік береді.

Қазақстан • 28 Ақпан, 2021

«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн

Бірліктің бірегей институты саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурыз күні енді ел жадынан ешуақытта өшпейді

Қазақстан • 26 Ақпан, 2021

Алға басқан азаматтық қоғам

Еліміздегі азаматтық қоғамның даму жолы мен өркендеу кезеңі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ үкіметтік емес ұйымдар Тұңғыш Президентіміздің сенімді серігіне айналды. Тіпті үкіметтік емес секторды дамытудың қазақстандық үлгісі қалыптасты деуге болады. Соның нәтижесінде өткен 30 жылда ел дамуына елеулі үлес қоса алатын, азаматтық қоғамның ауыр жүгін арқалай алатын жаңа буын өсіп-жетілді.