Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Жәдігер • 03 Мамыр, 2023

Көне қобыздың құпиясы

Осыдан екі жарым ғасыр бұрын жасалған көне жәдігер Науырзым ауданындағы Мереке ауылында тұр. Замана запыранын зар ғып төккен қара қобызды көздің қарашығындай сақтап, бүгінге дейін жеткізген осы ауылдағы Долдашевтар әулеті.

Экология • 02 Мамыр, 2023

Балыққа төнген зауал

Биыл сәуір салқындау болғандықтан ба, та­йыз су қойма­ларындағы балықтар қырылып жатыр. Табиғаттың тылсым зауалы 4 сәуірде Қостанай ауданындағы Озерный ауылы­ның шетіндегі көлде, 5 сәуірде Заречный­дың маңындағы су қоймасында байқалған. Балық инспекциясының мамандары дереу Заречныйдағы судан сынама алып, жарты тоннадан астам өлі балық теріп алды.

Табиғат • 30 Сәуір, 2023

Қырда құлпырған қызғалдақ

Науырзым қорығында қызғал­дақ­тың «Қызыл кітапқа» енген 4 түрі өседі. Бұл өңірдегі қос­гүлді, жатаған, шренк, биберштейн қызғал­дақтары сәуір-мамыр айларында Қарамеңді, Әулиекөл, Қайғы, Шолақсай, Аманкелдіге дейінгі сайын даланы сан түрлі бояуға малып, құбылта құлпыртып, жұпар аңқытып жібереді.

Фотогалерея • 27 Сәуір, 2023

Құстар, құстар...

Қостанайда жергілікті орнитолог-ғалым Алексей Тимошенконың 20 жыл бойы түсірген фотосуреттерінің көрмесі ашылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозиция залына орналасқан көрменің ашылу рәсіміне жергілікті биолог-ғалымдар мен Науырзым қорығының ғылыми қызметкерлері қатысты. Көрмені тамашалауға келгендерге орнитологтің ұлы Никита Тимошенко тамаша күй орындап берді. Никита үш жылдан бері домбыра үйірмесіне барып жүр.

Қоғам • 27 Сәуір, 2023

Ер Кейкі – ел есінде

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Алмасбек Әбсадықтың Кейкі батыр туралы жаңа жинағының тұсауы кесілді.

Қылмыс • 26 Сәуір, 2023

Бидай контрабандасы өршіп тұр

Ауыл шаруашылығы министрлігі сәуірден алты ай мерзімге дейін ел аумағына сырттың бидайын автокөлікпен әкелуге тыйым салғаны белгілі. Алайда соған қарамастан шекараның арғы бетінен астыртын бидай алып өтпек болған жүк көліктерінің легі толастамай тұр.

Экология • 21 Сәуір, 2023

Биологиялық тазарту стансасы жоқ қала

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлей­менова Қостанай облысына жұмыс сапарымен келіп, өңір тұр­ғындарымен және қоғамдық ұйымдардың жетекшілерімен кездесті. Жиын барысында министр облыстағы бірқатар аудандар мен қалалардың экологиялық мәселелеріне қатысты сауалдарға жауап берді.

Өнер • 20 Сәуір, 2023

Жас таланттар жарысы

Қостанайда «Алтын микрофон» халықаралық байқауы басталды. Осымен жиырмасыншы рет өтіп жатқан өнер додасына еліміздің әр өңірінен келген жас таланттармен қа­тар, Украина, Өзбекстан, Бол­гария, Қырғызстан, Бела­русь мемлекеттерінің өкілдері қатысып жатыр.

Аймақтар • 19 Сәуір, 2023

Қостанай облысы: Жеңілдетілген жанармай жеткілікті

Қостанайдағы жанармай бекетте­рінде 98-маркалы бензин – 275, 95-тің литрі – 228 теңге. Қа­рапайым халық көп тұ­ты­натын 92-нің бағасы 187 теңгеден са­ты­лып жатыр. Жазғы дизелді отынның литрі 260 теңге болып тұр, ал қысқы ди­зел­­ді отынның бір литрін 637 теңгеден аласыз.

Қылмыс • 18 Сәуір, 2023

Орталықтағы алаяқтар

Алғашқы автокөлік құжаттарын реттейтін мамандандырылған қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) ашыла бастағанда, біраз жұрт «Енді парақордың да, пара берушінің де жолы кесілді. Көлікті «көкесіз» ресімдеп, тесті өзі баға қоятын компьютерге тапсырамыз, жүргізуші куәлігін таза білімнің күшімен алатын болдық» деп бір серпіліп қалған еді. Өкінішке қарай, бұлай болмай шықты.