Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Аймақтар • 12 Қараша, 2020

Бекет саны көбейеді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аймақта коронавирус індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді.

Аймақтар • 12 Қараша, 2020

Қостанайға 3 мың компьютер әкелінді

Қостанайға қашықтан оқып жатқан оқушыларға арналған 3 мың компьютер жеткізілді. Оқу құрылғылары дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты ғимаратына түсіріліп, БАҚ өкілдерінің көзінше тексеріліп, түгенделіп, қабылданып алынды.

Руханият • 12 Қараша, 2020

«Тәуекелдің» тартуы

Соңғы жылдары санамызға волонтер деген ұғым мықтап орнықты. XVIII-XIX ғасырларда батыста өз еркімен әскер сапына келген сайыпқыран жастар осылай аталған екен. Уақыт өте бұл сөздің мағынасы кеңейіп, өз жүрек қалауымен ақысыз-пұлсыз қоғам игілігіне қызмет етуші ерікті жастар деген ұғымды білдіретін болды. Біздің қоғамда волонтер ұғымының пайда болғанына көп бола қойған жоқ. Бірақ осы волонтерлік – қазақ баласының қанында ежелден бар қасиет.

Аймақтар • 11 Қараша, 2020

«Жас толқын» мәреге жетті

Қостанайда жас суретшілер мен қолөнер шеберлеріне арналған ІІ республикалық «Жас толқын» байқауы мәресіне жетті. Екі айға созылған шығармашылық байқауға 80-ге жуық жас автор қатысып, төл туындыларын сақа шеберлерден құралған қазылар алқасының таразысына салып көрді.

Аймақтар • 10 Қараша, 2020

Көгілдір отын жеткен ауылдар көбейіп жатыр

Қостанай облысында биыл Әулиекөл, Алтынсарин, Федоров аудандарына қарасты бірқатар елді мекенге газ құбыры тартылып, тұрғындар алты ай қыс көмір тасып, пеш жағып, күл шығару сияқты күйбің тұрмыстың күнделікті бейнетінен арылды. Көгілдір отын жыл соңына дейін тағы бірнеше ауылға жетеді.

Оқиға • 10 Қараша, 2020

Санитарлық талапқа салғырт қарауға болмайды

Қостанай облысында 12 санитарлық бекет жұмыс істей бастады. Оның төртеуі Ресеймен шектесіп жатқан Қарабалық, Ұзынкөл, Бейімбет Майлин аудандарындағы шекара бекеттеріне, үшеуі облыс орталығына кіретін жолдарға, төртеуі Қостанай ауданына, ал біреуі Жітіқара қаласының кіреберісіне қойылды.

Аймақтар • 10 Қараша, 2020

Бауырын беріп, бауыр етті

Лисаков қаласында тұратын Алексей Сычуговтың есімі бүгінде бүтін Қостанай өңіріне белгілі. Туабітті дерт дендеп ажал аузында жатқан үш жасар бейтаныс балаға бауыр етін бөліп беріп, өлімнен арашалап қалған жас жігіттің ерлігіне былтыр бүкіл ел сүйсініп, еріксіз таңғалысқан.

Аймақтар • 10 Қараша, 2020

Дәрі-дәрмектің тұтынушыға жетуі маңызды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев өңірге жұмыс сапарымен келген болатын.

Руханият • 10 Қараша, 2020

Кең даланың киесі киіктер көбейіп келеді

Қостанай облысында мемлекеттің айрықша қамқорлығына алынған екі аймақ бар. Оның бірі – әйгілі Наурызым қорығы, екіншісі – Амангелді, Жангелдин аудандарының аумағында орналасқан «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты. 490 мың гектарға жуық аумақты алып жатқан резерваттың заңды мәртебесі мемлекеттік қорықтармен теңеседі. Бас кеңсесі – Амангелді кентінің орталығында.

Оқиға • 10 Қараша, 2020

Аудан орталығы ажарлана түсті

Қостанай облысындағы сары бидайымен аты шыққан Сарыкөл ауданының орталығындағы абаттандыру жұмыстары биыл жаз бойы толастаған жоқ. Мәселен, орталық алаңдағы Тәуелсіздік монументі мен Даңқ қабырғасын күрделі жөндеу жұмыстары таяуда ғана аяқталып, жаңа кейіпке енген келісті ескерткіштер ауылдың ажарын аша түсті.