Аймақтар • 05 Сәуір, 2024
Торғай өңіріндегі 6 ауылда ұялы байланыс қызметі іске қосылды
Қостанай облысының су тасқынынан зардап шеккен аудандарында ұялы байланыс қызметі мен интернет байланысы қайта қалпына келтіріле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2024
Қарамырза ауылынан 108 адам эвакуацияланды
Кеше Қарасу өзені көтеріле бастаған соң, қауіптің алдын алу үшін Қарамырза ауылының 108 тұрғыны алдын ала эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2024
Тұрғындарға өтемақы төлене бастады
Өңірде су тасқынына қарсы іс-шаралар әлі де толассыз жүріп жатыр. Анталаған судың алдын бөгеу, эвакуациялау шараларының ішінде жергілікті әкімдіктер, мыңнан аса құтқарушы, полицей, әскерилер, «Қазавиақұтқару» қызметі, волонтерлер мен су басу қаупі төнген елді мекендердің ер-азаматтары жүр.
Жәдігер • 04 Сәуір, 2024
Санкт-Петербургтегі антропология және этнография музейінде тұрған көне сәукелені ХІХ ғасырдың екінші жартысында бұрынғы Торғай облысы Қостанай үйезінен шыққан әйгілі Иманбаевтар әулетінің өкілі Хасан Иманбаев апарып тапсырған.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2024
Елімізде тағы бір су қоймасы тасуы мүмкін
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша облыстық штабтың отырысын өткізді. Басты міндет - халықты және аумақтарды су тасқынынан қорғау, барлық қызметтердің іс-әрекеттерін үйлестіру.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2024
Қостанай облысында 21 автокөлік жолын су шайып кеткен
Қостанай облысында су басқан елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялауға полиция қызметкерлері де белсене атсалысып жатыр. Полицияның құтқару жасақтарының іс-қимылы облыстық ПД бастығы Ерлан Файзуллиннің тікелей басшылығымен іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 03 Сәуір, 2024
Саумалдан табиғи косметика шығарады
Өткен жылдың желтоқсан айында Меңдіқара ауданында құрғақ саумал шығаратын заманауи ферма іске қосылған. Онда жылқы сүті неміс технологиясы арқылы тереңдете өңделеді. «S-Agro-Borovskoe» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрғақ саумалды мамыр айында саудаға шығаруды жоспарлап отыр.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2024
Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысында болды
2 сәуірде Премьер-министрдің орынбасары – Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Атап айтқанда, төтенше жағдай жарияланған Амангелді, Жангелді аудандары мен Арқалық қаласындағы жағдаймен танысты.
Оқиға • 02 Сәуір, 2024
Целинныйда жоғалған малшы іздестіріліп жатыр
Арқалық қаласына қарасты Целинный ауылында 29 наурыз күні Терісаққан өзенінен өтпек болған 53 жастағы бақташы әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2024
Жангелдин ауданы су тасқынымен арпалысып жатыр
Тасқыннан қауіп төніп тұрған жолдың қос қапталына құмқапшық қаланып, мотосорғымен су айдау жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.